“Келін” Оскардан дәмелі
Қоғам5 пікір
“Келін” фильмі ұлтты әлемге масқаралайды” деген қазақ зиялыларының қауіптері расқа айналар түрі бар. Осы аптада Қазақстан, Жапония, Гон Конг және Тайван шет тіліндегі фильм аталымы бойынша Оскар сыйлығына ұсынатын фильмдерінің аттарын жариялады [ағыл.т].
Хеликс Фильм «Келін» фильмін халықаралық байқауда Қазақстан атынан таныстырмақ. [ағыл.т] Ермек Тұрсыновтың сценарий бойынша әзірленген диалогсыз фильм дәуірімізге дейінгі екінші ғасырдағы үйлену мәселесіне арналған.
Қазақтың бірқатар зиялылары аталған фильм қазақ ұлтын қорлайтынын мәлімдеген еді. Әрі кейбіреулері бұл тектес фильмдер шетелдің атышулы фильм байқауларына қатысып, жүлделі оралуы де ғажап емес деп пікір білдірген. Мәселен, Бекболат Тілеухан «Алаш айнасы» басылымына берген бір сұхбатында осыған қатысты өз ойын былай өрбіткен.
Бұл фильм қанымды қарайтып, жанымды шыжғырып, намысымды таптап кетті. Барып тұрған азғындық!.. Бұл да – сол сыртқы күштердің лаңы. Оларға керегі – сенің әлсірегенің, ұлттық сипатыңнан айырылғаның. Сол үшін олар сенің киноңа араласты. Саясатыңа араласты. Соның бір – көрінісі деп «Келін» фильмін айтамын. Көр де тұр, ертең «Келін» сырттан – Америкадан, Жапониядан міндетті түрде сыйлық алып келеді.
Аталған фильмге қатысты арнаған Ансардың жазбасына пікір қалдырғандардың бірі Ақзере “Бұл – арт-кино, оны екінің бірі түсіне алмауы мүмкін” дейді.
Фильм “әуесқойларға” арналған, яғни арт-хаус стилінде. Оны қара қауым түсіне бермейді. Тек сол стильді жақсы түсінетін адамдарға арналған. Егер арт-хаусты сүймесеңіз, қарамаған жөн. Мен өзім әлі ондай қарай алмаймын, әлі де көп оқып, көп көру керек шығар…
Бұған дейін Нұрғиса да өзінің бір жазбасын аталған фильмге арнап, мынадай ой айтқан.
Меніңше, «Келіннің» атына әлі небір топырақ та шашылады, небір әспеттеулер де жаудырылады. Анығы біреу – шет елдік аренаға шықпайды емес, түсірушілер шығарады-ау. Сонда әлгі кісі елінің кісілері қазақтың түптамыры сол екен деп, қазақ ешкіден тараған деп жүрмесе болғаны…
“Келінмен”бірге бәсекеге түсетін фильмдерге тоқталсақ. Жапондықтар Риочи Кимизуканың «Nobody to watch over me» атты жасөспірім қызды қорғайтын полицейски туралы фильмін ұсынса, Конг Конг “Prince of Tears” атты Тайвандағы коммунистер тарихы жайлы фильмін додаға қосып отыр. Ал тайвандықтардың ұсынып отырған фильмі “No puedo vivir sin ti,” не оқу-тоқу, не жұмысы жоқ әкелі-балалы отбасының тәтті ғұмырына биліктің қалай араласқанын баяндамақ.



Асхат,
Әрқашан қызық, талас тудыратын тақырыптарды және өзекті мәселелерді көтересің. Кәсіби деңгейіңді көтеріп, әрқашан ізденісте жүретінің сүйсінерлік. Уақытым барда ой пікірімді білдіріп қояйын.
Жалпы әр нәрсеге “ұлттық идеология” тұрғысынан ғана қарау кеңес одағының саясатын еске түсіреді. Бұл киноға неге өнер, шығармашылық туындысы ретінде қарамасқа? Ақзере әбден дұрыс айтқан, егер кино ұнамаса көріп қажеті не? Талғам, таңдау бостандығы деген ұғым бар дегендей… Дүние жүзін аузына қаратып отырған (америкалық) кино мамандарының назарына ілігіп жатса неге жаман болсын?
Пікіріңе рахмет, Зәуре!
Келін Оскарга усынуга лайык емес
Буган улттык мудде, сырткы имидж туринде де карау керек
2011 жылы Ислам Конференциясы Уйымын баскаратын елдин Оскарга Келинди усынуы уят.
[...] 1 млрд. АҚШ доллары жұмсалып түсірілген «Келін фильміне қатысты ел ішінде әлі де пікірталас толастамай тұр. Белгілі қайраткер, парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухат «Келін» тәрізді фильмдер Қазақ ұлтын мансұқтайды деген болатын. [...]
[...] 1 млн. еуро жұмсалып түсірілген «Келін фильміне қатысты ел ішінде әлі де пікірталас толастамай тұр. Белгілі қайраткер, парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухат «Келін» тәрізді фильмдер Қазақ ұлтын мансұқтайды деген болатын. [...]