Тәуекелге дайынбыз ба?
ЭкономикаПікір жоқ
Келер жылдан бастап, кедендік одақ құрылатын болды. Іштей мұндай қадамға барғанымызға қарсы болғаныммен, экономикағы серпін беру үшін осындай тәуекелге бару керек шығар деп те ойлаймын. Әйтпесе, жиырма жыл болды, әлі мұнайға байланып келеміз.
Әдетте қамшыламаса болмайтын кездер болады ғой. Сол сияқты өз елден бәсеке келгенде бәлкім, отандық өнімге деген жұрт тарапынан қолдау байқалатын шығар. Бірақ оған да күмән бар. Сананы тұрмыс билейді. Павлодарда шығатын “Астана” шампунінің орнына, жұрт бәрібір “Head and shoulders” сатып алады. Сонда экономиканы әртараптандыру үшін не істеу керек екен?
Қаңтардан бастап, отандық өнім тұншыға бастайды. Оған тек елдің шын жанашырлығы ғана көмек бола алады.
Осы ирандықтарға таңқаламын. Сіріңкеден бастап, компьютерге дейін өздері жасайды. Шамасы биліктің ерік жігерінің мықтылығы болар. Обалы не керек, бізде де айтылып жатыр. Түрлі бастамалар да қолға алынды. Кластері бар, СПК-сы бар. Бірақ ең бастысы халықтың өзі осының бәрін қабылдауға әзір емес қой деймін. Бізді қойшы. Менің буыным, жаңа нәрсені қабылдауға әзір ғой. Бізді кеңестік психология, жоғары жақ біз үшін шешуі тиіс деген ойлар тежеп отырған тәрізді. Бұл буынның алмасуы шамамен жиырма жыл уақыт кетеді деп ойлаймын. Тьфу, бірді айтып, бірге кеткен тәріздімін. Десе де дағдарыстан кейінгі ел экономикасындағы өзгерістер алаңдатпай қоймайды екен.



соңғы пікірлер