Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Білім, Қоғам

Ана болғысы келетін студенттердің 60 пайызы анемияға шалдыққан

Авторы on Friday, 5 March 2010
Білім, Қоғам
1 пікір

Студент кезімізде қатпарлы самсалар тым танымал еді. Сонымен түстенетінбіз. Кейде кешкі асымыз да сол болатын. Қанша жерден денсаулыққа пайдалы емес екенін білсек те, студент болған соң, шынымен көп нәрсеге мән бермейді екенсің. Негізі қанша жерден студент болсаң да, таңертең, түсте жақсылап тамақтану керек. Төмендегі деректерді оқып, төбе шашым тік тұрды. Қатарластарымның арасында денсаулығы мықты адамды табу да қиын. Әсіресе, асқазаны ауыратындар көп.

Ресми мәліметтер дүниеге сәби әкелуге қабілетті дейтін жастарымыздың денсаулығы жыл өткен сайын нашарлауда дейді. Асфандияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті студенттер арасында сауалнама жүргізген.

Сауалнамаға қатысқан қыз балалардың 60 пайызы анемия, яғни қан аздығына шалдыққан. Дей тұрғанмен олардың әрбір екіншісі ана болғысы келетінін жасырмаған. Ректордың кеңесшісі Жанар Мустафинаның ойынша студенттердің денсаулықтарының күрт нашарлауына жатақханалардағы жағдай мен дұрыс тамақтанбау себеп болуда.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы болашақ ана болады дейтін студенттердің 47 пайызы асқазан-ішек ауруларымен, 31 пайызының несеп-жыныс жүйесі ауыратынын, 12 пайызының эндокринді жүйесін шұғыл арада емдеу қажет деген қорытындыға келді.

Мұның бәріне жас кезінде студенттердің уақытылы емделмегендіктен, әрі ем-дом қызметі сапасының төмендігі кінәлі дейді мамандар.

Елімізде мемлекеттің әлеуметтік саясатының нәтижесінде 2020 жылы халықтың саны өсіп, өмір ұзақтығы 72 жасқа дейін жеткізу жоспарланған. Десе де соңынан болашақ ұрпақ қалдырады дейтін жастар арасында аурулардың көбейюі бағдарламаның оң нәтиже беруіне күдік ұялатады. Соңғы санақ бойынша елімізде 16 млн. аса адам тұрады.

1 пікір »

  • aizhan says:

    wynymen, densaulygy jaksy jaz kazir az… men de jogarydagy kyzdar uksap ana bolgym keledi, alaida ogan kazirwe densaulygym ruksat bermei tur. negizi medicinanyn sapasy ote nawar, darigerlerdin biliktiligi tomen. oz basymnan otti. bir jyl boiy bir darini iwip jurdim, endi tekseruge barganymda ol darinin muldem iwpeu kerek ekenin, sebebi onyn magan ew kajeti jok bolyp wykty, al onyn ornyna baskasyn iwu kerek dep ekinwi bir dariger jazyp berdi. :( sonda bir jyl kur ketti.

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.