“Боз Жорға” діттеген жеріне жетті ме?
Авторы Askhat Yerkimbay on Saturday, 13 June 2009
Қоғам19 пікір
Қоғам19 пікір
Ақбөкеннің блогынан Айналайын боз жорға… Сен дегенде сөз барма? Бұлар қай топ қай ұлттың адамдары екен???? дегенді көзім шалған.
Басында мән бермедім.Кейін саясаттың көзімен үңіліп көрсем, орыстілділерді қазақиландырудың асқан шебер үлгісі мен мұндалап тұр екен ғой. Сонымен менің ойларым мынадай болып шықты:
- Боз Жорға әні еліміздің Астанасын ауыстыратын кезде дүниеге келді. Ол кезде солтүстікте орыстілділер басып болып, оларды өзге мемлекеттің идеологиясының жетегінде кетіп қалмаудың қамы жасалды
- “Боз Жорға” әнін ресейлік топқа айтқызу арқылы Астанада тұратын орыстілді қауымға: “Қазақстанда тұратындарыңды ұмытпаңдар” деп тұрғандай.
- Видеоны қарайтын болсақ, әншілермен бірге өзге ұлттың өкілдері де еріндерін жыбырлатып, естері кетіп ән салуда.
- Мен кезінде осы өлең шыққанда: “Сөзін бұзып айтып жатыр. Бүйткен қорлықтары бар болсын!” деп ойлаушы едім. Қазір қарасам, (мүмкін саналы мүмкін кездейсоқтық па) бұл әнді, топты, ресейдің империялық санасынан алыстату үшін Астана жастарына (күллі елге де) әдейі кең насихаттаған тәрізді.
- Жыл сайын Астанаға әлемнің әншілерін жинап, оларға да қазақша ән салдырудың астарында осындай ниет жатқан жоқ па екен деп ойладым.
- Ұлттық тұтастық үшін қазақтың өнерін құралға айналдыру жақсы шешім тәрізді. Себебі қазақтың әншісі сол әнді айтса, орыстар тыңдамас еді. Ал “На-На” айтып еді, бәрі жапатармағай үйрене бастады.
- Мен танитын орыс достарыма “Бәйтерек” тобының әні ұнайтынын білемін. “Неге?” деп ойлайтынмын. Бұл топ та белгілі бір саяси миссияны жүзеге асыру үшін дүниеге келген бе деп ойлап қаламын кейде
Бозжорға, алдымыздға арман тұнған кең дала!
Пы.Сы. Әлгінде клипті тағы бір қарап шықтым. Біреу Ресейдің туын желбіретіп тұр екен…



Осы топ ұнайды маған. “Боз жорғаны” қазақстандық “Бангор” тобы да орындады ғой. Бірақ, шынымен де “На-наның” деңгейіне жеткізбеген секілді.
Осы Астана туралы да ән орындады бұлар. “Астанам — жас қала” деген сөздері бар секілді еді.
Бір журналист әріптесім “Нұрлан мен Мұраттың” әндерін (әсіресе, “Лейла, Лейла, калкам-ай”) жақсы көреді
Бангордың айтқанын естімеппін. Е, рас Астана туралы ән айтатын. Сосын ана бір ән бар ғой “Здравствуй столица” деген. Сол әннің ішінде барлық қалалардың аты аталатындықтан, әрі екі тілде болғандықтан күллі Қазақстан тұрғындарын ортақтастыру үшін шығарылған ән деп түсінемін.
маған “Боз жорға” өлеңінің сөздерін жазып бере аласыз ба?
тілек білдіруші Нарзангуль
Сол әннің сөзін жазған кім екен, хабарыңыз жоқ па?
“а в Актобе идут дожди” деп өте шығады…
Есімде жоқ екен, бірақ кездесіп жатсам “Ақтөбелік Баян сізге ренжіп жүр. Ақтөбенің жауынымен жақсы таныс емес екенсіз” деп айтайын
Негізі соңғы жылдары осындай мазмұнда өлеңдер көбейіп келе жатқан тәрізді. Кейде тіпті үйлену тойларында да қойып жатады. Қызық.
Ол әннің сөзінде Атырауды мүлдем ауызға алмайды. Тыңдап отырып, сондай күтіп едім
Шынымен де, байқамаппын. Мұндай дискриминацияға жол бергендері қалай екен… Хммм… Басқасы басқа, Атырау айтылуы керек-ті. Сендер жақтағы тойда, онда бұл ән қойылмайтын шығар. Астанадағы тойларға барғанда үнемі осы әнді қоятынын жақсы білемін.
Шынымен, Атырау ұмыт қалыпты.
Мынау мәтіні:
Серик Мусалимов — Мой Казахстан
Здравствуй, столица, ты и вольная птица, это Астана.
Здравствуй, Медео, горы тянутся к небу, это Алмата.
Здравствуй, земля, здесь шахтёрская душа, это Караганда.
Здравствуй, страна, это мой Казахстан, здесь моя земля.
Я поеду в Степногорск, а там в Усть- Каменогорск,
Заеду в Лениногорск и там навеет грусть.
Петропавловск мне звонит, друг зовёт там погостить,
С ним поеду в Кустанай, где песенку споём давай.
Здравствуй, столица, ты и вольная птица, это Астана.
Здравствуй, Медео, горы тянутся к небу, это Алмата.
Здравствуй, земля, здесь шахтёрская душа, это Караганда.
Здравствуй, страна, это мой Казахстан, здесь моя земля.
Друг, нам уже пора, впереди Кзыл- Орда,
Там Чимкент или Тараз, дави скорей на газ.
Посмотри Талды Курган, все нити тянут в Джезказган,
В Актюбе идут дожди, в Уральске прохладные дни.
Здравствуй, столица, ты и вольная птица, это Астана.
Здравствуй, Медео, горы тянутся к небу, это Алмата.
Здравствуй, земля, здесь шахтёрская душа, это Караганда.
Здравствуй, страна, это мой Казахстан, здесь моя земля.
Здравствуй, столица, ты и вольная птица, это Астана.
Здравствуй, Медео, горы тянутся к небу, это Алмата.
Здравствуй, земля, здесь шахтёрская душа, это Караганда.
Здравствуй, страна, это мой Казахстан, здесь моя земля.
Павлодар жоқ, алайда Степногорск, Өскемен, Қостанай бар екен.
Джезказган дегенді естісем, түршігіп кетемін. Қашаннан бері Жезқазған ғой (Жезказган). “Иванды диван десе жақсы ма?” дегендей.
Шикі өлең екен (((
Ақтөбені де Актюбинск деп келіп еді, қазір дұрысталды ғой…
Павлодарды да саяси себептен қоспаған шығар
Е, Чимкент емес, Шымкент де е!
Мә, шынымен де Чимкент депті ғой, э? Шамасы, Айконың таныстары шығар
Айкодан сұраңдар!
Қате-қате болып кетті ғой
Орындаушысы Павлодардікі, анық-қанығын сұрап көру керек екен)
Иә, көріп жатсаң, сұрай салшы, Жанар, жарай ма?
“Боз жорғаны” бұрын Бангор орындаған. Қазір Ринго тобы да орындап жүр. Бірақ, олардың айтып жүргендері Бангордың қайталмасы.
Бұл әнді қазір де Ринго тобы орындап жүр. Олардың айтып жүргендері Бангордың қайталамасы.
Бангор — негізі, қырғызстаннан келген топ. Бұрын мен де қазақстаендық деп ойлайтынмын. Кейіннен тарап кетіп, фронтмендері қазір “Орда” тобында жүр.