Қазақстан троллейбусы Қызылжарға неге ұнамады?
Интернет, Экономика15 пікір
Бақытнұр өткен аптада Моңғолияда жасалған троллейбус кешікпей Қазақстан жолаушылары үшін де қызмет ететін жазған еді. Қызылжар қаласының әкімдігі Моңғолияның “Electric transportation” компаниясымен бірнеше троллейбусты сатып алу жөнінде келісім шарт жасасты деп хабарлайды olloo.mn моңғолдың ақпараттық порталы.
Бұл ақпаратты оқып отырғанда мені бір мәселе мазалады. Бізде Алматы қаласында 2001 жылдан бері троллейбустар құрастырылатынынан хабардармын. Алматыдағы “Электромаш-Электротранс-Сервис” АҚ-ның “Қазақстан” атты троллейбустары бір ғана Алматыда емес, Астана жолаушыларына да қызмет етіп жүр. Троллейбусты құрастыру барысында пайдаланған детальдардың 40 пайызы отандық өнім.
Моңғолияда шығарылатын JEA-800 троллейбусына 102 адам отыра алатын болса, “Казахстанец” троллейбусына 114 адам отыра алады. Моңғлиялық қоғамдық көліктің құны 35-65 мың АҚШ доллары арасында екен. “Казахстанецтің” өзіндік құны қанша екеніне қатысты мәлімет әзірге таппадым.
Бақытнұрдың блогындағы жазбаға пікір қалдырған Айко есімді оқырман
мен студент кезимде трамвай/тролейбустарға коп минер едим, женилдиктер болган соң, от со кезде заказга Германиядан келген трамвайлар келип олдик бойымыз жетпей. Оздери ұзын болған соң биздерди де ұзын деп санаса керек. Секіріп бойымыз жетпей, белден, биреудин жеңінен ұстап ұрыс естир едим:( деп жазған екен.
Алматыда құрастырылған өзіміздің троллейбусқа отырып жүрген адам ретінде қоғамдық көлік жолушыны тасымалдауға жақсы, әрі іші кең дей жайлы екенін айтқым келеді. “Троллейбусты құрастырғанда жергілікті жердің талаптары ескерілген” дейді “Мегаполис за рулем” газетінің тілшісі. Қазір троллейбустерде электронды карточкамен төлем қабылдау жүйесі де сынақтан өткізілуде.
Әрине, адамның көптігі мен троллейбуске қажетті сымдарда ара-тұра энгергияның бітіп қалатыны бар. Бірақ бұл троллейбус жаман деген сөз емес қой. Әлгінде Қызылжар қаласының сайтын тексеріп едім. Олар жаңа троллейбус туралы еш мәлімет әзірге бермепті. Негізі “Казахстанецке” қызылжарлық әкімнің не себепті көңілі толай қалғанын білуі керек еді. Бағасы ма, сапасы ма? Шетелге ақша құйғанша неге отандық өндірісті дамытуға септеспеді екен деп ойлаймын ғой…
Қазақстандағы троллейбуске қатысты қосымша мәліметтер (ор. тілінде)





Бізге трамвай да троллейбус та керегі шамалы. Қайбір жылдары автобусты мүлде алып тастап тек маршруттың ішінде бүктеліп, умаждалып жетер жеріміз жетіп жүруші едік. Үш төрт жылдан бері автобус шығарып көзіміз ашылды.
Уххх сол кездегі арман ай
Ал Моңғолиядан автотранспорттар алғанына қарсымын. Одан да алмай ақ қойсындағы. Іштегі тауар өнімін неге бәсекелестіруге талпынбайды
Томирис, отандық өндірушіні қолдау керек дегеніңе келісемін. Бірақ менің ойымша моңғол троллейбустарының артықшылығын әлі де екшеп алу керек сияқты. Қазіргі нарық заманында жұрт жақсысына қарай ұмтылады. Ең бастысы шетелден өнім сатып алудың астарында елдің ақшасын жымқыру саясаты жатпаса болғаны.
Tomiris karsy bolma
KZ trailebusy turaly bilmegendikten pikir aitu kyiyn. Birak Mongoldardyng aituyn karaganda olardyng trailebustary arzan jane electric az jeidi. Mumkin shynymende solai shygar, sondyktan KZ satyp alyp jatkan bolu kerek.
Nemese, Akxattyng aitkanyndai bir gap bar. Birak ondai bolady dep oilmaimyn. Oitkeni asa ulken paidaga keneletindeie emes siakty.
Oz oiym, KZ ding Trailebusy jaman bolyp, Mongolianyng trailebusy jaksy bolgandyktan KZ satyp alyp otyrgan jok. Ekeuide kurastyryp otyrgandyktan kop aiyrmashylyk shok shygar. Bul business goi.
Men osy kysta osy trolleibustarga otyrgamyn.
Birinshi artykshylygy: elektr togyn az jeuinde.
2shi: ekologiaga aser etpeidi deidi
3shisi: Songy tehnologialarmen jabdyktalgan. Ish syrtyn korseniz koziniz jetedi,
Жоқ мен қарсы боламын

Қашанғы шейін бизнесіміз артта жүре береді. Ия біз элетроника мен техника жағынан бақталасқа түсе алмаспыз. Бірақ басқа көздері бар. Соны қазақ бизнесмендері маде ин қазақстан деп өнім шығарғанды қалаймын. Бірақ күте тұрыңдар, күте тұрыңдар. Маде ин Атырау Томирис деп шығып қалар
Дұрыс қой бизнес. Кім бизнесті жек көреді
Отандық тауарды әлемдік аренаға шығаратын уақыт келді ғой
Insallah,
KZ ding tavarlary bar goi. Uny bidaiy degen siakty.
Made in Tomiris degen tauardy kutemiz de. Qansha degenmen qara dorba Tomiristig qolya tidi
Men de otandyq bisnesti qoldau kerek d.o.
Барлығыңыз өзінше дұрыс айтып отырсыздар. Алайда Жанарбектің бизнес қой дегенінде астар жатса керек. Астары – бизнес жүрген жерде тек пайда көзделеді. Пайда үнемді техникадан түспек. Алматы депосында жиналатын троллейбустарды рентабельді деп айта алмаймын, себебі советтік мотор жасау технологиясымен аздап таныспын
Моторды әлі Ресейден алатын болса керек. Ал моңғолдардың троллейбусындағы электроника мен электромеханикалық аспаптар өз кезегінде қытайлық болса керек. Сондықтан моңғолдық машинаның үнемді екендігіне күмәнім жоқ.
Отандық өндірісті қолдауды қос қолдап құптаймын, бірақ барлығының негізінде жалаңтөс патриотизмнен гөрі өндіріс шығынының есебі бірінші орында тұру керек сияқты. Америкадан алмаймыз деп жүріп жасалған кеңестік электрониканың сықпыты кім-кімге де белгілі шығар:)
Шынын айтқанда, Асқаттың Алматылық машинаның 40 пайыз бөлшегі отандық дегеніне қуанып тұрмын. Алайда сол отандық деп отырған бөлшектеріміз асқан біліктілікті қажет етпейтін болт, гайкалары ғана шығар деген күмәнім де бар. Трансимиссиясы мен электр жабдықтары Ресейлік шығар.
Асқаттың қаупі де орынды сияқты.
Мысалы, дәрі-дәрмекке қойылатын Қазақстандық талаптар дүние жүзіндегі ең қатал талаптардың бірі(!) болып есептеледі. Алайда күнделікті өмірден еліміздің сапасыз дәрі-дәрмектің оқоыс алаңы болғаны қашан! Осындай қатал талаптармен сербтің улы дәрісін алмадық па? Асқатқа қосыламын – кілтипан ана жақта отыр ма деймін…
Germaniadan nemese Reseyden tonna tonna mashina engizesinder undemeisinder. Nege Mongoliadan alatyn 6 trolleibuska jabysyp kaldyndar
… Mongoliada tek trolleibus emes Software, jane azdagan hardware exporttap jatyr, arine azdap…
Aitpakshy Askhat sen http://www.olloo.mndi kaidan bilesin? Olloo.mn degen portal bar ekeni ras, birak men gogo.mn-ge silteme bergen edim?
Bakytnur, http://www.olloo.mn ning agylshynshasy bari goi
Barine kosylam, birak Bakytnur durys aitayd
Business degende kimning paidasyna kozdelgen business ekenin mende bilmeimin senderde bilmeisingder. Mumkin Mongoldar ushin paidaly shygar. Mumkin ana akimder ushin paida bolyp solar algan shygar.
Mongoldar motorin reseiden alady, carkasin Korea jane Reseiden alady jane keibir bolshekterin Kytaidan alady eken.
Тақырып белгілі бір деңгейде қызығушылық тудырғанына қуаныштымын. Пікір білдіргендеріңе рахмет. Дұрыс түсінік қалыптастыруға себепші болып жатыр.
Бұл Бақытнұр дер екезінде аңғарып хабарлаған бір ғана хабардан туындап отырған жайт. Ал біз білмейтіндеріміз қаншама…
Ойлап отырмын да, егер Моңғолияда құрастырылған троллейбустер сапа және баға жағынан жақсы болса, неге солардың технолгиясын сатып алмаймыз? Алты-алтыдан троллейбус алғанша бір жолата жасау жолын меңгеріп алғанымыз жақсы емес пе?
Jogarda aitkanymdai sapasyn azir bilmeimiz.
Jane trolleybus kurastyruga asa jogary technologia kerek emes dep oilaimyn. Sondyktna satyp alatyn technologiada bolmaidy.
Bul arada, Almatyda trolleybus kurastyrady deding goi. Solarga nege xabarlaspaisyng ? Solardan nakty malimet alarsyng?
http://ubtrolleybus.blogspot.com/ blogy UB tralleybus turaly jazady eken.
Рахмет, Жәке. Анық-қанығын білмек болып, мүмкіндігінше Қызылжарға хабарлассам ба деп отырмын.