Каспий газы Қытайға тасымалдануы мүмкін
Еуропа өзіне тықыр таянғанын сезе бастады. Каспий қайраңындағы мұнай мен газдан дәмелі кәрі құрлық энерго саясатына өзгерістер енгізбесе, Қытай мен Үндістан негізгі тұтынушыларға айналмақ. Осы аптадағы Еуропалық басылым, Каспий теңізінің маңындағы елдер қазба байлықтарын Батысқа емес, Шығысқа экспорттауды ойластырып жатыр деп дабыл қағуда.
«Қазақстан мен Әзірбайжан – Азия энергия нарығының шамшырағы» атты мақалада “Neurope” басылымының тілшісі Баку енді Қазақстан арқылы Қытайға газ тасымалдайтыны жазылған.
«Қазақстандағы мұнай мен газ тақырыбындағы қызу талқыланып жатқан тақырыптың бастысы Әзірбайжан өз бағытын 180 градусқа өзгертіп, Батысқа емес, Қытайға бет бұрып жатыр. Осынау күтпеген ұсыныс Қазақстаннан бастау алды»
деп жазады шетелдік басылым. «ҚазМұнайГаз компаниясының басшысы Қайыргелді Қабылдин Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясына газды Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтуді ұсынды». Қазіргі кезде Каспийдің ұстанымы Батысқа бағытталған. Алайда, «Шығыстан Батысқа жөнелтілетін қазба байлықтарын Батыстан Шығысқа неге жөнелтпеске?» дейді аталған жобаны қолға алып жатқан тараптар.
Екі елдің мемлекеттік компанияларының басшылары елдердің бұл жобадағы мәртебелері туралы 4 Энергетикалық Еуразия Форумда талқылады. Қазақстан қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай жүйесі мен Атасу-Алашаңқай газ құбырын әзірлеуде. Алғашқы газдың ағымы желтоқсанның соңына дейін жөнелтіледі деп күтілуде. Бұл кезеңде түрікмен газы Өзбекстан мен Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтіледі.
Бұдан бөлек Қазақстан елдің батысынан оңтүстігіне қарай газ тасылмалдайтын Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын тартуды жоспарлауда. Себебі осы уақытқа дейін оңтүстік өңіріміз Өзбекстан газын тұтынып келеді. Аталған құбырдың жұмысы 2011 жылы аяқталмақ. Азияның құбырын Бейнеу-Бозой-Шымкентке жалғау арқылы газды Қытайға жеткізудің де мүмкіндігі пайда болмақ. Бұл екі газ жобасын ҚазМұнайГаз бен CNPC (Қытай ұлттық мұнай компаниясы) жүзеге асырып жатқанын атап өту керек. Еуропалық басылым бұл жобаны Қытайлық әріптестер қаржыландырып жатыр дейді. Газ өндіруші елдердің оны жеткізуін әртараптандыру мүддесі бар.
Еуропалық басылымның тілшісі Бакудың газын Ақтауға қалайша жөнелтуге болатынын былай түсіндіреді. «Нарық пен жақсы баға тұрған кезде мүмкін емес еш нәрсе жоқ. Әзірбайжан Каспий теңізіндегі мердігерлеріміздің газ құбырынан бар болғаны 5,000 шақырмда ғана жатыр» Сарапшылар Әзірбайжанның шешімі екі тарапқа байланысты дейді. Баку газды шығысқа жөнелтуге деген қызығушылығы Қытайдың коммерциялық ұсынысы мен Қазақстанның транзиттік тарфитеріне байланысты. Халықаралық экономистер Қазақстан мен Әзірбайжанның бір мәмілеге келуіне көп уақыт кетпейді деп санайды.
Егер қазіргі кезде Қытай мен Үндістан қарқынды түрде дамып келе жатқан энергия нарығы десек, олар Еуропаға қарағанда газдың текше метрі үшін көбірек ақша төлеуге пейілді. Еуропалық жұртшылық билік қазір бұл мәселені тездетіп шешудің орнына, ол жайлы пікір білдірумен шектеліп жатыр деп қынжылады.



соңғы пікірлер