Қазақстанға жүретін Қытайдың электрлі пойызы жолға шықты
ЭкономикаПікір жоқ
Қазақстан мен Қытайдың арасында қатынайтын алғашқы электрлі пойыз сапарға аттанды. Қытайдың China Daily басылымының хабарлауынша теміржолдың ұзындығы 286 шақырым. Шыңжаң өлкесіндегі Джинхэ ауылынан басталатын теміржол Қорғас қаласына келіп тоқтайды.
Темір жол Қытай мен Қазақстанның арасын жалғап жатыр. Екі елдің арасын жалғап жатқан жолды салуға 6 млрд юан немесе 900 млн.ға жуық АҚШ доллары жұмсалған. Жол бойында барлығы жиырма бір станция бар.
«Алғашқы Электр пойызы Шыңжаң Ұйғыр Автономия өлкесінің Джинхэ ауылынан шықты. Джинхэ ауылы Шыңжанның солтүстік батысында орнласқан. Жұма күні таңертең сағат 11.00 де шыққан пойыз Қорғас қаласына келіп тоқтады»
деп хабарлайды Қытайдың басылымдары.
«China Daily» газетінің хабарлауынша, электрленген теміржол Қазақстан мен Қытай арасын жалғауда маңызды рөл атқармақ. Қазақстанда да ендігі кезекте Шыңжаңға дейін апаратын темір жол салуды жоспарлауда.
Бұған дейін «Вокс Ньюс» жаңалықтары жақын күндері Қытайға бір күнге визасыз сапар шегуге болатынын хабарлаған болатын. Қазақстан-Қытай делегацияларының Үшаралда өткен аптадағы кездесуінің нәтижесінде осындай мәміле жасалды.



соңғы пікірлер