Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Білім, Интернет, Қоғам

Google Алматының сәнді жерлерін картасына енгізбек

Авторы on Saturday, 26 December 2009
Білім, Интернет, Қоғам
1 пікір

Google компаниясының өкілі Алматыға келді. Дәлірек айтқанда Google-дың google map жобасы бар. Бұл жоба Google жүйесіндегі елді-мекендерді анықтауға арналған. Бүгін өткен Google Map Almaty шарасы Алматы қаласының көрікті де, маңызды жерлерін интернетте белгілеп, көрсетуге арналған.

Аталған шараға қазірдің өзінде жетпістен аса адам қатысты. Арасында Google корпарациясында 2007 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан қазақстандық Рүстем Арзымбетов те бар.

Рүстемнің айтуынша Қазақстандағы күллі интернет іздеу жүйесінің 60 пайызы қазір Google-дың үлесінде. Одан кейінгі орында Ресейдің Яndex және mail.ru иеленген.

Рүстем қазір Google-дың штаб пәтері орналасқан Сан Франциско қаласындағы Mountainew қаласында тұрады. Әлемдік технология саласындағы олимпиадалардың жүлдегері атанған Рүстемді Google компаниясы жұмысқа шақырған екен. Телефон арқылы болған сұхбатта: “Қазақстанның нарығы осы аймақта өте тез дамып келеді. Сондықтан да Гугул қазақ нарқындағы өзінің үлесін қалай да кеңейтуді қалайды” дейді.

Қазақстан жастарының кәсіпкерлері орталығы осы шараны алғаш рет қолға алып отыр. Орталықтың мүшесі Гүлжан Ақтілеу:

“Интернетте Алматы қаласындағы маңызды ғимараттар мен мекендер нақты көрсетілмеген” дейді.

1 пікір »

  • [...] Google Mapping Almaty деген шараға барып келдім. Таңертең болды. Google-да Рустам деген Қазақстанның баласы да жұмыс істейді екен. Ол қазір Сан Франциско жақтағы бір қалада тұрады. Программист екен.  Өтенде телефон арқылы сұхбаттасқанмын. [...]

Leave a comment!

Add your comment below, or trackback from your own site. You can also subscribe to these comments via RSS.

Be nice. Keep it clean. Stay on topic. No spam.

You can use these tags:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

This is a Gravatar-enabled weblog. To get your own globally-recognized-avatar, please register at Gravatar.