Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Қоғам

Мемлекет халыққа жалға пәтер бермек

Авторы on Tuesday, 1 December 2009
Қоғам
Пікір жоқ

Бірақ бұл баспанаға деген зәрулікті жоя ала ма деген сұраққа жауап табылмай тұр. Жобада жалға берілетін пәтердің бір шаршы метрі алматылықтар үшін айына бір мың мен екі мың теңге арасында болады делінуде.

Алматы қаласының тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға пәтер берудің құны шаршы метріне бір мың мен екі мың теңге болмақ. Егер бір бөлмелі пәтер қырық шаршы метр болса, ол үшін шамамен ай сайын қырық пен сексен мың теңгенің арасында пәтерақы төлеу керек. Жобаға енгізіліп жатқан ережелерде жалға алынатын пәтерді кейін сатып алу жағы да қарастырылуда.

Алайда, үкіметтің баспана мәселесін шешудегі алдыңғы жобалары ойдағыдай болмағаны белгілі. Сондықтан бұл жоба әзірге қағаз жүзінде әдемі болып тұр. Іс жүзінде қалай атқарылатыны анық емес. Осы уақытқа дейін кезекте тұрған жандар мен тамыр-таныстық арқылы алынып кететін пәтерлер оқиғалары қалай шешілмек? Үлескерлердің үкілі үмітін өшіре жаздағандар қалай ақталмақ? Осындай сауалдар қазір депутаттар да жауап іздеуде.

Депутаттар қазір бұл пәтерлерді бірінші кезекте бюджет қызметкерлеріне беру керек дейді. Сөздің жаны бар. Бірақ бюджет мекемесіндегілердің айлығы пәтерақыны төлеуге жетер жетпесін ескерген жан бар ма екен? Қазіргі нарықтағы бағалар бюджет мекемелерінің жалақыларына қосылған үстеменің шетін мүжіп жатқаны жасырын емес. Осынау сансыз сауалдар үкіметтің бастамаларына деген күдікті де көбейтеді.
Десе де жақсылықтан үміттімін. Қазір тұрғын үй алудың тәртібін реттейтін заңнамаларға өзгерістер енгізілсе, мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлауы мүмкін. Себебі жаңа ереже бойынша пәтерде жалдаған адам оны кейін сатып алатындай мүмкіндіктер қарастырылуда. Бұған қол жеткізу үшін әуелі заңның тетіктерін ретке келтіру керек. Әзірге заңның барлығы ретке келмейінше, пәтерді жалға берудің мемлекеттік жобасы іске қосылмайды. Дамыған елдерде пәтерді жалға беру тәсілі кең тараған. Бір атап өтерлігі, жалға берілетін пәтер бағасы әр өңірде әртүрлі болмақ.

Сурет СС рұқсаты негізінде фликр торабының ilike есімді қолданушысының мұрағатынан алынды

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.