Блогты жапқаннан, жабылғаннан кейінгісі қызық
Интернет, Қоғам6 пікір
Қазақстанда өткен аптада WordPress.com тұғырындағы блогтар ашылмай қалғаны көпшілікке белгілі болар. Содан бері қазақ блогшалары әрі-сәрі күй кешті. Адамның ойына бірінші кезекте жаман ойдың келетіні анық. Әсересе, елімізде Интернет ресурстар БАҚ-пен теңестірілген заң күшіне енген соң, әрі Livejournal блогтарын тікелей оқу мүмкіндігі жоқ тұста, мұндай ойдың сананы шырмауын түсінуге болады.
Алғашында “Қазақ тіліндегі блогтарда (Қазастанда wordpress.com тұғырында көбіне 100-ден аса қазақ тіліндегі блогтар шоғырланған) биліктің шамына тиетіндей дүниелер жоқ, несіне жабады” деген ой айтылды. Бұл блогта кенеттен әлдебір саясаткер блог ашыпты деген де сыбыстар шықты. Әйтсе де, бұл сөздердің ешқайсысы әзірге расталған жоқ.
Елімізде байланыс саласына жауап беретін ресми орган – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі. Өздеренің ресми жауаптарында олар:
“Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Сіздің ағымдағы жылғы 18 қаңтардағы өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды.
Агенттікке WordPress.com ресурсына колжетімділіктің болмау себептері белгісіз.
Интернет-ресурстың әрекет ету мәселелері оның меншіктік жүргізуінде жатыр”
деп жауап берді. Бұл жауаптан, күні ертең ғаламтордағы қазақ тіліндегі контентке бірнәрсе болса, оған ресми органның жаны ауырмайды деуге болады. Ақзере де twitter-дегі жазбасында бұны жақсы айтып өтіпті.

Ақзере – WordPress.com ашылмауынан зардап көріп, жеке отау көтерген алғашқы блогшылардың бірі. Өзінің соңғы жазбасында да ол блогтардың ашылмау мәселесін көтерген. Жазбаға пікір қалдырғандардың дені бұл оқиғаның астарынан саяси себептер іздеуге тырысқан. Десе де сабырға шақырғандар да бар
Блогтар ашылмай қалған соң, yvision.kz ресурсында осы тақырыпқа қатысты жазба орнатып едім. Пікір қалдырғанда wordpress.com-мен қатар blogspot блогтары да ашылмайтынын жеткізді.
Өкінішке қарай, біздерге (белсенді қазақ блогшыларына) блогтардың жұмысында не себепті кедергілер туындағанын тарқатып берер ешкім табылмайды. Сондықтан ендігі кезекте блогтағы құнды дүниелер өшіп қалмас үшін сақтық шараларын қарастыру керек.
Бір қызығы үкімет басшысы өткен жылы Интернеттің қазақ тілді бөлігін дамыту үшін Қазақ тілінде Livejournal (!) ашуға қаржы табуға тапсырма берген (видео). Жыл өтті. Қазақ тілінде ресурс ашылған жоқ!



Көшемізде сол бір апта бойы телефон сымын тексерулер жүргізілгендіктен, мүлде интернетке кірмеген едім. Келсем – уордпресс істеп тұр, бірақ жұрт дүрлігуде…
Байбаламщиктер десе
ааа! ууууу!! деп жүгіре бермей дербес блог ашу керек
@ Kudaibergen
Мәселенің себебімен емес, салдарымен күрескеннен нәтиже болмайды деп ойлаймын.
Күреспесеңдер тұра алмайсыңдар я?? Ұлы көсемдер -ай. Еркіндікті сүйетіндерді менімен еркін күрес ережелерімен белдесуге шақырамын.
))))
Асеке, осы айқұлақ белгісімен қосып жазып жүргенің – жазбаның кімге бағышталғанын білдіре ме, әлде “күшік” дегенің бе? )))
соңғысы, Ереке! Адамды күшікке теңей алмас едім.
Осындай бір қазақша ұғымдарды білдіретін белгі-сөздер өзімізде де қалыптасса қуана қолданар едім.