Көкпекті ауданы әкімінің құлы мен күңіміз…
Интернет, ҚоғамПікір жоқ
Шығыс Қазақстан облысында Көкпекті деген ауыл бар. Өзгелерге қарағанда бұл ауыл біраз электронданған. Үкіметтік емес ұйымдардың еңбегінің жұмысының нәтижесі. Әлгінде сол аудан әкімінің сайтына кіріп едім, мынадай бір қызықты мәліметті көрдім:
Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусин мырзаға! Сізге хат жолдап отырған бір топ қарттар үйінің жұмысшылары, Самар ауылынан. Бұрынғы әкім Қожамбетовтың кезінде де бірнеше хат жазылған болатын, бірақ оған ешқандай шара қолданылған жоқ еді. Себебі, ол кісінің әйелі осында бірінші бастық болып жұмыс істейді, ішіп-жегендері бірге. Осы қарттар үйі құрылғаннан бастап Дюсюпов Салават директор болып істеп келеді, осы қарттар үйі сол кісінің меншігіне айналып кеткен, олай дейтініміз Дюсюповтың бар той-томалағын (туған күн, үйлену тойы, қонақ күту т.б.) қарттар үйінің ұжымы аяғымыздан тік тұрып атқарамыз. Біз ол кісінің құлы мен күңіміз. Бізбен қалай болса – солай сөйлеседі және боқтауға дейін барады. Айлық жалақымыз қанша екенін білмейміз, бухгалтерия не береді соны алып жүре береміз, ақшаны өздері әкеледі. Содан кейін, анаған-мынаған деп, ұстап қалады, қалғаның аламыз. Осы интернаттың жұмыскерлері жаз бойы бастықтың және бауырларының үйін жөндеді. Бізде бір заң бар, егер тұрғындар тәртіп бұзса, әсіресе арақ ішіп ұсталып қалса, олар штраф төлейді, яғни өтініш жазады: мен өз еркіммен 10 мың теңгені қарттар үйінің керегіне беремін соны қабылдауыңызды сұраймын деп, 10 мыңнан төлеп штраф жоқ ал, ол ақшаның қайда кетіп жатқаның ешкім білмейді. Айта берсек неше түрлі сорақылықтар бар, осыған бір тоқтау бола ма?, деп жазып отырмыз. Аты жөнімізді жаза алмаймыз, өйткені жұмыстан қуыламыз, оған кешіріңіз. Самар қарттар үйінің жұмысшылары атынан.
P.S. Сонымен, қала басшылығы, Өскемен тұрғындары бұған қалай көмектесе аламыз? Мүмкін болса, осы бір мәселені зерттеп, тексеретіндер болса, қатып кетер еді.



соңғы пікірлер