Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Қоғам, үнхабарлар

Тимурдың «Қара найзағайы»

Авторы on Sunday, 10 January 2010
Қоғам, үнхабарлар
3 пікір

Қаңтар айының басынан Қазақстан кинотеатрларында белгілі киноқоюшы Тимур Бекмамбетовтың «Қара найзағай» атты жаңа жобасы көрсетіліп жатыр. Киноның алғашқы жабық көрсетілімі 31 желтоқсанда Астана қаласында болды. Ұлты қазақ, бірақ Ресей азаматы саналатын Тимур Бекмамбетов көрермендерге өзінің «Түнгі шолушы» сияқты голливуд үлгісімен жасалған киножобаларымен танымал.

Тимур Бекмамбетов өзінің жаңа киносын жаңа жылдық ертегі деп атайды.

«Бұл кино отбасыңызбен бірге көруге арналған, себебі әрбір ата-ана өз баласының жақсы болғанын қалайды»

-дейді киноқоюшы өзінің туындысы туралы.

Киноның басты кейіпкері Мәскеу қаласында тұратын қарапайым студент. Әкесі оған туған күніне ескі волга мәшинесін сыйлайды. Сол күннен бастап кейіпкердің өмірі өзгереді. Ескі волга мәшинесінің ғажайып қасиеттері бар екен: машина ұша алады.

Аталған киноны тамашалған қазақ блогшысы Қуаныш та өзінің жазбасында

Фильм жоғары сапада түсірілген, күткенімнен артық болды,

дейді.

Ғажайып мәшинесінің көмегімен қыруар ақша тауып, Мәскеу қаласының үстінде алаңсыз шарықтап жүреді. Бірақ бір күні жиырма жасар жігіт жаман мен жақсының арасын айырып, жақын адамдарын қорғау керек екенін түсінеді. Осылай Мәскеудің аспанында хас батыр пайда болады.

Киноқоюшы бұл фильмде махаббат, кеңпейілділік, бақыт секілді ұғымдарды жеткізуге тырыстым дейді. «Сондай ақ өзің үшін емес, өзің жақсы көретін жақын адамдарың үшін өмір сүру маңызды екенін басып айтқым келді. Киноның кейіпкері жастар еліктейтін үлгіге айналады деп сенемін»- дейді Тимур.

«Қара найзағай» Қазақстан мен Ресейде ғана емес, Украина, Беларусь, Гүржістан, Балтық елдерінде де көрсетілген. Киноны жасауға бір жыл уақыт қана кеткен. Тимурдың айтуынша, америкалықтар мұндай жобаға кем дегенде екі жыл уақыт жұмсайды. Өндіріске он миллинан долларға жуық қаржы жұмсалған.

Тимур келесі жазда “Қара найзағайдың” жалғасын бастамақшы.

Play

3 пікір »

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.