Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Year

Article Archive for Year 2007

BarCamp Baltics 2008-дегі жобалар байқауы
Written by , Friday, 28 Dec, 2007 – 19:46 | One Comment

Назар аударыңыздар, бұл BarCamp Baltic сайтындағы хабарландырудың аудармасы.

Жастар белсенді болады деп сенемін :)

Жобалар байқауы басқа сөзбен Инновациялар инкубаторы деп те аталады.

Мақсаты: Жаңа медия саласындағы инновациялық жобаларға қаржылық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

Қалай жүзеге асады?

- BarCamp Baltics-ке қатысқысы келгендердің барлығына жаңа жобалардың идеясын (санына шектеу жоқ) немесе жүргізіліп жатқан жобаларды ары қарай дамыту туралы ойларын ұсынуға мүмкіндік беріледі.

- 15 қаңтарға дейін өз ойларыңызды немесе жобаларыңызды ұсынуға болады.

- 20 қаңтарда қабылданған ойлар мен жобалардың авторлары іріктеуден өткендері туралы хабар алады.

- Іріктеуден өткен жобалардың авторлары 1 ақпанға дейін өздерінің бір беттік ұсыныстарын 5-7 беттен тұратын бизнес-жоспар түрінде ұсынуы қажет.

- 1-8 ақпан аралығында сарапшылар жобаларды бағалайды. Осымен бірге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері де өз бағаларын беріп, грант бөлу туралы соңғы шешім қабылдайды.

- Жеңімпаздар BarCamp-тің соңғы күнінде жарияланады.

Read the full story »

Алматы қысы
Written by , Thursday, 27 Dec, 2007 – 6:08 | No Comment
Көктөбенің саябағы мүлгіп тұр


Read the full story »

Көші-қон квотасының жыры мен сыры
Written by , Thursday, 27 Dec, 2007 – 5:31 | No Comment

Есенгүл Кәпқызының жазушы Сұлтанәлi Балғабаевпен қазақтың көші-қон мәселесіне қатысты болған екеуара сұхбатының кейбір қызықты тұстары назарымды еріксіз аударды. Көп жәйттің басын қайырған екен. Басылым бетінде жарық көрген сұхбатта айтылған кейбір пікірлерді қысқартып жеткізгенді жөн көрдім:
Сұхбат беруші ең негізгі түйткілді мәселелердің қатарына мыналарды жатқызған:
1. оралман куәлiгi бар, азаматтығын әлi алмаған адамды ғана оралман деп есептеу
2. келген оралманның барлығын жұмыспен қамтамасыз ету мәселесiн бiржақты ету
3. квотаны Солтүстiк облыстарға көбiрек бөлу
4. көшiп-келу туралы заң әлі толық емес
5. екiншi бiр үлкен кемшiлiгiмiз – квотадан тыс келетiн қандастарымыздың құқығы ескерiлмеген.
6. бейімдеу орталықтарын ашу
Енді осы аталғандардың кейбіреулерін тарқатып түсіндіріп көрелік. Бірінші мәселеге қатысты ешкімде дау бола қоймас, алайда жұмыстан гөрі әуелі оралмандарды баспанамен қамтамасыз етуді алдыңғы орынға қойсақ деген пікірге Сұлтанәлі мырза мынадай уәж айтты:
Read the full story »

Жаңаеуразия жүлдегерлер қатарында
Written by , Wednesday, 26 Dec, 2007 – 2:47 | No Comment

Ең үздік қазақстандық блог – күнделік байқауының нәтижелері арасынан “Жаңаеуразияның” қазақша нұсқасын көрермін деп ойламап едім. Кеше MediaNet мектебіндегі курсты тыңдаушылар өз жобаларын қорғаған болатын. Соған мені де шақырған еді. Келген бетте құттықтауды естіп: “Жаңа жылмен құттықтап жатқан болар” деп ойладым. Сөйтсем, блогымыз жүлделі екінші орынды иеленген екен.
Read the full story »

Малайлықтар шақалақты қоқысқа тастаған қазақ қызын жауапқа тартуда
Written by , Friday, 21 Dec, 2007 – 5:53 | 17 Comments

Құрбан айт қарсаңында Малайзияның бірнеше сайттары қазақ қызының шақалақты қоқысқа тастап жатқан сәтінде ұсталғанын хабарлады. Жан түршіктірер хабарды оқып отырып, “Ардан безген қыздарды шетелге жібермегеніміз дұрыс” деген ойға келдім. Бірақ түптеп келгенде мәселенің мәнісі тереңде жатқанын ұқтым.

Сингапурда білім алып жатқан 20 жастағы Қазақстан азаматшасы өз баласынан құтылу үшін Малайзияға келді. Себебі Сингапурда бұл қылмыстың жазасы ауыр.

деп хабарлайды (eng) Bernama агенттігі. Read the full story »

Есте ерекше қалған жазбалар
Written by , Wednesday, 19 Dec, 2007 – 3:44 | 3 Comments

Бұл жазба “Жаңаеуразияның” 2007 жылғы жазбаларын қорытындылау мақсатындағы сауалнамаға қатысуда.  

Жаңа асуларды анықтайтын шақ таяп қалды. Күйбең тіршілікпен алысып жүріп, алға қарай кетіп бара жатқаныңды аңғармайсың. Сөйтсек 136 жазба жазылып, 444 пікір қалдырылыпты. Сондықтан да осы уақытқа дейін «Жаңаеуразиядағы» есімде қалған ерекше жазбаларға тоқталғанды жөн көрдім. «Жаңаеуразия» десе, Сенің де есіңе қай жазба түсетінін білу, маған да өзгелерге де қызық. Сондықтан Сен де өз пікіріңмен бөлісерсің деген үміттемін.

Read the full story »

Айт күні не істеу керек?
Written by , Monday, 17 Dec, 2007 – 12:49 | 6 Comments


Жақсылап ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін әдемі, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына бару – мұстахаб (жақсы амалдарға жатады). Айт намазын оқығаннан кейін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандықтарын шалып, тиісті адамдарға таратады. Read the full story »

Тәуелсіздік күнімен!
Written by , Sunday, 16 Dec, 2007 – 9:10 | 12 Comments

Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын!

Интернетте құттықтау қағаздары мол екені белгілі, солардың ішінде Қазақстанның тәуелсіздік мейрамына арналғандары көп деп айта алмайды екенбіз.

Дегенмен барына риза болып, тамашалап көрейік.

Бақытнұрдың блогынан:


Read the full story »

І Отарсыздандыру саясаты жүргізілмей отыр
Written by , Saturday, 15 Dec, 2007 – 19:20 | 2 Comments

Барлықтарыңды еліміздің тәуелсіздік мейрамымен құттықтаймын.

Тәуелсiздiгiмiздiң көк байрағы желбiрегенiне 16 жыл. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы қолымызда. Ендi оны баянды ету бiзге серт. Бүгiнгi ұрпақ пен болашақ ұрпақтың арқалар аманаты. Тәуелсiз елдiң туы ешқашан жығылмасын, ең ұлық мейрамымыз баянды болсын.

Тәуелсіздігіміз баянды болып, қазақ деген ұлы мемлекеттің іргесі әрқашан берік болсын. «Қазақ ұлт ретінде қалыптасты ма?» деген пікір төңірегінде ой алмасып көрелік.

Read the full story »

ІІ Отарсыздандыру саясаты жүргізілмей отыр
Written by , Saturday, 15 Dec, 2007 – 15:58 | 4 Comments

(жалғасы)

Қазiр кеңселерге тығылып қазақтың жағдайын талқылайтындар да, телеарналардағы ток-шоулар да осы мәселенi сөз ететiн болып алыпты. Мемлекеттiк тарихы мың жылдарға созылса да, ұлт ретiнде тарих сахнасынан берiк орын алса да, оның ұлт ретiнде пiсiп жетiлмегенi жайлы сөздiң қозғалуының өзi ұлттың өзiне деген сенiмiнiң азаюын танытса керек. Осыдан бiр ғасыр уақыт бұрын, Ресейдiң қоластында, тiптi автономиялық дәрежемiз де бола қоймаған кезде «Алаш» зиялылары осы мәселенi күн тәртiбiне қойып көрмеген екен. Керiсiнше, «Алхамдулла, алты миллион қазақпыз!» деп өз рухын өздерi асқақтатқан. Ал, мемлекет тәуелсiздiгiн қолына алып, тарих сахнасынан қайта орын алған ХХI ғасырда, мұндай солқылдақтық танытуымыз, ұлттық рухымыздың кеми түскендiгiн бiлдiрсе керек. Read the full story »