Әрбір 1000 әйелге 932 еркек
Қоғам5 пікір
Статисика агенттігі едел-жедел өткен жылғы санақ қорытындысын шығарды.
Егер сандарды тарқатып сөйлесек, 7 миллион 722 мың еркек бар екен де, 8 миллион 282 мың әйел Қазақстанда өмір сүруде. Ер адамдар саны өткен жылғы санақпен салыстырғанда 7 пайызға; ал әйелдердің саны 6,6% пайызға ұлғайған.
Қазақстанда қазақ, өзбек, ұйғарлардың саны артып, бірақ орыс, неміс, украиндықтардың саны азайған. Статиска агенттігінің өткен жылғы халық санағына арнап таратқан ақпараттық парақшада осындай деректер келтірілген.
1999 жылғы халық санағымен салыстырғанда қазақтардың саны 26 %-ға өсіп, 10 млн 98 мың 6 жүз адамға жеткен.
Орыстардың саны 15%-ға азайып, 3 млн 797 мыңға, немістер 50%-ға жуық азайып, украиндықтар – 39 пайызға, татарлар –18%-пайызға және басқа этностар 6% -ға жуық азайған.
Қазақстан халқының саны 2010 жылғы 1-ші қаңтарға халық санағын ескергенде 16 млн 196 мың 8 жүз адам болып, он жыл бұрын өткен санақ аралығында 1 млн 22 мың 900 жүз адамға жеткен. Жергілікті тұрғын халықтың үлесі 63,6% болды.
Менің ойымша, түркі тілдес ұлыс өкілдерінің санының артуы алдағы уақытта да байқалатын болады. Сондықтан да Елбасының түбі Қазақстанда бәрі де қазақша сөйлейтін болады деген сөзінің жаны бар.



Екі әйел алу дегенде көбісі бір еркекке 7-8 әйелден келеді деп жүріші еді. Енді ондайлардың аузына құм құйылатын болыпты
Себебі, бір еркекке бір бүтін әйел мен жүзден жеті бөлік әйел тиіді екен
)
Тақырыптағы 932 деген қызық екен.
Бәсе! Асығыс болса да шындыққа жанасатын сияқты. 45-жылдан бері соғыс болған жоқ, үш ұрпақтың азаматтары қайда кетті деп ойлаушы едім.
Ай есепшілер-ай! Олардың нешеуі – туыстық қатынаста???
Бұл статистика
Бұл жерде енді “отбасылы болуға жағдай жасалды” деген контекстте жазылып тұрғанын мойындайтын боларсыз?