Үнхабар: Германиялық қонақ
Авторы Askhat Yerkimbay on Sunday, 3 January 2010
Білім, Қоғам, үнхабарлар14 пікір
Білім, Қоғам, үнхабарлар14 пікір
Блогқа үнхабар шығармағалы көп болды. Биылғы жылдың үнхабарын Сағын Қалдыбелов [Ансар] ашқалы отыр. Біз Ансар екеуміз төмендегідей тақырыптар төңірегінде әңгімелестік.
- «Болашаққа» адам өз еркімен түсе ала ма?
- Қазақстан білімді дамыту бойынша бірінші орында
- Ансардың болашақ жұмыс орны туралы
- Ансардың сыйлығы алдағы уақытта жалғаса ма?
Podcast: Play in new window | Download (Duration: 8:28 — 7.7MB)



Асқат пен Аңсардың әңгімесі қысқа болса да дәмді болыпты. Ұзағырақ болса да болар еді. Аңсардың Болашақ туралы пікірімен де, білім туралы пікірімен де келісемін. Өте дұрыс айтады, білім жүйесі тіпті салыстыруға келмейді. Ал, Болашақ бағдарламасы бойынша оқитын балалардың барлығы “блатпен” түсті деп мәлімдеу қателік. Керісінше, олар туралы көбірек айту керек. Аңсар сияқты шетелде оқыған жастар ертең Қазақстанның болашағына қызмет ететініне еш күмәнім жоқ. Бірақ осыған көзім шетелде жүргенде ғана жетті. Себебі елдегі ақпарат бір жақты сиқты. Былтыр Азаттықта осы бағдарлама туралы жазылған мақала төңірегінде пікір талас болғанда мен де пікірімді білдіріп едім. Мына жерден табасыздар. Негізінде кейбір ағайындардың Болашақ балалары қазақша білмейді деп барлығын бір қазанға аса салатындары кейде мені ойландырады.
Өкінішке орай пікір талас тек қана форум деңгейінде болды. Сол кезде осы тақырыпты кеңірек ашу керек деген пікірлер айтылып еді. Асқаттың бастамасы жақсы, мүмкін бұл тақырыпты аша түсу керек шығар?
Мен Асхат ағамен танысқым келеді.
Сағын, жарайсыз
міне, шет елде осындай азаматтар жүргенде, ұлтымыз үшін уайымдамаймыз.
?
Асхат аға, осыдан үнхабардың лимиті бар ма деп қалам)) қайда асығып тұрсыз
Қайдам, тым созып жіберіп, жұрттың уақытын ұрлаймын ба деп қорқамын
Ансар шетте жүрседе тілінде акцент жоқтығы қуантады…
Жарайсыңдар жасқазақтар!!!
Шымкенттік акцент бар аздап:)))
ozimizdin germandagi Ansar ma?
Иә, өзіңіздің Германиядағы Ансарыңыз!
Жақсы үнхабар. Ойлы сұрақтар. Уақыты да қысқа да емес, ұзын да емес дегендей екен. Дыбыс сапасы, сөйлеу мәнерлерің ұнады. Ресмилік пен бейресмиліктің резонансын тауып, орташа жеңіл әрі оңтайлы атмосферада әңгімелескендерің қуантады.Аңсар да қысылып, тұтыққан ешнәрсесін байқамадым.
Үнхабарларың жалғасын тапсын.
Рахмет, Гаста! Өзіңмен де бір үнхабар жасасақ деген ұсыныс бар.
Алла нәсіп етсе дейін бе сендерше?
SMS
Qadirli Dos!
Bu’l o’tpeli zamanda qazaq tilin joghaltsaq, isting ba’ri bos!
Kir, y’iren qoldan
Ko’rkeysin bizding
Qazaqstan
Гастар, сен соларша солай дей сал. Сендерше басқаша нетілетін шығар, я?
Нұреке, Гаста жақсы бала! Ұмытпасаңызшы