Алматы полициясына вирус қайдан келді?
Қоғам2 пікір
“Қазақстан Бүгін” ақпарат агенттігінің мына жаңалығы мен үшін қызық көрінді.
“13 қарашада вирустың шабуылынан Алмады ІІД компьютерлік жүйесі істен шықты. Соның салдарынан, қалалық ІІД қызметі мен оның бөлімшелерінің қызметінде кідірістер туындады”
“13, 14 қараша күндері осы вирустың кесірінен көліктерді есепке алу және есептен шығару, сенім хатпен көлік жүргізушілерін тіркеуге алу, көлік қужаттарын тапсыру және техникалық тексерулерді өткізу жұмыстары тоқтап қалған” екен. Бір қызығы аталған мәлімет ІІД жеке сайтында да әлі жарияланбаған. Бюджетке қанша ақша түспей қалды және қаншама жүргізушілер қиналды десеңізші…
Вирустың себептерін анықтау үшін департамент қызметкерлері екі күн (!) әуреге түсіпті.
…екі тәулік бойы департамент қызметкерлері техникалық ақаулықтардың себебін анықтап, оның салдарын жоюға бірқатар жөндеу жұмыстарын атқарды.
Назар аударыңыз, тек бірқатар жөндеу жұмыстарын атқарыпты. Яғни тұтастай қорғаныс жасай алмады деген сөз. Бәрінен де “Бұл істі кім істеді? ІІД компьютер жүйесін істен шығару кімге қажет болды?” деген сұрақ жауапсыз қалып тұр. Бұл жайт менің ойымша біздегі компьютеризациялау жұмыстарын әлі де жетілдіру қажеттігін, компьютердің құлағында ойнайтын кәсіби мамандарды даярлауға жіті мән берудің қажеттілігін көрсетті.
Бүгін ІІД компьютерлеріне вирус шабуыл жасады, ал ертең…



артынша Алматы ІІД өзінің алдыңғы ақпаратын өзі жоққа шығарып, сайтқа ешқандай вирустық шабуыл болмағанын, жай ғана техникалық ақауға байланысты компьютерлер істен шыққанын хабалады. Ал түсініп көріңіз?..
Халықты неге алдайтындарын түсінбеймін. Бәлкім, қауіп іштен келген шығар. Сосын жасырған болар. Мені қынжылтқаны сіз бен біздің бюджетке төлеп отырған ақшамыз әлдебір сауатсыз мамандар кесірінен желге ұшып жатыр.