Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Қоғам

Қытай журналисті баласын қазақ балабақшасына бергенді жөн көріпті

Авторы Askhat on Wednesday, 11 November 2009
Қоғам
4 пікір

Қытайлық ата-ана қазақ балабақшасының бағыты жақсы деп, Қазақстандағы балалардың не себепті ақылды болатынына үңілуде.

Шанхайдың «Shanghai Daily» басылымы қазақ балабақшаларының жұмысына оң баға беріп, қытай балабақшалары баланың санасына кері әсер етеді дейді. Біраз өмірін Қазақстанда өткізген қытайлық журналист Қазақстандағы және Шанхайдағы балабақшаны салыстырып, баласының бойындағы өзгерістерді баяндайды.

«Shanghai Daily» басылымы Қазақстанда біршама уақытын өткізген қытайлықтың пікірін жариялапты. Зоң Лей есімді журналист Қазақстандағы балабақша жүйесі мен Шанхайдағы балабақша жүйесін салыстырған. «Мен өзімнің баламды әуелі Қазастандағы балабақшаға бердім. Кейін жаз айында үш ай бойы Шанхайдағы балабақшаға барып жүрді. Бұл орайда Қытай мен Қазақстандағы бастауыш сынып алдындағы білім беруді салыстыруға болады» дейді журналист.

Шанхайдағы балабақшаларда бүлдіршіндергі кітаптардан көп нәрсе оқытып үйретеді. Математика, Қытай әдебиеті, ағылшын тілі сабақтары жүргізіледі. «Менің үш жастағы ұлымның құрдастарына ағылшын тілінде сандар мен әріптерді жазуды үйреткенін көріп, таң қалдым» дейді. Шанхайдағы кейбір қытайлық ата-аналар балабақшадан соң ән күй, би үйірмелеріне балаларын жаздырады екен. «Менің ұлым шанхай балабақшасына барып жүріп, қытайша өлең оқып, ағылшын тілінде ұйқастар құрастырып, сандар мен әріптерді жаза алады» дейді Зоңг.

«Ал Қазақстан балабақшасында менің ұлым күні бойы ән салып, би билеп, түрлі жаттығулар жасайтын. Ол балабақшада оларға өз заттарын ұқыпты жинауды, таза жүруге баулитын. Көшеде жапырақтар жинап, оларды тасып, аққала қалап, жеміс жидектерден әртүрлі жануарларды жасап ойнайтын. Ұлым бұл жақта жүріп, біраз тақпақ жаттады. Әрі орысша тілі шықты»,

- дейді қытайлық журналист.

Мақалада қытайлық балабақшада тәрбиеден бұрын білім берілетіні баса айтылады. Бұл жайт кейін баланың миына үлкен салмақ салып, уақыт өте келе баланың білімге деген құштарлығын жояды екен. Бұл сөзіне дәлелді шетелдік журналист BBC арнасының зерттеулерімен бекітеді. «Баланы Қазақстандағыдай ойнатып жүріп, оның бойында әртүрлі қызығушылықтарды қалыптастыру дұрыс. Себебі үш жастағы бала ойнауы керек» деп түйіндейді өзінің ойын қытайлық журналист Shanghai Daily басылымының осы аптадағы санында.

Сурет СС рұқсаты негізінде Flikcr торабының wwworks мұрағатынан алынды. 

4 пікір »

  • Ақбұзау says:

    Қытайлық саясат қой. Мақтап-мақтап, осылай дендеп кіріп алады. Ертең тағы бір қытай мақтайды да, баласын алып келеді, сосын тағы біреуі,сосын тағы, тағы…Міне осылай олардың арамызға кіріп алғанын сезбей де қалармыз…

    [Reply]

  • Askhat says:

    Е, шынымен ол жағы да бар екен ғой… Сонда қайтпек керек деген сұрақ туындайды ғой?

    [Reply]

  • Ақбұзау says:

    Менің ойымша, ең әуелі бірлігіміз мықты болу керек. Ырың-жырыңмен жүрсек, кім болса да бізді қалпақпен-ақ ұрып алады… Ал өз-өзімізге мықты болсақ ешкім ала алмас. Бұл жерде бұл жағдайға әсер ететін көптеген факторлар бар…

    [Reply]

  • Зәуре says:

    Асхат

    Тағы бір маңызды тақырыпты бастаған екенсің. Баланы неше жастан бастап оқыту керек деген сұраққа жуықта бір америкалық балалар психологының пікірін тыңдадым (радиодан). Кішкентай Эйнштейн деген уалт дисней шығаратын ойын туралы болды әңгіме. Негізінде кеңес заманында балалардың денсаулығына үлкен мән беріліп, біраз зерттелген еді ғой. Сол саясат әбден дұрыс сияқты. Психологтың пікірінше зерттеулер бала 5-6 жасқа жеткенше салмақ түсірмеу керек деген шешімге келген сияқты. Бірақ бала табиғи түрде басқа тілдерді қағып алатын көрінеді. Ал оқытып, есеп шығартуға еш асығыстық жоқ деп жауап берді. Қытайлар журналисі үшін баласының болашағы өте маңызды болып тұр ғой. Үйренетін нәрсе.

    [Reply]

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.