H1N1 қарсы тәжірибем
Авторы Askhat Yerkimbay on Sunday, 26 July 2009
Қоғам5 пікір
Қоғам5 пікір
Астанада H1N1 вирусын жұқтырғандар пайда болған соң, блогосферада “пандемия” басталған тәрізді. Нұрғиса мен Ансар соңғы жазбаларын осы тақырыпқа арнаған екен. Малайзияда H1N1 вирусын жұқтырғандар Қазақстанға қарағанда бұрынырақ тіркелгендіктен, өзімнің сақтық шараларына қатысты тәжірибелеріммен бөліскім келеді.
- Бізде әр сабақ алдында мұғалім үстелінде арнайы гигеаналық (аты есіме түспей тұр) сұйықтық тұрады. Бір жерге сүйкеніп кетіп, вирус жұқтырып аламын деп қауіптенгендер өздерін жайлы сезіну үшін оны әрбір қабаттың кіре берісіне, дәретханаларға қойып қойған. Қазір бұл зат күллі дүкенде сатылып, оны шағарушылар жақсы табыс тауып жатыр. Оны көп қолдана берсе тері құрғап кетеді екен.
- Басында “тұмау” десе, зәре құтымыз қалмайтын. Қазір етіміз үйреніп кетті. Себебі бұл аурудың үшінші адамға жұқпайтынын жақсы білеміз.
- Масканы үсті-үстіне кие берген көмектеспейді.Кейбір адамдар масканы көрсе, бойларын үрей билеп, өз-өздерінен қуыстана түседі. “Маска киген адам көрсең, оны ауру деп емес, саған ауру жұқтырғысы келмеген мейірімді досың деп қабылдаған жақсы” деп үйретуде бізге
- Қоғамдық орында тамақ ішпеген жөн. Қоғамдық көлікте де адамдар қатты сығылысып тұрса, мінбей ақ қойған дұрыс. Базар, монша т.с.с жерлерге барғанда сақтық шаралары қажет.
- Көптеген елдерде бұл тұмау көбінесе12-17 жастағылар арасында кең таралған [ағыл]. Сондықтан отбасыңызда осы жас аралығындағылар болса, олардың денсаулықтарына жіті мән берген жақсы.
- Үнемі таза жүрсе болғаны. Тамақ ішерде, сырттан үйге келгенде үнемі қолды жуып тұруы керек.
- Тұмауы бар адамдарға жұртты үркітпес үшін үйінен шықпай емделсе, көп адамның жүйкесін сақтар еді. Әйтпесе, күрк-күрк жөтелгеннің бәрінен енді тұмау деп ойлайтын болады.
- H1N1 жұқтырғандар саны қателеспесем күн сайын артуда. Алайда қайтыс болғандар саны көп емес. Қайтыс болғандардың денінің бұрыннан келе жатқан аурулары болған екен. Яғни, хронический аурулары барының ғана қайтыс болу қаупі жоғары. Ал бастапқы кезде тұмауды емдесе, түк те болмайды. Сосын, Қазақстанда салыстырмалы түрде тұмаудан көрі көлік апатынан ажал құшып жатқандар саны анағұрлым көп.
- Бұл ауруды Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы “шошқа тұмауы” деп емес, H1N1 деп атауды ұйғарған. Байқасақ, қазір көп жерде солай жазып жүр. Себебі бұл аурудың шошқаға енді қатысы жоқ. Тек бастапқыда осындай вирус шошқаларда болған екен. Қазір енді бұл адамдардың вирусы. “Шошқа тұмауы” дегенді естіп, Мысыр үкіметі 300 мың шошқаны қырып тастағаны [ағыл]бар.
- Халықаралық Денсаулықсақтау Ұйымының кеңестерін мына сайттан [орыс] ал Еуропалық Ұйымның аталған ауруға қатысты меліметтерін мына жерден табуға болады



жақсы мәлімет, пайдалы! Рахмет!
Астанаға жетті дегенде, кәдімгідей үрейленіп қалдық.
Енді мына кеңестерге құлақ асу керек. Рахмет!
Ауырмаңыздар!
Асхат! Кеңестеріңіз пайдалы екен. Мұны оқығандар біраз мәлімет алып қалады деп ойлаймын.
Дәрігер ретінде сіздің де осыған қатысты кеңестеріңізді оқу қызық бола еді