Қазақ зиялыларына қапамын
Осыдан екi апта бұрын редакцияға Ақұштап Бақтыгереева келдi. Көңiлiмiз жақын, сыйлас, пiкiрлес ақынға соңғы кездерi көңiлiм онша толмай жүрген-дi. Келдi. Әңгiмелестiк. Сырластық. Көңiл-күйiм дұрыс болмай тұрды ма, әлде iшiме жиналып қалған дүниенi сыртқа шығарғым келдi ме, әйтеуiр артық-кем әңгiме айтылды сол жолы. Шынымды айтайын, iшiм босап, бiр жеңiлдеп қалдым. Бәленiң бәрi баяғы әкiмдерден басталды.
“Ақынды сыйлайтын әкiм қалмай барады”, — дедi ақын. “Үй берген әкiм мен марапат беретiн министрдiң сойылын соғып жүрген адамның қадiрi бола ма?!” — дедiм. Ойымда жүрген, көкейiмдi тескен көп жайт ақтарылды. “Шаңырақ” пен “Бақайды” ойрандап жатқан уақытта, ақсақал-қарасақалы бар, қазақ зиялыларының бiр тобының әкiмнiң жолдамасымен санаторийде демалып жатқанын айттым. Бiрдi айтып, бiрге кеттi деп сөге көрмеңiз, есiме бұған мүлдем қатысы жоқ бiр әңгiме түстi.
Шерхан Мұртаза “Қазақ әдебиетiнде” редактор болып отырғанында анасы сырқаттанып қалыпты. Жiгiттерден таныс дәрiгерлерi бар-жоқтығын сұраған екен, Сәбит Досанов елпең ете қалыпты. Таныс дәрiгерiне апарып, кейуананы емдетiп, сауап iс iстеген-ақ екен. Алайда, арада аз уақыт өткенде мақаласын алып келiптi. Мақаласы, әрине, алғай-шалғай болса керек. Шераға оқып отырыпты да, басын шайқап, “болмайды” дептi. Естуiмше, сол мақаласын Шерағаң сол күйi баспаған екен. Жақсылығы өтсе де! Мiне, табандылық! Ал қазiргi қазақ зиялысынан “Шаңырақ” туралы сұраңызшы, “Имекеңе тиiп кетедi ғой” деп ат-тонын ала қашады. Бiреуi әкiмнiң қолынан пәтердiң кiлтiн алған, екiншiсiне Имекең көлiк мiнгiзген, үшiншi бiреуi баласын қызметке қойған, тағы бiрi тағы бiрдеңе…
Адам ретiнде мен Иманғали Тасмағамбетовтi ұнатпаймын. Бiрақ, азамат ретiнде оны сыйлаймын, қадiрлеймiн. Дәл қазiргi күнi Тасмағамбетовтiң деңгейiндегi ұлттық кадр жоқ екенiн де бiлемiн. Мойындаймын да. Бiрақ, солай екен деп, мен оның кем-кетiгiнiң бәрiне көз жұмып қарамаймын ғой. Елге зияны тиiп кетсе, оны неге айтпауым керек?! Осы тұрғыдан келгенде, мен қазақ зиялыларының бейшаралығына қайран қаламын. Егер азаматтың артық кеткен жерiн айтып, ақылға шақырып отырса, ақсақалдарымыздың нағыз ағалығы сол болар едi.
Айтары жоқ, Мұхтар Мағауин — тұлға. Iрi тұлға, кесек тұлға. Бiрақ, қазақтың жерi сатылып жатқанда қыңқ етпеген, қазақтың шаңырағы ортасына түсiп жатқанда мәу демеген сол ақсақалымыз Иманғали Тасмағамбетовке қауiп төнгенде сонау Прагада жатып мақала жазды-ау. Бұл, сөз жоқ, ұсақтық. Әрине, азаматты қадiрлеу, азаматтың орнын бiлу, азаматты қорғау жаман нәрсе емес. Сауапшылық, тiптi. Бiрақ, қолында билiгi бар бiр азаматты қорғай алған сол ағамыз қолында түгi жоқ мың азаматты неге қорғай алмады?!
Мен соған күйiнемiн.
Бiз тұлғаның бәрiн зиялы деп ойлайтын секiлдiмiз. Әсiлi, тұлғаның да бәрi бiрдей зиялы бола бермесе керек. Мәселен, Фариза Оңғарсынова, сөз жоқ, тұлға. Мықты ақын. Ақиығымыз Мұқағали әнiне қосқан ақын. Сол Фариза зиялы ма? €зiнiң зиялы ретiндегi функциясын атқара алып жүр ме? Менiңше, ол түк те зиялы емес. €ре түрегелем десеңiз, өзiңiз бiлiңiз. Досым онсыз да көп емес, бiрақ, дұшпанымның қатары көбейедi екен деп те қарап тұра алмаспын. Мен, тiптi, осы ақын апамның адамшылығына күмәнмен қарай бастадым. Өткен жылдары Фариза апамыз “Валют Транзит банктiң” “меншiктi” ақыны болып кеттi. “Валют транзит” деген өлеңдер жаза бастады. Сол банктiң қожайындары, ерлi-зайыпты Андрей және Әлия Беляевтардың жанынан бiр елi қалмай жүрдi. Солардың былдыр-батпағын аударды. Жарайды, нәпақа тапқысы келген шығар дедiк те қойдық. Ал ендi күндердiң күнiнде сол Әлия және Андрей Беляевтардың басына күн туды. Өз кiнәсiнен бе, бiреулердiң арандатуымен бе, ол жағы бiр Аллаға ғана аян, әйтеуiр ерлi-зайыпты банкирлер iстi болып шықты. Кеше ғана солардың қолынан жем жеп жүрген Фариза апамыз тұяқ серпуге жарамады. Араша түсе алмады. Мен соған ренжiдiм. Елдiң сөзiн сөйлемесе де, өзiне жақсылық жасаған адамға араша түсуiне болар едi-ау деп ойладым.
Естуiмше, Фариза Оңғарсынова ендi “Қазақалтын” деген корпорацияда басшылық қызмет атқаратын Маруся деген келiншектiң өлеңдерiн аударып, соның “шығармашылығымен” айналысып жүрген көрiнедi. Бұл жолы менiң шындап намысым келдi. Ақынын асырай алмаған ел емес едiк қой деп ойладым. Ақынымыздың өзi де көштен қалатын күйде емес едi ғой деп ойладым. Амал қайсы?!.
Адам өзiнiң орнын, жолын, жөнiн бiлсе, содан артық бақыт жоқ шығар, сiрә. Егер орны жоқ болса, жолы да “жiңiшке” болса, онда тым болмағанда адамшылығын сақтап қалса дейсiң. Ал егер екеуi де болмаса қайтесiң?!. Мен осындай адамдардан қорқамын…



[...] Менің айтпағым, “Жаңаеуразия” блогында Жұлдыз “Қазақ зиялыларын қапамын” атты жазбасын жариялаған екен. Сол жазбадан оның ішкі [...]
[...] Менің айтпағым, “Жаңаеуразия” блогында Жұлдыз “Қазақ зиялыларын қапамын” атты жазбасын жариялаған екен. Сол жазбадан оның ішкі [...]
Жұлдыз сен ренжисің ау, Анау Маруся мен Фаризаның ауылы қызыл балықта өстім. Марусяның ағайыны менің көршім. Ал Фаризаның келінін де көреміз. Сен Алматыда тұрып ренжисің, ал ол екеуі Атырау қаласы өз ауылы Қызыл балыққа қайырым түспей отырса, ең кіші шұрық тесік жолды жөндетуге жүгірмесе несіне налисың, Еті өлген адаммен аралас болмай сырт жүргені жақсы.
Өлеңін жаза берсін, ақшасын таба берсін. Садағам кетсін солардан.
Иманғали жаман болса да өз туған ауылын бір жыл ішінде көп жақсылық жасады.
Шаңырақ мәселесін білмегесін ештеңе дей алмаймын, газеттен оқуым бойынша Шаңырақтағы тұрғылықты халық жерді заңсыз игерді. Үй салды дейді. Бірақ соншалықты халық заңсыз игеруі де бір жағынан ақылға сыймайды.
Нағыз сондай болса, онда жерді жекешелендіруге біраз уақыт беру керек еді. Бәлкім адамның да шайтанға айнала салуы да қиын емес шығар.
Juldiz rahmet jazba uchin!
kazakh osilai kete berse jaksiga barmaitini anik Koi!
Шынымен де ойындағысын бүкпесіз жеткізген екен.
Томирис катты кеттініз. Олар казак ушін аз енбек етпеген жандар. Кезінде. Кенес кезінде. Баскасын айтпаганда, Фаризанын жырын каншама урпак жастанып окып ості. Орлікті, ерлікті бойларына сінірді. Ол бар болганы акын гана. Кайраткер емес. Кайраткерден акындыкты кутпейтініміз сиякты, калам устаган жазушыларымыздан да, менінше, артык нарсе даметпегеніміз жон. Онын устіне олар заманы баска адамдар. Айналып келгенде олар да пенде гой. Біз тым курыса солардай да бола алмаймыз ба деп коркам… Жас болсак та коркакпыз, біреудін сыртынан тас атканыды жаксы кореміз. Іспен емес, созбен кала тургызамыз. Гайбат сойлемейік!
Rauan senin aytuin da duris. Meniki gaybatta emes, eger kezdesse betpe bet aytuga datim baradi. Farizaga renjigenim joldi jondetuge bar kushimdi salamin, kelesi jili jol jaksi boladi degeni uedesi. Eger istey almasa kolinda biligi bolmasa auil turginin umitin kutkizdiru duris emes shigar. Uade bergen adam onda ol akin da kayratker boluga talpinisin korsetpeydi me?
Kezinde enbek etse kartayganda tuleni turtti me?
Marusyanin jeke akini bolgansha kaltirap kartaysa da halikpen birge bolgani jaksi edi. Kunde maktap jaza bergenshe, anda sanda kemshilikti jazip turgani jaksi. Bizde minaday sana kaliptaskan. Eger bay bolsan onda odan otken saran, duniekoniz, ashkoz adam jok. Tuilgannan olgenge deyin jaman.
Eger ol akin, jazushi nemese kayratker bolsa odan otken jaksi adam jok. Oytkeni olar bay da mansapkor emes, haliktin adami dep maktap keldi. Olgenge deyin olgen sonda odan kushti jaksi adam jok.
Mine bizdegi jurnalistter tarapinan ketetin katelik.
Eger meni ari maktap, ari dattasa sin kozben karauga tirisar edim. Bir jiptin boyimen jurgen kim bar bul zamanda.
Sonymen?
менің ойымша, Жұлдыз бұл жерде тек қана Фариза апамызды ғана емес. Зиялы қауымды айтып отыр. Бір адам арқылы қазақ зиялылыраның бейнесін көрсетті. Менің ойымша біздің қазақ зиялылыраның арасында мұндай жағымсыз үдеріс бар. Елбасымыз туралы қаншама кітап жазылып, дастандар жырналып жатыр десеңші. Көбісі сол арқылы үй дәмететітіні, мақтан дәмететіні жасырын емес қой.
Бір жылдары Елбасы жазушылармен кездескенде, бір зиялысымағымыз руханияттың емес, наданияттың әңгмесін айтып кетті емес пе?
Жарайсыз Жулдыз, сурагым жазганына катыссыз да болар, сонда да билгем келеди? Казыр Жулдыз кайда кетти. ендиги жолы онын шыгармашылыгын кайдан окып билуге болады?Кайда журсенде осы бетиннен тайма!!! Тек ак жол !!!
Барлыктарынызга рахмет. Шынында да, катты ренжып отырып жазган едым. Дегенмен, артык айттым деп те ойламаймын. Мен зиянды адамдардын оздерын зиялы санайтынынан коркамын.
Ал Асланнын сауалына жауап беру киын болып тур. Газеттен кеттым. Кетуге мажбур болдым. Казыр боспын, уйде жатырмын. Жоспарлар бар. Жане ол жоспарлардын жузеге асуы ушын сыздерден комек керек. Иншалла, уагы келгенде ол туралы жазармын. Алла разы болсын барлыктарынызга
Жулдыз, мен онирлик журналистик аокилимин. Кейде осындай ойлы макаланы окыганда шабыттанып калатыным жасырын емес. Мунда биреулер тойтарыс жасагысы келген. Бирак алсиз, негизсиз. Жауап созинде сиздерден де комек керек деп депсиз. Не комек, ашык айтын, балким колушымыз тиип калар. АДресим zaker@ok.kz
Рахмет, Аслан. Интернет журналистика саласында жумыс жасамакшымын. Ой айтып, пыкыр былдырып турсаныздар деген ойым гой.
Жарайсын Жулдыз! Талай адамнын кокейындегысын айтыпсын, дегенмен сак болгайсын,
[...] “Қазақ зиялыларына қапамын” деген Жұлдыз Әбділдә қазір “Алқа” деген журнал шығарады. Газетті қолға ұстап көргендер “Жылтыр газет” деп те жатыр. Алғашқы саны жарыққа шықты. Сатылымға түскен түспегенін білмеймін. Бір қызығы, газеттің соңында Жұлдыз гмейлдегі поштасын көрсетіпті [...]
Мдаааа…
Бұл мақаланың шыққанына екі жыл болды, мен маңырап жаңа оқып жатырмын:)))
Ия, Жұлдыз, қазақтың тірісінде шыңғыртып осылайша сынай алмасақ, өлген соң қылышымызды б..қа шауып не керегі бар дейсің. Жалпы, бізде осы зиялы қауым бар ма?
Бір пікір таласта Қ.Аманжолов қазіргі қазақ қоғамында зиялы қауым жоқ деген де, М.Жұрынов ағамыз, зиялы қауым бар! Соның бірі өзім деген еді.