Қалтафондар қашан қазақшаланады?
Авторы Askhat Yerkimbay on Monday, 11 January 2010
Экономика, Қоғам, үнхабарлар8 пікір
Экономика, Қоғам, үнхабарлар8 пікір

Қалатафондар қазақшалануы керек
«Тілдер туралы» заңға сәйкес еліміздегі қалтафондар қазақ тілінде ақпарат алмасуға қабілетті болуы тиіс.
Десе де 2008 жылы қабылданған заңды орындау әлі де мүмкін емес. Себебі қалтафондарды қазақшалаудың стандарты әзір емес.
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігіндегі мамандар стандарт қалыптастыру үшін биылғы бюджеттен ақша бөлінгенін хабарлауда.
Қазақстанда қазір төрт ірі мобильді оператор бар. Олардың барлығы қазақша SMS хабарлар жіберуге дайынбыз дейді. Тек мәселе, шетел зауытында шыққан телефондардың қазақ тілін қолдамауында екен. Төмендегі үнхабардан мәселенің егжей-тегжейіне қанық бола аласыз.
Podcast: Play in new window | Download (Duration: 5:38 — 5.2MB)



Америкалық Айфон қазақ тілін қолдайды, бірақ олар ҚР сатамыз деп ойламаған, басқалары соны кіргізуге ерінетін секілді.
iphone’da kazak tili jok birak
Иә, қазір де қазақ тілін қолдайтын мобильді құрылғылар бар. Бірақ олардың бәрі бірдей қазақ тілінде хат алмасуға, әлемторда мәтінді жазып, енгізуге мүмкіндік бермейді
Қазақша әріптер әзірге арзан телефондарда бар. Қымбаттарына кезек әлі жеткен жоқ. Samsung, LG, Nokia, енді бұйырса BlackBerry де қазақша платформамен шығарады.
Тупак Амару, рас айтасыз. Қазақ әріптері бар. Кеше Алматыдағы Nokia-мен тілдескенмін. Биыл біраз телефондарын қазақшаламақшы екен.
[...] } Өткенде Nokia қазақша телефондар шығара бастайды шығарып жатыр деп айтып едім. [...]
Бір рет жиен бірәтішкәм қазақшасы бар Нокиа ұстап жүрген
. Бұйырса, енді қазақша әріптері бар смартфон ұстап жүретін уақыт та келіп қалар
Сол күнді көруге жазсын, Тупак Амару!!! Жиеніңіз, бұйыртса, әлі қалтафонның құлағында ойнайды