Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Қоғам

Малайлықтар шақалақты қоқысқа тастаған қазақ қызын жауапқа тартуда

Авторы on Friday, 21 December 2007
Қоғам
17 пікір

Құрбан айт қарсаңында Малайзияның бірнеше сайттары қазақ қызының шақалақты қоқысқа тастап жатқан сәтінде ұсталғанын хабарлады. Жан түршіктірер хабарды оқып отырып, “Ардан безген қыздарды шетелге жібермегеніміз дұрыс” деген ойға келдім. Бірақ түптеп келгенде мәселенің мәнісі тереңде жатқанын ұқтым.

Сингапурда білім алып жатқан 20 жастағы Қазақстан азаматшасы өз баласынан құтылу үшін Малайзияға келді. Себебі Сингапурда бұл қылмыстың жазасы ауыр.

деп хабарлайды (eng) Bernama агенттігі.

Қыз бала Малайзияға досының пәтеріне екі күн бұрын келіп, Дүйсенбі күні баланы пәтерде жалғыз өзі босанған. Одан соң шақалақты пластик қалтаға салып, үйдің іргесіндегі қоқысқа апарған. Баладан құтылып, пәтерге еніп бара жатқан сәтінде полицейлер оның шалбарынан қанның ізін байқап тоқтатқан. Келіншек бұл жайтты етеккір мерзімімен түсіндіргенімен, кейін емханадағы тексеруде ұл баланы дүниеге әкелгенін мойындады

дейді келесі бір мәліметтерде (eng).

Жоғарыдағы хабарларда қыз баланың тек Қазақстанның азаматы екені аталған. Сингапурда қай университетте, қандай бағдарлама бойынша білім алып жатқаны көрсетілмеген.

Мемлекет “Болашақ” бағдарламасы арқылы 3000 студентке жыл сайын шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында халық ақшасы есебінен білім алуға жіберуде. Десе де осы уақытқа дейін “Болашақ” шәкіртақысын иеленген жастардың шетелде түрлі қылмыстар жасап, ел атына кір келтіру оқиғалары кездесіп жатыр. Америкаға “Болашақпен” білім алған Әсел есімді қыздың кісі өліміне қатысты деп сотталып, біраз уақыттан соң барып қайта ақталғанын дүйім жұрт жақсы біледі (рус). Бұл жайт шетелге оқуға жіберуші жастармен ала дайындықтардың дұрыс жүргізілмегендігін көрсетеді деп ойлаймын. Сондай ақ қыз балалардың шетелде білім алып жүріп, шетел азаматымен отау құрып, ел ақшасын ысырап етіп жатқан оқиғалар да ұшырасуда.

Youtube ке Сингапурда оқып жатқан студенттер жайлы бейнехабар орнатқан aikokzsg өткен жылы 30-32 студенттің білім алып жатқанын жазған екен.

Шетелде білім алып жатқан қыз баланың баладан бас тартуына қатысты бірнеше жорамал жасауға болады:

  1. Үй ішіне, туыс-туғаннан шетте жүріп бала тапқанын жасыру
  2. Карьераны ойлағандықтан, ерте жаста (20 жаста) ана болуды қаламау
  3. Денсаулығының нашарлығы
  4. Иманның жоқтығы.

Қалай десек те, туған баласынан бас тартып, оны қоқысқа апару адамшылық емес. Бұл шетелде білім алып жатқан қазақ қызының жасаған бізге белгілі бір ғана қылмысы. Осындай оқиғалардан соң, “қызға қырық үйден тиымның” кеткеніне налисың. Отаннан жырақта жүріп, білім алу оңай емес екендігі түсінікті. Шетелдегі қазақ студенттерінің өз ұйымдары, психологиялық жәрдем берер орталықтар болғаны дұрыс-ау деп ойлаймын. Әйтпесе, әлі азаматтық көзқарасы қалыптаспаған, өмірдің қатал сынын түсінбеген өрімдей жастарды (20 жастағы) шетелге оқуға жіберу қажет емес болар.

17 пікір »

  • Askhat says:

    Имансыздықтың көрінісі. Ең бастысы сол жақта бірге оқып жүрген Қазақстанның басқа студенттері, құрбы қыздары неге оған жәрдем бермеді екен деп ойлаймын…

  • elvira says:

    negizi janagi gazet pa ne (mende ashilmadi) kizdin okip jurgen univeri men kay kaladan kelgenin nakti aytui kerek edi. Aytpese kiz bilay ayta salgan da bolui mumkin goi. Tipten Kazak kizi bolmaui da mumkin. Men KG kizdardin ‘kazakpiz’ degenderin kop estiymin misalga. Tolik maliment berilmegendiginen kumandanip turmin.

  • Қай ұлттың адамы болса да қиын екен мына бір келеңсіздік. Қынжылтпай қоймады…

    Адам әзәзілдің құрсауында қалған кезде сол жаман болар…

  • Askhat says:

    Негізі қазақстан әйелі деп жазылған. Шетелдіктер Қазақстан азаматының барлығын kazakh деп қабылдайды ғой. Шамасы емханаға тіркелгенде, полиция бөлімшесінде оның ID қаралған болса керек. Ал шетелде мәлімет таратушылар әдетте сотқа қатысты ақпараттарда кісінің аты мен ұлтын көрсетпейді. Менің ойымша, бұл қыз “Болашақпен” емес, өз күшімен кеткен болар. “Болашақ” мұндай жас балаларға шәкіртақы бермесе керек-ті…

  • Janarbekj says:

    Хабарда
    Supt Gunarajan said the woman tried to have an abortion in Singapore but found

    the rules and punishment there to be too strict.

    “She came here two days ago and stayed in her friend’s apartment,” деліңген. Ал ол бала сонда 9 ай болғанда аборт жасату үшін жүрген бе? Елвираның айтқаның жаны бар және Мақала факті келтіріп жазылмаған. Сондықтан әзірге сенбеймін.

    Ал егер Қазақ мейлі басқа ұлт болсын мұндай іске барғаны үшін сол адамда, оның мемлкекетіде,дос жарандарыда жауап беру керек.

  • Askhat says:

    Сингапурде оқып жүрген бір студентпен хабарласып едім, ол да “Мұндай жаңалықты естіген жоқпыз. Біз өзі азбыз. Ондай болған болса, білуім керек еді. Менің ойымша бұл шын емес” деген жауап жазыпты.

  • Tomiris says:

    көзіміз қысық болғандарын бәрін қазақ деп ойлап қытай емес бол жолы қазақ деп жазып көрелік деп тәуекел барған шығар.
    Мына үрдіске қарағанда шетелдіктер қазақты әлі толыққанды танымайтындығын білдіртіп қойды.

  • Кім біледі, “Болашақ” бағдарламасы аясынан тыс, өз ырқымен кезбе біреу де болуы ықтимал. Және әлгі зерделемелерге илансақ, төлқұжаты бойынша Қазақстандық, бірақ ұлты басқа болуы да мүмкін, анық сол жағы қызық болса…

    Осы жағдай анық айтылғандай орын алған болса, тағы бір сын болғалы тұр… Ұлттығымызға…

  • aiko says:

    Men Singapurda ekinshi zhyl okip zhurmin, youtube ke video ornalastirgan men bolamin. Birak mening oiimsha bul otirik maqala. Mumkin zhangagi kiz KZ tan emes, Bolashak bagdarlamasinan ekeni tipti shin bola almaidi. Bul zhakta Bolashak bagdarlamasimen okitin 7 kiz bar. men olarding barligin bilemin. Sondiktan men bul makalaga tolik maglumatpen zhabtiktamagani ushin senbeimin.

  • Bakytnur says:

    Shetelderde ult degendi azamattyq dep tusinedi, birak kai ult bolsa da eger Kazakstandyk bolsa jaman bolgany…

    Ekinshiden Singapurdegilerdin barligi bir birimen kontaktde deu kiyin…

    Estise de aitpaityndar bolady t/b

  • Askhat says:

    Aiko, пікіріңізге көп рахмет. Істің мән-жайын толық білуге жәрдемдесер жан Сіз ғанасыз. Шынымен де әлдебіреу біздің еліміздің атын жамылып қылмыс жасаған болуы мүмкін. Оны да жоққа шығармаймыз. Менің білейін дегенім жалпы, егер Сингапурда мындай оқиға орын алса, оның жазасы не болмақ?

  • Daulet says:

    Singapurda, kazaktar az sondiktan, barimiz bir-birimizdi bilemiz. Ol kiz singapurdan bolsa, bizben katinaskan jok. Mumkin adeiyi katinaskan jok. Eger komek surasa, arine komektesemiz!!! Bizdi tas jurek deisiz be???

  • Aleke says:

    Салам алейкум барлык агайнга
    Жогарыда жазылган макаланы окып кайран калдым, адамдар неге отирик нарселерды жазады екен мен озим Сингапурда окимын, барлык казактын кыздырын жане балдарын танимын. Барлыктары болашактагы ел мактанышы жане келешекте Казахстан Республикасын ен беделды мемлекеттер катарына косу ушын аянбай жумыс ыстейтын жандар. Бул макаланы жазган адам отирикшы.

  • aiko says:

    Men bul turali singapurlik gazetten okuim kerek edi, birak bul zhaktin gazetteri bul turali esh narse aitkan zhok, bizding elshilikting adamdari da esh narse aitkan emes bizge, sondiktan bul makala magan sengisiz.
    Eger de kishkentai bala tastap ketken saldarinan shetinep ketse onda 7 zhil ga deiin sottaladi zhane 20000 dai shtaf toleidi.
    Baska zhagdaida 4 zhyl ga dein kamaladi zhane 4000 dai shtraf toleidi

  • Askhat says:

    Түптеп келгенде бұл оқиғаның жалған екендігі анықталса, шетелде қазақтын атын малданып, қылмыс істеп жүргендер бар деген сөз болғаны ғой. Егер бұл іс өтірік болса, неге ғұзырлы органдар қате мәлімет таратқаны үшін Бернама агенттігін жауапқа тартпайды деген сұрақ туады?

  • Rustem says:

    Ия,ол казак емес мумкин Казакстан азаматы шыгар.Неде болса мусулманшылыкка жат кылык екен.

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.