Әкім халықпен sms арқылы байланысқанды жөн көреді
ҚоғамПікір жоқ
Әкімдердің қалтафоны қандай екен? Сөзсіз соңғы үлгідегісі болуы керек. Әйтпесе, жұртшылықтан sms арқылы сауал алмас еді. Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының әкімі, енді онлайн байланысқа емес, sms байланысқа шықпақшы. Апырым-ай, әкімдіктегі қарапайым телефон істемей қалды ма, әлде есіктің аузына күзетші қойып қойды ма деп таңдандым. Жұртқа «sms жібер!» дейтіндей не күн туды?
Сәтбаев тұрғындарына 919 қысқа нөміріне қаланың тіршілігіне және жергілікті билік органдарының жұмысына қатысты сауалдар, шағым-арыздар мен ұсыныстар жазып, SMS-хаттар жөнелту туралы ұсыныс жасалып отыр. Бұл акция 1 айға созылады.
делінген қаланың ресми сайтында. Қала әкімдігіне бұл шараны жүзеге асыруға «КаР-Тел» ЖШС-нің (ТМ Beeline) Қарағанды филиалы жәрдемдесіп жатыр. Ресейлік компанияның бұл қызметінің астарын да аңғару қиын емес. Күні ертең, қала тұтастай билайнданып кетсе, таңқалудың түк қажеті жоқ. Әкім не себепті ұлттық компания саналатын «Қазақтелекомның» «Мегалайн» өнімін тұтынып, жарнамалап, онлайн конференция ұйымдастырмады екен деген сауал туындайды. Себебі sms жазбаның қайсысына жауап беріліп, қайсысына жауап берілмегенін жұрт қайдан білсін. Жергілікті газеттің беті сұрақтың бәрін қатми алмас.
Аталған хабарландыруды оқығанда әкімдік бірінші кезекте халықтың мәселесін шешуді емес, жаңа технологияны жарнамалауды көздеуде деген ой туындайды. Себебі халқының қамын ойлған әкім болса, әрі ол үнемі халықпен жақын болса, жұрт оған sms-пен арыз-шағымын жібермес еді… Әкім де бұнысын жұртқа айтып, насихаттамас еді.
Сурет СС рұқсаты негізінде mangee есімді Flickr қолданушысының мұрағатынан алынды.




соңғы пікірлер