Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Қоғам

Министрдің “Келінінде” мін жоқ

Авторы on Tuesday, 22 December 2009
Қоғам
4 пікір

1 млн. еуро жұмсалып түсірілген «Келін фильміне қатысты ел ішінде әлі де пікірталас толастамай тұр. Белгілі қайраткер, парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухат «Келін» тәрізді фильмдер Қазақ ұлтын мансұқтайды деген болатын.

Бірқатар жастар ұйымдарының өкілдері де аталған фильмнің «Оскар» сыйлығына ұсынылуына қарсылық танытқан. Десе де Мәдениет және ақпарат министрі

Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Келін» фильмінің қазақ тарихына қатыстылығы шамалы» деп мәлімдеді.

«Келін» фильмінде соншалықты «әкетіп» бара жатқандай зорлық-зомбылық бар деп есептемеймін, деді министр. Оның сөзін ҚазТАГ агенттігі таратты.

Министр ел ішінде киноға қатысты пікірлердің туындауын осы уақытқа дейінгі кино саласындағы үдерістердің заң жүзінде реттелмегендігімен байланыстыруда. Келесі жылдан бастап заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан аумағында көрсетілетін кез-келген фильм реттелетін болады, ондай фильмдерді көрсету үшін прокаттық куәлік болуы тиіс.

Министр Мұхтар Құл Мұхаммедтің айтуынша, ұлт намысын қорлайтын фильмдер заңда реттелмеген мүмкіндіктерді пайдаланып, ойына келгенін істеген азаматтардың ісі болып отыр.

«Келін» фильмі 2006 жылы өндіріске шықты. «Қазақфильм» студиясының базасында дайын болып, мемлекеттің мол қаражаты бөлінгендіктен туынды прокатқа жіберілген.

4 пікір »

  • Asan says:

    Келін фильміне 1 млрд. емес, 1 млн доллар жұмсалған

    • Askhat says:

      Рахмет, Асан! Сонша үлкен соманы қалайша жазып қойған екенмін десем :) Байқап қалғаныңа көп рахмет!

    • дастан says:

      Сонша шулататындай масқаралық бола қойған жоқ. Осы жұрт тарихи дерек немесе тарихи шындықты неге өнермен шатастыра беред. Екен кино деген өмірді бейнелеп, әсерлеп, түсірушінің өнер туындысы емес пе!?

  • zaure says:

    Бұл кино туралы дау үдеп бара жатқаны қаржыны мемлекет берген екен ғой. Кино түсірердің алдында сценариі оқылып, “рұхсат” алушы еді ғой. Сонда Қазақ фильм кино не туралы болатынын білмегені ме? Шуылдатып, шуылдатып, 50 млн-ды біреудің қалтасына салып берген Көшпенділерге ешкім ләм лим демеп еді, мына киноға келгенде барлығының намысы қозып қалғаны қызық болды.

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.