Nokia қазақ тілінен қандай пайда көрмек?
Авторы Askhat Yerkimbay on Thursday, 14 January 2010
Интернет, Экономика, үнхабарлар5 пікір
Интернет, Экономика, үнхабарлар5 пікір
Карел Голуб – Nokia-ның Қазақстандағы өкілінің басшысы. Өте сыпайы, сырбаз сөйлейтін, еуропалық азамат. Қалтафондар нарқы – елімізде ілгері дамып келе жатқан бизнес. Екеуміздің кездесуімізге осы жайт түрткі болды. Мені қалтафон мен қазақ тілі тақырыбы қызықтырды, ал оны… ол жалпы бизнес әдебін сақтап, журналистпен кездесті ғой деймін
Арада болған әңгімені (ағылшын тілінде) төменнен тыңдай аласың.
- Nokia-ны қазақшалаудың экономикалық пайдасы қандай?
- 3G және Nokia
- Қалтафон қызметіне арналған дүкен
- Қазақтар – жаңа технологиялық жаңалықты сабырлықпен күтеді
Podcast: Play in new window | Download (Duration: 7:38 — 7.0MB)



Қазақ тілін қолданушы өзі таңдап алатын мүмкіндік болса, әрине, бұл үлкен жетістік. Бірақ қазақшалауға қандай мамандарды алмақ екен. Тағы шала аударып қоятын шығар. Жуықта бір аудармашы Alvin and the Chipmunks: The Squeakquel дегенді “Алвин мен ала тышқандар: шиқылбел” деп аударып беріпті бір шетел компаниясына. Не ойлап отырып аударды екен деп таң тамаша болдым.
Иә, Сағым! Меніңше сондай талғау болуы керек. Карелмен әңгіме барысында қалтафон арқылы әлеуметтік желілерге қазақша шығу жағын айтып едім, интернетте Nokia-ға арналған ондай үстемелер бар деді. Соған қарағанда Nokia-сы тәуірлеулер қалтафон арқылы қазақша туиттерлете алатын болуы керек.
[...] Хммм, сосын не айтып еді. Жалпы, болған әңгімені мына жерге салып қойдым. Ағылшын тіліндегі әңгімені тыңдаймын [...]
[...] } Nokia-ның Алматыдағы өкілдігінің басшысымен кездескенімді білетін боларсың. Бірақ ҚазҰУ-де сенбі күндері [...]
Нокиаға разымын. Қалтамда соның арзанқол 2700 моделі бар. Мәзірі қазақша. Соған қойып қойғанмын. Қазақтың телефоны да қазақша болуы тиіс қой…