Үнхабар: Германиядан жеткен қуаныш
Авторы Askhat Yerkimbay on Thursday, 26 November 2009
Интернет, Қоғам, үнхабарлар3 пікір
Интернет, Қоғам, үнхабарлар3 пікір
Жексенбі күні Германиядан қуанышты хабар келді. Блогымыз Сағынның «Біздің ауыл» байқауының жүлдегерлер тізіміне ілігіпті. Еңбегімізді елеп жатқан ағайынға үлкен алғысымызды білдіріп, кезекті үнхабарды ұсынамын.
- Кезекті үнхабарда «Сауалнама» жайлы ән салып, блогосфераның тынысын бағалауға арналған сауалнама жайлы айтамын.
- Сондай-ақ, блогосфераның қара дауылына төтеп берген «Біздің ауыл» блогының авторының дауысын тыңдай аласыздар. Германия оқып жүрген Сағын эксклюзивті сұхбат берді. Ансар бұл байқауды не себепті ұйымдастырғанын, қазақ блогсферасына қатысты ойларын, неміс тіліндегі блогтар туралы пікірін ортаға салады. Бірақ жүлдегерлерге қандай сыйлық беретінін айтпады
- Жақсы блогшы болу үшін не істеу керек? Литваның бұрынғы шенеунігі өз еліндегі блогосферадағы жағдайға тоқталып, блог арқылы ақшта табудың литвалық құпиясымен бөліседі.
Үнхабарды әзірлеуде CC негізінде авторлық рұқсаты бар әуендер қолданды:
Budz Should I go or should I stay
M2mfull Motivation move
Alycia Lang These words
Podcast: Play in new window | Download (8.4MB)




Маған бүгінгі үн хабар қатты ұнады. Өзіме қажетті пайдалы кеңестер алдым! Көп рахмет!
Асхат аға, қазақша үнхабарлар жаңа бір сатыға көтерілген секілді
Сағын – жарайсыз, жүлдені ұйымдастырғаныңыз үшін көп рахмет. Сізден де үнхабар күтеміз
Көп рахмет.