Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Экономика, Қоғам, үнхабарлар

Банктерден әбден көңілім қалды. Бірақ…

1237390888_1231424030_mainБұрын да бір шикіліктің бар екенін байқайтынмын. Әдетте бухгалтерлерге Әлеуметтік жеке кодымды тапсырғанда (СИК) олар оны ұзақ зерттеп, міндетті түрде: “Жеке куәлігіңде де аты-жөнің осылай жазылған ба?” деп сұрайтын. Бастапқыда мен мұны әрбір бухгалтерге тән жауапкершілік деп ұғатынмын. Сөйтсем, барлық мәселе аты-жөнімдегі қазақ әріптерінде екен.

Қазір мекемелердің барлығы дерлік “1c” (суретте) атты есеп-қисап жүргізуге арналған бағдарламаны қолдаданады. Оған қазақ әріптерін қосуға да мүмкіндік бар. Тіпті елімізде 2008 жылы қаржы айналымындағы құжаттардағы есімдер жеке куәліктегімен бірдей болуы тиіс деген арнайы үкім де шыққан. Бірақ барлық гәп, білуімше, екінші деңгейлі банктердегі осы төлемдерді қабылдап алатын қызметкерлердің компьютерінде 1C-тің қандай нұсқасы қойылғанында. Яғни, егер менің мекемемнің бухгалтері есімімді қазақша жазып жіберсе, ал оны қабылдайтын банктегілерде орысша бағдарлама тұрса, менің құжаттарым қабылданбай, қайтып келед екен. Ал әрбір қайтып келген құжат үшін өсімпұл салынады. Міне сондықтан да, көптеген азаматтардың зейнетақы қорына ақша дұрыс аударылмай жүр екен. Бұл ақиқатқа көзімді ашқан Жамбыл облысы, Қордай ауданының кәсіпкерлеріне рахмет. Олардың құжаттарында аты-жөндері қазақша болғандықтан бірнеше ай бойы зейнетақы қорына ақша аударылмапты. Депутат сауалынан үзінді келтірсем былай:

Как это понимать? С одной стороны дискриминация по языковому принципу, с другой стороны полнейшая безответственность руководителей банков второго уровня, из-за которых за несвоевременное перечисление по пенсионным обязательствам на предпринимателей начисляется пеня. К примеру, у написавшего письмо пеня начисляется уже за 4 квартала. Кроме того, сколько недополучают пенсионные фонды денежных средств. По Казахстану это выльется в огромную сумму.

Сөйтіп, депутаттарына хат жазыпты. Елена Бахмутова енді осы сауалға жауап беруі тиіс.

Ата-тегімді дұрыс жазғанымыз үшін қаржы құрылымдары тарапынан қысымға ұшырып жатқанымызды, одан қалды маңдай термен табылған ақшамызды зейнетақы қорына аударылмай, басқа біреуге аударылып жатқаны қынжылтпай қоймайды. Банктерден әбден көңілім қалды. Бірақ салымыз суға түспей. Көп болып, осы мәселені көтеретін болсақ, оң шешімін табар.

Play

5 пікір »

  • [...] сұралады… Бұл туралы толығырақ мына жерден және мына жерден оқып, тыңдауға [...]

  • Банктегілер қытайлық үшін мәтін теру қандай азап екенін білсе екен. Оның қасында қазақ қаріптері жеңіл ғой.
    Банктегілер тілге қырын қарауды әлі де қоя алмайды. Себебі – тілге байланысты заңдық прецеденттен қорқу. Банкир тек ғана өзіне екі жүз пайыз белгілі құралдармен жұмыс істейді, сондықтан орыс тілі қала бермек.
    Ертеректе бір банктен несие алуға барып, келісім-шарттың қазақша нұсқасын сұрағам. Олар орысшасын да ұсынған. Барлығы жақсы, бірақ орысша нұсқада қазақшадан бір пункт артық! Онда: “В случае возникновения спора, Стороны должны руководствоваться только РУССКИМ ВАРИАНТОМ ДОГОВОРА” делінген!!!
    Орыс тілі де өз кезегінде дискриминацияда. Шет елдік компаниялар дәл осылай, тек ағылшын тіліндегі нұсқасын мойындайды деп естідім. Дүние кезек, хы хых хых…

  • Askhat says:

    Әрине, әркім өзіне икемді құралмен жұмыс істеуге хақылы. Десе де қазақша тоғыз әріпті пернетақтасына орнатып, мыңдаған адамға кесірін тигізбесе,игі болар еді.

  • [...] осыған арнап, үнхабар жасаған едік. Бірақ сол мәселе жылы орнынан әлі де қозғалмаған [...]

  • [...] my pension fund. Computers in our banks refuse to accept the letter “i”. We even recorded a podcast for neweurasia on this subject, but the problem remains [...]

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.