Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Экономика, Қоғам

Кішкентай қаланың тұмауы

Авторы on Monday, 23 November 2009
Экономика, Қоғам
2 пікір

Сәтбаевта үйде жүрмін. Көшеде көпшілігі маска киіп алған. Үйде жеңгемде де маска. Ағада да біреуі бар. Қарап отырсам, тек менде ғана жоқ екен. Кішкентай қалада адамдарға мәлімет тез таралады ғой. Содан тұмаудан сақтанамыз деп бәрі маска алыпты. Енді дәріханада маска жетіспейді. Маска түгілі тұмауға қарсы дәрілерге де сұраныс күшті. Қарап отырсам, бұл дәрілер Ресейден алынады екен. Әйтеуір үйге қонақтап келгендердің айтатын әңгімесі де сол. Қызық.

-Бәлен жерден үш маска алдым. Таңертең ертемен тұрып, Айконайды жібергенмін. Соңғысы тиіпті.

- Кеше мынадай дәрі іштім. Жақсы екен.

- Базарда масканы 50 теңгеден тығып сатады екен т.с.с.

Неге ғана бал мен қойдың майын пайдаланбайды екен деп те ойлаймын. Сөйтсем, қазір қойдың емес, аюдың майын қолдану сәнге еніпті. Жұрт соны жақсы деп жатыр. Қойдың майымен емделдім дегеннен гөрі, аюдың майымен емделдім деген әлдеқайда маңыздырақ естіледі ғой :)

Бұл аюдың майы да солтүстіктегі көршімізден келіп жатқанын ішім сезеді. Ауырсақ та көршіміздің экономикасына үлес қосамыз.

Шындығында тұмау қазір бұл жақта өршіп тұр екен. Аяғынан тұра алмай жатқандары бар. Қарағанды облысында мектептерде маска кию міндеттелген.

Кішкентай қалада үнемі солай ғой. Ауырмасаң да, көптен қалмас үшін сен де маска аласың. Әңгімеге араласып отыру үшін сен де дәріханаға барып, дәрі сатып алып, әсерлеріңмен бөлісесің.

P.S. Күні кеше отыз шақты қойымен, төрт-бес сиырымен ауылда отырған көке-тәтем келді. Жырақта екі ғана үй екен. Тың. Күні бойы қора-қопсы шаруысымен жүреді. Жұрт олардан: “Тұмаудан амансыңдар ма?” деп сұрапты. Күліпті. “Бізге тұмау қайдан жұқсын. Қасымызда тірі жан жоқ. Сиыр мен қойдан  басқа” дейді.

2 пікір »

  • Ansar says:

    Аюдың майы деген қандай май болды екен? :)

  • ainur83 says:

    Иә….. Жезқазған қаласындағы жағдай Атырауда да кездеседі. Мұнда да масканы дәріханалардан таба алмайсың. Кеште үш дәріханаға кіріп шықтым, масқа жоқ екен. Фармацевт “соңғы үш күнде не болып кетті өзі?” деп шаршап тұр. Қабағы да түсіңкі. Оның айтуынша да, жұрт масканы 20 теңгеден сатып алып, 50 теңгеден сататын көрінеді.

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.