Қытайлар мыс кенішін сатып алмақ
Экономика2 пікір
Қытайдың Yunnan Copper компаниясы Қазақстанның мысына қызығушылық танытып отыр. Бұл құпиямен China Daily бөлісті.
Yunnan Copper – Қытайда мыс өндіретін ірі үш компанияның бірі. Компания басшысы Яң Чао келесі жылы Қазақстанның мыс кенішін алатынын айтқан. Елімізде әзірге бұл қай кеніш болатыны анық емес. Қазір Қазақстанда мыс өндірумен «Қазақмыс» корпорациясы айналысады. Оның кеніштері еліміздің Шығысында, Орталық өңірінде шоғырланған.
Қытайлық басылым жыл сайын мысқа деген сұраныстың күшейіп келе жатқанына тоқталған. Олардың болжамы бойынша 2010 жылы мыстың бағасы бір тоннасына 1 500 000 дейін өспек. Мысқа деген сұраныс келесі жылы да жоғары болмақ.
Мыс көбінесе үй тұрмысына қажетті заттарда жиі қолданады. Сондай-ақ ол сымдар мен кабельдерді жасау үшін де пайдаланылады. Қытайда жыл сайын өндірістің көлемі де ұлғайғандықтан шикізатқа, оның ішінде мысқа деген сұраныс күшейіп тұр.
“Қытайдың Yunnan Copper компаниясы сонымен қатар Оңтүстік Шығыс және Оңтүстік Азия елдеріне де инвестиция құюда”, деп хабарлады қытайдың China Daily басылымы.
Сурет СС рұқсаты негізінде gord99 есімді қолданушының мұрағатынан алынды




Барлығы сатылуда. ұсақ түйектен бастап жеранаға дейін сатылды. Енді не сатады?!
мен бүгін қытайларға қатысты масқара ақпараттарды естіп жатырмын. ола ресейдегі жайылымдарды алып, көзі тоймай Қазақстаннан бірнеше мың шақырым жерді жалға алуға сұрап жатқан көрінеді. Олар ешкіммен санасқысы келмейді. іле суының да 70 пайызын аламыз деп жатыр