Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Қоғам

Саятшылыққа қызыққан қыз

Авторы on Monday, 8 March 2010
Қоғам
2 пікір

IMG_3507Қарағанды облысындағы Шет ауданында қаракөз, бұрымды, көрікті Мақпал деген қыз бар, соңғы екі-үш жылдың ішінде оның аты телевидение, газет пен интернетте жиі айтылатын болды. Неге десеңіз, Мақпал Әбдіразақова – бүкіл Қазақстанға белгілі құсбегіші, талай республикалық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанған. Өткен айда сәті түсіп, Мақпалмен танысып, әңгімелесуге мүмкіндігім туды, төменде әңгімемізден үзінді.

- Мақпал, алғашында саятшылық немен қызықтырды, құс баптау кәсібіне қалай келдің?

- Бала кезімде әкем – белгілі құсбегі Мұрат Әбдіразақов – үйде жоқта құсқа тамақ беріп, қолыма шақырып, баптауды үйрене бастадым. Кейін оны аңға қалай салатынын да өз көзіммен көрдім. Осылайша ішкі жан-дүниеммен осы өнерді қаладым.

- Үлкен жарысқа алғаш рет қашан шықтың, ол қай жерде болды?

- Үлкен жарысқа 2002 жылы он үш жасымда шықтым. Бұл жарыс Алматы облысының Есік қаласында болған. Сол кезде үлкен кісілер баталарын беріп аттандырған болатын. Дәл осы жарыста бас жүлдеге ие болдым.

IMG_3525- Осы күнге дейін қанша құс баптадың, олардың бір бірінен айырмашылығы қандай екен? Мысалы, жарыстарға бірге шығатын Ақ желкеннің басқалардан ерекшелігі неде? Қырандардың мінездері жайында да айтып өтсең.

- Алдында айтып өткенімдей, бала кезімнен құс баптауға қызықтым. Олардың ішінде бүркіт те, қаршыға да бар. Қаршығалар қыста біздің аяздарымызға онша шыдамайды. Жарыстарға Ақ желке бүркітіммен шығамын, қазір ол сегізде. Кейде ашуланып қалатыны бар, ол кезде онымен жылы сөйлеп, бір бабын табуға тырысамын. Мен жоқта басқаларға томағасын кигізбей, жатырқайтыны да болады. Даусымды біледі, алыстан естіп, танып қояды.

- Өзіңді саятшылық жарыстың спорттық сипаты әлде өнердің табиғи сұлу­лығы көбірек  қызықтырады?

- 1999 жылы елімізде құсбегілер жарысының ережесі қабылданды, осыдан кейін саятқа ұлттық спорт түрі ретінде қалай қарамасқа. Бүркітшілік өнерімен спорт шебері атандым. Саяттың денсаулыққа пайдалы спорттық қасиеттері де бар. Таза ауада серуен құрып, қансонарда із қуып, сан қилы қызықты көзбен көргенде шаршағанның сейіліп, жақсы тынығасың. Саят дертке шипа, бойға қуат беретін өнер, әрі спорт.

- Қазақтың саятшылық өнерін ары қарай дамытамын деген арманың бар екенін бұрын берген сұхбаттарыңнан білемін. Жалпы, Испанияның өзінде 160, ал Қазақстанда 40 қана құсбегі бар деген мәліметтерге қарағанда, ұлттық жарыс ретінде қыран баптау өнері жайында адамдар көп біле бермей ме, әлде осыған қызығушылық танытпаудың басқа салдары бар ма?

- Біздің қарағандылық «Қайрат» ат спорт мектебінде бүркіт ұстауды, тамақтандыруды, баптауды үйретеді. Оған біраз жастар, балалар қатысады, ішінде құс баптауға қатты қызығатындар да бар. Менің айтпағым, дәстүрімізді жаңғырту – құсбегілік өнерін дамыту – енді-енді жолға алынуда. Жыл сайын жарысқа келген қатысушылар саны көбеюде. Болашақта халқымыздың көне дәстүрі әлемдік деңгейде танылады деген сенімім бар.

- Әңгімеге көп рахмет, қанжығаң майлана берсін.

2 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.