“Үй шаруасындағы әйел” деген мамандықты заңдастырсақ
Экономика, Қоғам1 пікір
Отбасының ұйытқысы болып отырған әйелдер әлеуметтік жағынан қорғалмаған. Депутат «үй шаруасындағы әйел» деген мамандықты ресмилендіруді ұсынып, оған еңбек өтілімі де жазылуы керек дейді.
Мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова елімізде «үй шаруасындағы әйел» деген мамандықты заңдастыруды ұсынуда. Әрі әйелдерге тұрақты жалақы төлеп, кейін зейнеткерлікке де шығармақ.
“Қазір елімізде “Зейнетақы қорларын кепілдендірудің жаңа тұжырымдамасы” қарастырылуда. Сондықтан осының тұсында еңбек өтілімі мен оларға зейнетақыларын ақша аудару мәселесі ескерілсе дейміз. Әйтпесе, елімізде үй шаруасындағы әйелдер жоқ тәрізді олардың мәселесіне көз жұма қарауға болмайды”
, дейді Бақыт Сыздықова.
Өзінің ұсынысын Бақыт Сыздықова Еңбек және Халықты Әлеуметтік қорғау министіріне жолдады. «Ресми қабылданған мамандықтар тізбесіне «Үйшаруасындағы әйел» деген мамандықты қосуыңызды сұраймын» делінген министрге жолданған хатта. Үш және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған әйелдердің еңбегі ресми түрде мойындалуы керек дейді депутат.
«Қазіргі кезде үйде бала тәрбиелеп отырған әйелдер әлеуметтік жағынан қорғалмаған. Себебі зейнеткерлікке шықанда олар жөні түзу зейнетақы алмайды. Өйткені еңбек өтілімі де жоқ»
, дейді Бақыт Сыздықова.
Депутат дағдарыс тұсында үй шаруасындағы әйелдерге еңбекақы төленбейтіні түсінікті дейді. Бірақ оның ойынша, егер осы бастан оларға еңбек өтілімі жазылып отырса, соның өзі дұрыс болар еді. Өйткені кейін зейнеткерлікке шықан соң, ажырасып кетсе немесе жұбайынан айырылып қалса, оған минималды зейнетақымен күн көру қиынға соғады.



Жаксы пікір екен копшилик колдайды деп сенемин. Мен колдаймын Мен оз басым жумыстагы әйелмин . бирак каншама Каазаксатндык айелдер уде отыр олардын муддесиде коргалу керек кой.