Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Экономика, Қоғам

Мұғалімдер ашынып отыр

Авторы on Thursday, 31 January 2008
Экономика, Қоғам
24 пікір

Ел ішін жайлап бара жатқан қымбатшылық үлкен бүлікке бастауы ықтимал. Дәл қазіргі уақытта қоғамдағы ашынып отырған жұмыссыз, баспанасыз отырған топқа, бюджет қызметкерлері де қосылуда.

Осы аптада базалық айлық көрсеткіштерінің төрт жыл бойы 8712 теңгеден өзгермеуіне налыған мұғалімдер, кәсіподақ одағына хабарласып, іс тез арада өз шешімін таппаса, ереуілге шығуға да дайын екендіктерін жеткізді.

«… Мен мектепте мұғалім болып қызмет жасаймыз. 3-перзентім бар. Айлығым балдарыма, отбасымды асырауға жетпейді…» деп басталған хаттарға толы арыздарды Астана қаласындағы Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрайымы Майра Тұрғанқызы алдыма жайып салды. Ақ параққа құлашынан жазылған мектеп мұғалімінің жазуын оқып отырып, еріксіз түңілесің. Білім беру жүйесіндегі олқылықтарды мектеп мұғалімінің арызындағы тұнып тұрған емле қателері де көрсетіп тұр. Мектеп мұғалімінің аз ғана айлығына көзі ашық, сауатты мамандар жұмысқа бармасы түсінікті.
Білім жүйесіндені қордаланған мәселенің ұшы бюджеттен ақшаны жырымдап үлестіретін жандарға келіп тіреледі. Жыл сайын Елбасының жолдауында бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтерілетіні айтылғанымен, ай өтпей жатып, ел ішін қымбатшылық иектеп, қосылған мардымсыз ақшаны жұтып қояды. Алайда биылғы жылы мектеп мұғалімдерінің айлығына үстеме ақы қосылған жоқ. Оны айтасыз, төрт жылдан бері базалық айлық көрсеткіші 8712 теңге деген саннан қозғалмаған. Бұл жылдың ішінде жанар-жағармай мен азық-түліктің қаншаға өскені әмбеге аян. Тек Үкіметке ғана белгісіз тәрізді…
Жалпылай айтар болсақ еліміздегі мектеп мұғалімінің орташа жалақылары 33 855 теңгені құрайды. Бұл ақшаға мұғалімдер бала-шағасын асырап, жол ақысы мен пәтер ақысын төлейді. Жүдеп-жадаған, өз елінде өгейдің күйін кешкен мұғалім қайтып жастардың бойына имандылық пен ибалылықты, ұлтжандылықты сіңірсің? Қазақ қоғамындағы мұғалім мәртебесінің төмендеуіне де осы еңбекақының төмендігі әсер етуде.

«Жаңа бюджетте айлыққа ақша қосылмайтынын біліп, үкіметке хат жазып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздардан хат келді. Сауалнама да жүргіздік. Сауалнама нәтижесі еліміздегі ұстаздар қауымының 90 пайызы ереуілге шығуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Әсіресе Астана қаласындағы мұғалімдердің жағдайы өте қиын болып тұр»

деді менімен әңгімесінде «Әділет» Астана қалалық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Балнұр Мұзаппарқызы.

24 пікір »

  • Tomiris says:

    Енді шынымен өте ұят қой, білім қайдан көтерілсін. Мысалы Атырауда шетел фирмада еден жуушының көбісі мұғалімдер. Мектепте жиырма жыл істеп, жақсат естімегесін, үнемі айлығы бір қалыпты болғасын ештеңеге жетпегесін алпыс мың үшін еден жууға кетіп жатыр. Үкімет менің жағдайымды ойламаса менде елдің баласын ойлап қайтемін дейді егер сұрай қалсаң….
    Осылай жүре берсе, білім деңгейі ешқашан көтерілмейд…
    Баяғыда ақ ереуілге шығу керек еді…. Шыдамдының да шегі бар… Ұят қой! Мұғалімдердің күшін пайдалану ұят қой… Қырық үйдің қырық қояншығын тәрбиелеймін деп нерві кетеді, көрнекі құрал тағы кетеді. Артық уақыттарын тағы жұмыс алады. Артық сағатқа да ақша төленбейді…. Мұғалімдер арасында бұрынғыдай бәсеке де болмайды. Общым бәрі нөллллллллл!
    Ереуілге шығу керек!

  • Askhat says:

    Негізі мен де педагогпын ғой. Мұғалімдердің айлығы төмен болған соң, мектепте жұмысқа бармадым. Шынымды айтсам, группамызда жақсы бағаға бітіріп, мектепте жақсы мұғалім бола алатындардың ешқайсысы да мектептке бармады. Қазір енді сол педагогтық біліктілігімді блогқа байланысты семинарларда пайдаланып жүрмін.

  • Bakytgul says:

    Негізі оқу бітірген жастардың мектепке мұғалім болып бармауы ақшаға көп байланысты емес, олар мұғалім болғылары келмейді. Оқуға түскен кезде де мұғалім боламыз деп түспейді, әйтеуір жоғарғы білімі бар деген диплом алсақ болды деп ойлайды. Мәселе басқада …

  • Bakytgul says:

    Сонымен бірге жұрт алдында сөйлей алу, ұйымдастыра алу, презентация жасау т.б. тек қана педагогтарға емес, барлық мамандықтарға қажет біліктілік. Тек адамдар өздерінің мінезі, табиғатына байланысты жұмыс барысында бұл біліктілігін дамытып, жетілдіре алады немесе қажет етпейді

  • Askhat says:

    Жеке өз басым, егер мұғалімдердің айлығы дұрыс болса, мектепке барып қосымша сабақ беруден бас тартпас едім.

  • Маржан says:

    Бакытгулдын айтканымен келисе алмаймын. Мен мугалим болгым келмеген. Бирак туыстарымнын мажбурлеуимен тусуиме тура келди. Институтта окып жургенде, алган билимди актау миндетим деген пикирге келдим. Содана уылдык мектепке (кызыл дипломмен) барып жумыс истедим. Ауылда мен сиякты кызыл дипломды, билимди жас мугалимдер баршылык еди. Бирак бизге не билимин жаксы деп карамады, не жас маман деп жагдай жасамады. Алатын жалакы да маз емес. Соган карамастан ауылда алты жыл жумыс истедим. Жуйкеден жуйке калмады. Менимен жумыс истеген мугалимдердин биркатары жастай дуниеден отип кеткендери де бар. Олага ауырып жургенде дурыс жардемакы да бермеди. Ал тентек балага урсып, еки койсан, сол ушин типти далакынды кесип тастайтын кездер де болатын. Мектептин абыройына нуксан келтиресин еки койма деп. Осынын барине мугалимдер кашангы козин жауып отырмак. бугинги укимет мугалидер мен даригерлерди кулша жумсап, канап жатыр. Оздери бален мын доллар жалакы алады, ал мугалимдер мен даригерлер жане онер адамдары кайыршынын куйин кешип жур. Мен алты жылданс он мугалимдиктен кеттим. Енди мектепке олсем де жолай коймаспын. Акшанын барин калтасына басып отырган шенеуниктер оз баласына билиди шетелден береди, кара халыктын баласын негылсын. Абден тойып, семіргендер.

  • Маржан says:

    Жазгандарымды енди окып отырсам эмоциямен отырып кателер коп жибергенимди байкап калдым. Ол ушин окырманнан кеширим сураймын. Жумыс сонында шаршаган да бар, асыкканнан да болар. Кешириниздер.

  • Askhat says:

    Пікіріңе рахмет, Маржан! Кешірім сұраудың қажеті жоқ. Бәрін дұрыс айтқан секілдісің.

  • Bakytgul says:

    Маржан, өзіңіз де айтып отырған жоқсыз ба, “мұғалім болғым келмеген, мәжбүрлеумен түстім” деп. Жақсы көрмеген мамандық болған соң өзіңізді қинап жұмыс істегенсіз. Мен жалақы мәселесі туралы айтып отырған жоқпын.

  • Tomiris says:

    Бақытгүл өзіңіз барар ма едіңіз, ақшасы аз мұғалімдік жұмысқа барар ма едіңіз. Айлығын екі айда бір беретін мектепте жиырма жыл істей бересіз бе? Барлық мектептің жалақысы бірдей және уақытылы бермейді….Істегісі келеді ғой, бірақ тамағыңа үйдің квартплатына, көрнекті құралыңа, жолақысына, киім кешегіне, қыдыруына жетпесе мұғалім болғаннан болмағаны артық қой….

  • Айнура says:

    Сiздер ойлагандай мугалiмдердiн барi сауатсыз емес. Мен гимназияны, АлМУ-дын физика-математика факультетiн жане магистратурасын бiтiрiп сол карапайым мектепте мугалiм болып журмiн. Акша аз толейдi деп озим сиякты карапайым адамдардын баласына обал жасамау керек. Мен ушiн заман тыныш, карын ток болса болды.

  • Askhat says:

    Айнұр, сәлем! Әрине бәріне бірдей күйе жағып отырған ешкім жоқ. Бар болғаны қалыптасып келе жатқан тенденциян айтып отырмыз…

  • Мен ер мұғаліммін, оның үстіне біліктілгім жоғары деңгейдегі мұғаліммін.24 сағат, класс жетекшілік,дәптер тексеру барлығын қосқанда қолыма 29-30000 теңге аламын. Енді айтыңыздаршы осы ақшаға толық қанды өмір сүру үшін не істеу керек?. Қандай құпияны білу керек?. 4 адамнан тұратын жанұям тағы бар.

  • Askhat says:

    Түсінемін, Берікбол! Мұғалімдердің мәртебесін көтеру керек.

  • Жайнагул says:

    Қандай жақсы блок!
    Жаңа ғана көріп қуанып отырмын.Жоғарыдағы педагогтардың жазып отырғандары айдан анық,бір өтірік жоқ.Қазақстандағы әр бір мұғалімнің ,асындағы жағдай. Мен де педагогпын. Әзірше іс жүргізуші болып істеп жатырмын. Жалақым 12000 оның 800 зейнет ақыға кетеді қолға алатыным 11 мың, екі жас балам бар оларды әкесі қарайды, үй алған кредиттің ақшасы және бар. Сонда ойлай беріңіз 11 мыңды қайда жеткізем. Өзім үйде отырып жолдасым жұмыс істесін десем біздің районда жұмыстардың көпшілігі өте ауыр жалақысы 15 мың оның өзін кейде бермей алдап кетуі мүмкін. Менің жалақым аз да болса тұрақты , сенімді ғой деп істеп жатырмын.Басқа облыстармен салыстырғанда Солтүстікте , яғни бізде жалақы керісінше жоғары болу керек еді, әйтеуір түсініксіз. Мемлекет басындағылар осыны да ойластыру керек сияқты. Қмбатшылықты былай қойғанда суығының өзі неге тұрарлық. Мұғалімдердің жағдайы кезек күттірмейтін мәселе, тез арады реттелуі керек. Себебе қағамымыздағы мұғалімдердің көпшілігі нәзік жанды әйел адамдар. Оның үйдегі шаруасы , яғни баласы, жұбайы т.с.с бір төбе, мектептегі жұмысы өз алдына бір төбе екені айтпаса да түсінікті. Оған мына қысып тұрған қымбатшылық сияқты психологиялық жағдайларды қосыңыз. Бұл деген сұмдық қой. Нәзік жандылар қашанғы сорақы күй кешеді аяу керк қой! Аяу керек!

  • Жайнагул says:

    Бұл шынымен де реттелу керек. Жастардың бұзылуы, мектептегі балалардың тәрбиелерінің төмендігі күнделікті күйбең тіршілік деп жүрген аналардың үнемі болмаса да кейде балаларының тәрбиесіне назар сала алмай қалуынан емес пе?Бұл бағытпен жүре берсек қоғамда жаппай тәртіпсіздік орнайды-бір, білім сапасы төмендейді-екі, халық ашынады-үш ары қарай не болары айтпаса да түсінікті. Халықты қуантып Президентіміз жақсы бастамалар бастайды-ақ қостаушылар шамалы. Сонда халқпен жұмыс істеп жатқан азаматтар кімді алдауда Президенті ме, әлде халықты ма?! Ана мен бала, ұстаздар, ауылдар мәселесі …

  • Нурлы says:

    Салем, Аяулы Ұстаздар! Ақша, ақша деп баланың тәрбиесі мен білімі жайына қалғанын сезінбей қалып журмеңіздер. Ақша байлық емес, білім байлық!

  • Нурлы says:

    Сәлеметсіздер ме, аяулы Ұстаздар! Ақша, ақша деп жүріп баланың білімі мен тәрбиесі төмендеп кеткенін байқамай қалып жүрмеңіздер. Ақша байлық емес, білім байлық!

  • Talgat says:

    Біздің елде мұғалім-мемлекеттің құлы. Оның “Адам жетектеген құлдан” айырмашылығы қайсы? Мұғалімге жағдай жасалмай қоғамның ауруы жазылмайды. Қазіргі біздің білім бойынша әлемдік деңгейде алдыңғы орынннан көрінуіміз жапондар айтқан “бір компанияның 100 қадам аттағаны емес, 100 компанияның бір қадам аттағаны даму” дегенге сәйкес келмейді. Өршіп тұрған сыбайлас жемқорлықтың да білім беру жүйесімен тығыз байланыстылығы қоғамымыздың ертеңгі күніне деген сенімсіздікті күшейтеді.

  • Ғалымжан says:

    Мектептегі білім сапасының нашарлап кеткені өтірік емес, бұған аурухана дәрігерлерінің, жоғары оқу орындары ұстаздарының жағдайын қосыңыз. Мемлекетіміз қазіргі тауып жатқан табысы жөнінен алдыңғы қатарда, жыл сайын миллиардерлеріміз де көбейіп келеді.
    Ал қарапайым халықтың жағдайы сол баяғы қалпынша. Елбасы жылына 1 рет қазақты алдап қояды, бәрі жақсы деп, ал біздің қазақ сол көнбіс қалпында жүре береді.
    Меніңше Ел билігі түп тамырымен өзгермей жағдай түзелмейді. Совет кезінде қызмет жасаған партократтардан, сонымен қатар 1990-2000 жылдары елімізді шетел инвесторларымен қоса тонаған пысық жігіттерден БИЛІКті тазарту керек.
    Билікке таза қазақи тәрбие алған 30-45 жас аралаығындағы жігіттер келуі керек. Шетелдіктердің қолындағы барлық мұнай және рудалы кенорындары, металлургиялық зауыттар мемлекетке қайтарылуы керек.
    Тек сонда ғана мұғалімнің, дәрігердің, жұмысшының жағдайы жақсарады.

  • aisha says:

    Мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын көбейту қажет. Себебі жалақы аз болғаннан кейін мұғалімдер саны да азайып кетеді. Білімді, тәрбиелі ұрпақ болмай, біз мықты мемлекет бола алмаймыз!!

  • Мәншүк says:

    Бұл шындық. Мұғалімдердің мәртебесі де, деңгейі де, алатын ақшасы да түсіп кеткен. Біздегі депутат сымақтар, осы жай туралы айтудың орнына өз мәселелерін айтып келетіні әмбеге аян. Біздегі өкінішті жайт та осы.

  • күлпаш says:

    Мұғалім туралы айтылған шындықты оқып, шынымды айтсам,толқып кеттім.Ақшаға қарамай балаға шын ниетімен білім беріп жатқан ұстаздар ,құдайға шүкір ,әзірге бар.Жолдастары жоқ(қайыс болған) мұғалімдер өз балаларын оқытып,қызды қияға,ұлды ұяға қондырған ұстаздар да бар,бірақ табыс табу үшін көп сағат алып,жұмыс жасауға тура келді ғой,енді денсаулық жоқ.Мұғалімдер аз ақшаға қанағат етіп, жұмыс жасай береді(шын мұғалім),оларды қағаз бастылық пен мұғалімді балаша анда-мында жұмсай беретіні титықтарына тиеді.Қалай десе де елдегі білім ұстаздардың еңбегінің арқасында жас ұрпаққа беріліп жатыр.Ұстаз ретінде айтарым,ұстаздың беделін ешкім көтеріп бермейді,оны тек ұстаздың өзі көтереді.Мектепке дұрыс директор қойылу керек және қала,аудан,облыс көлемінде сауатты,адамшылығы бар кадрлер басқару керек,сонда біраз шаруа жасалады ұрпақ тәрбиесінде

  • Erke_ky3 says:

    Иә,біздің елде мұғалімдердің жалақысын көтереміз дегенше “Айта айта Алтайды Жамал апам қартайды болады” ғой

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.