Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Қоғам

Қазақ интернеті: асауға тұсау

Авторы on Wednesday, 21 November 2007
Қоғам
4 пікір

Интернетте қазақ тіліндегі блогтар енді-енді бүр жарып, гүлденіп келе жатқан тұста, ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев «Қазақстандағы интернет кеңістікті бақылайтын» арнайы заң жасалатынын айтты.

Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамбет Ертісбаев жергілікті басылымдарға берген сұхбатында: «Қазақстанның интернет кеңістігі бақылауды керек етеді. Сөзді тура және жанама мағынасында да қару ретінде пайдалануға болады. Бұл жерде қоғамның, мемлекеттің мүддесін естен шығармауымыз керек. Сондықтан қазақстандық интернет кеңістікті дамытудың және оны бақылаудың ыңғайлы моделін жасауымыз керек»,

Орталық Азия елдерінде әлі күнге дейін Интернетті бақылайтын арнайы заң дүниеге келген жоқ. Десе де Қазақстанда әлдебір шенеуніктердің дауысына ұқсас жазбалар интернетте таратылды деген желеумен бірнеше сайттар жабылғанын жақсы білеміз. Бір қызығы сол аудиодағы хабарлардың мәтіндік нұсқасы қазір интернетте еркін таратылуда. Үнемі дамып отыратын интернетті бақылау біздің үкіметке оңай бола қоймас.

Кез келген зорлық-зомбылық, кері қарсылықты тудыратыны жақсы белгілі. Осындай жайттарды ойлағанда қоғамда

Интернет бір қауіпті құрал тәрізді насихатталып, халықтың оны үрей мен қорқыныш ошағы деп қабылдауына негіз беріп отырған жоқпыз ба деп ойлайсың.

Себебі «Қазақ тіліндегі мақалаларға неге пікір қалдырмайсыңдар?» – деп сұрағанымда көптеген таныстарым: «Біздің жазғанымЫзды біліп, кейін тауып алады ғой?» деген қорқыныштарын жасырмайды. Егер осылай кете берсе, жастар бірте-бірте интернетті айналып өтетін дәрежеге жетеді. Сонда электронды үкімет жобасы қалай, қайтіп жүзеге аспақ?
Ізгілік, өз блогындағы БАҚ туралы атты жазбасында төмендегідей ұсыныс айтқан екен:

Интернет, Х-25, Х-45, э-почта сияқты электрондық ортаны пайдалану арқылы таратылатын ақпараттар мен мәліметтердің заңдағы мәртебесін (статус) белгілеген жөн.

Әрине, мемлекет қауіпсіздігі үшін белгілі бір шаралар қолданылып, ұлт қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін сайттар т.с.с бақылуда болғаны дұрыс. Алайда, күні ертең осындай желеумен көңіліне жақпаған блогтар мен сайттардың барлығын  жауып тастамасына кепіл қайда?

4 пікір »

  • Bakytnur says:

    Pornografia men hackerlerdi anyktaityn zang joba boluga tiis, asirese bizdin ulttyk tol madenietimizge karsy jaittar jarialangan bolsa… Ol Kazakstan siakty musylmen eli tugil, baska elderde de bar.

    Al arkimnin jibergen hatyn tekserip, km kai saitka kirgenin tekseretin bolsa onda biz 50likte emes, 250likterde tabylamyz.

  • Bekmyrza says:

    Әдетте, тоталитарлық және авторитарлық билік жүйесі орнаған елдер Интернетті тұмашалап ұстауға бағытталған әрекеттерін ақтағанда, түрлі қауіпті қылмыстардың (терроризм, балалар порнографиясы, соғыс отын өршіту, т.б.) “қоғамдық тыныштықты бұзуға бағытталған” деген сөзді қосып қояды. Міне, осы ұғымның астарында билік жүйесін бақылап отырған топқа жақпайтын, оларды әшкерелейтін, сынайтын пікірлерді жұртшылыққа жібермеу ниеті жатады. Меніңше, Қазақстандағы қазіргі жағдай, негізінен, әлгіндей қоғамға қауіпті қылмыстардан гөрі, билік басында отырған топқа жақпатйын ақпаратты жібермеудің амалы секілді. Оны соңғы бір ай көлемінде Интернет пен тәуелсіз ақпарат құралдарына қатысты өрбіген кейбір жайттар анық байқатты. Әрине, биліктің ол әрекеті күн бетін қолмен көлегейлемек болған есерсоқтың далбаса тірлігіне ұқсайтыны мысқыл күлкі тудырады.

  • Bekmyrza says:

    ең қызығы, қазан айынан бастап Интернетте жарияланған әлгі тізбекті дүниелерді орыс тілін түсінетін әлемдегі бүкіл жұрт естіп-білді, тіпті, кейбір файдарды ағылшын тіліне аударып сайтқа іліп қойды. Ал, енді Қазақстан билігінің мына тірлігі сол айтылған әңгімелерді Қазақстан халқы, қазақ жұрты естіп қоймасын деген қауіппен жасалып жатқанын аңғартқандай. Яғни, ол жұрттан жасыратындай шындық болмаса неге сонша итін қосып, битін салып жатыр? Осыған қарап отырып, мәселен, өз басымда әлгі әңгімелердің болғаны рас деген субъективті пікірі қалыптасты.

  • Askhat says:

    Шынымен де. Кез келген мәселені күшпен шешуге емес, түсіністікпен шешуге ұмтылғандары дұрыс еді олардың. Мына түрлерімен “күдікті бұрын секіредінің” кебін кигенге ұқсап қалды емес пе!

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.