Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Интернет, Қоғам

Қазақ баласын асырап алған америкалық әкенің ойы

Авторы on Wednesday, 17 February 2010
Интернет, Қоғам
4 пікір
Төмендегі мақалада Қазақстаннан екі бала асырап алған америка азаматыныны енді тағы да екі қызды асырап әкеткен және Қазақстанға қатысты ойлары сөз болады.

Метюдің қазақилығы
AДжой отбасымен бірге Қазақстаннан тағы екі қызды асырап алу үшін үш ай уақытын Астана, Алматы Петропавел қаласында өткізді. Отағасының да оның ұлдарының да блогтары бар. Қазақстанда көріп, көңілге түйгендерімен олар ұдайы интернеттегі жеке күнделіктері арқылы бөлісіп отырады.

Бір ерекшелігі Джойдың Ақтөбеден бұдан жеті жыл бұрын асырап алған ұлы Метю – естияр. Әрі өзінің қазақ екенін бар жанымен сезінеді. Сондықтан да америкада тәрбиеленіп өскен Метю өзінің алғашқы жазбаларында:

«Мен Қазақстанға барғанда бәрі де менімен қазақша сөйлескісі келетін шығар. Ал мен қазақша білмеймін»

деп мұңаяды. Ал соңғы бір жазбаларын ол Алматыда жүргенде жазыпты. Өзінің кім екеніне үңілген ол: «Мен атақты Шыңғысханның ұрпағы екенмін» деп жар салады.

«Мен Қазақстан өз ұландарын жоғалтты деп ойламаймын», – дейді Ладжой. «Керісінше, ол ұлы даланың әлдебір қалтарыстарында жасырынып қалған дарынды ұрпағына сырт әлемге жол ашып, өзінің туған елін ерекше қастерлеуге, танытуға жағдай жасады.

Осы елден асырап алынған әрбір бала тек асыранды ата-анасының емес, өз халықтарының да бір бөлшегі. Олар ойдан құрылған «Борат» тәрізді елшіден әлдеқайда адал да, жақсы елшілер».

AAAAKazakhstan Christmas 043Астана туралы
Астанадағы сәтті сапары туралы Метюдің әкесі Ладжой былай деп жазыпты: «Бізді Александр мен Ирина қимай шығарып салды.Ұшағымыз АҚШ-қа үйге қарай бет алғанда үш ұлымыздың да мойнында Ирина сыйлаған Қазақстан туы бар еді. Ал қолдарында Қазақстанның шиколадтары болды. Біз бала асырап алған сайын осындай мейірімді жандардың ұшырасқанына шүкіршілік етеміз».

Соңғы сапарда олар Қазақстаннан екі қыз баланы асырап алу үшін келді. Оның бірі – Олеся, екіншісі – Анджела.

Қазақстан мен оның басшыс жайлы
Қазақстан жайлы өзінің ойларын Ладжой былай сабақтайды: «Білмейтіндер үшін айтып қояйын. Қазақстанның Совет Одағынан тәуелсіздігін алғалы жалғыз президенті бар. Асылында ол өз еліне көп жақсылық жасағандықтан оны көпшілік жақсы көреді.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында көпшіліктік көкейінде ел кеңес одағынан соң әрі қарай дамып кетеді дегенге сенім аз еді. Бірақ қазір күдік-күмән сейілді. Мен сөйлескен жандардың бәрі оны Қазақстан үшін көп еңбек еткен, жақсы басшы ретінде мақтады.

Өзгерістер келіп жатыр. Адамдар қазір оның жемісін де көре бастады және оның соңынан ергендердің қорқынышы да аз.

Бәйтеректің дәл ортасында күннің шуағы түскен алаңда тұрғанда, менде осы елде дүниеге келген ұлдарыма қарап тұрып, ұзақ жылдар бойы осы ұлдарымның әкесі болған Президент Назарбаевқа деген үлкен құрмет пайда болды. Бәлкім бұл ерсілеу естілетін шығар десе де, дәл осы кісі маған осындай керемет отбасы сыйлап, оларың қарны тоқ, көйлектері көк болып, жақсы білім алуына мүмкіндік берумен қатар, отбасы жылуын сезінуге мұрша берді. Бір күні Қазақстанда ешқандай да жетімдер үйі қалмас деген үмітпен Доминик екеуміз осы ұлы ұлтқа деген мәңгі қарыздар болып өтерміз».

Анашым, мен Қазақстанды сағынамын
aafirst days with girls 224-752093Астана да шетелдіктердің үлкен қызығушылығын тудырған. Өз сөзінде америкалық Астананы көлікпен аралап шыққанда, өмірімде көрмеген ғажап ғимараттардың куәсі болғанын баяндайды. Сұңғыла дизайн мен архитектурасы өзіне баурағанымен бөліседі. «Ақтөбе, Орал, Петропавел, Бішкек және Алматыдан кейін Астана олардың бәрінен де ерекше сезім сыйлады. Бұл қалада үлкен үміт бар. Ол жаңа, сұлу, және үмітке толы. Біз үшін сапарымызды осындай әсем көріністерді жүректерімізде сақтап қалуымыз ерекше маңызға ие еді. Себебі біз бұл арқылы Қазақстанның келешегін көре алдық» дей келе:

«Мен жаңа ғана осы Астана менің бір ұлыма ерекше әсер бергенін аңғардым. Метью: «Анашым, мен Қазақстанды сағынамын» деді. «Неге Метью?» деген сұрағына ол: «Себебі мен мені тойдырған жерді, туған елімді сағынамын. Себебі бұл ел өте әдемі. Әрі мен бұл елге енді қайтып келмеймін ғой» депті.

Оқырман тілегі
Қаршадай бала қазірдің өзінде өзекке тепкен елін қайтсе де сағынатынын айтады. Аталған жазба интернетте жарияланғандықтан оған пікір қалдырғандар да баршылық. Солардың бірі Лаел есімді оқырман: «Мен Метью бір күні осы елге қайтып оралады деген болжам жасағым келеді. Оған дейін сендер оған айналасына өзгерістер әкелере адамзаттың ұлы болу үшін күш қуат пен махаббат сыйларсыңдар» деп өз ойын білдірген.

P.S. Метюдің өзінің жеке блогы бар. Ол Kazakh kid, яғни Қазақ баласы деп аталады. Өз блогында он бір жастағы америка отбасында өмір сүріп жатқан бүлдіршін ойларымен үнемі бөлісіп отырады. Бір сөзінде ол: «Мен Шыңғысханның ұрпағымын» депті.

4 пікір »

  • Ansar says:

    Соңғы сілтемені дұрыстап қоясыз ба?

    Ақтөбеде де шала қазақтардың барын қайдан білсін.

  • Әсел says:

    ия, қызық мақала екен! дегенмен Метьюдің «Мен Шыңғысханның ұрпағымын» деген сөзі алаңдатады. бұл мақтануға тұрар сөз бе?! Шыңғысхан елімізді жаулауға келген, моңғол халқының ұрпағы емес пе?…

  • Куралай says:

    Жаксы жазыпсыз! Маган унады! Каны бир кандас-бауырдын шетел асып кетип жатканы журекти ауыртады… Алдагы уакытта да шетелде журген казак булдиршиндери жайлы берип турсаныз жаксы болар еди.

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.