Article Archive for Year 2007
Халықаралық ұйымның қазақ тілінде де блог жүргізе бастағаны көңілге қуаныш ұялатады. Бірақ кімнің қандай ниетпен амал қылып жатқаны бір Аллаһқа аян. Бастап жатқан амалымыз жақсылыққа қарай бағытталсын деп тілейік. Менікі – әлдебіруге өз ой-пікірімді тықпалау емес, кей кездері сыртқа айтылмай іште шерменде қалатын ойларыма бостандық беру.
Бүгін Халықаралық Банкте болдым. Қазақ тілді журналистерден жалғыз болдым десем, артық айтқаным емес. Бір қызығы «Татаринфо» атты басылымның бір қызметкері қатысты. Татарстанның да қазақ даласындағы өзгерістерге мұқият қарай бастағандығы ел мәртебесінің өскені деп түсіну керек шығар. Олар Орта Азиядағы Корпоративті Басқару жөнінде семинар өткізді. Елімізде қай бір бизнес құрылымда корпоративті басқарылым дамыды дейсің… “Нұрбанк”, “Көмірбанк”, “Шахармұнайгаз”, “Валют Транзит Банк” оқиғалары қазақ компаниялары Корпоративтік басқарылымды тек көзбояушылық үшін ғана бетперде қылып жүргенін айғақтап берді. Тонап жатыр-ау бізді. Біз болсақ “мыңқ” етпейміз…
Корпоративтік басқарылымдар шындығыда бізге емес, компанияларға халықаралық аренаға шығып, байлықтарын көбейту үшін қажет. Әйтпесе, біздің қамымызды ойлап, өз жұмыстарын таза жүргізіп жатыр деймісің. Мәселен, Лондон Қор Биржасында ойын жүргізетін «Қазақмыс» корпорациясы ескі акциялары бар жандарға жаңа акцияларды бермей жүр. Бұны көпе-көрнеу алдау емей не дейміз? «Қазақмыс» шахталарында қаншама жұмыскерлер көз жұмуда. Тозақ өмір кешіп жүрген қарапайым шахтерлер үшін Ким бас қатырып жүргеніне өз басым сенбеймін. Байлықты өзгенің қолына ұстатып қойып, қарап жүрміз. Егер ұлттық экономикаға шынымен-ақ жаны ауырып, балтыры сыздар болса, баяғыда-ақ шикізатты сыртқа сатпай, өнім шығарар бір өндірісті іске қосар еді. Қазақтың бір де бір компаниясының Нью-Йорк Қор биржасына ұмтылмауы да осыдан. Ол биржаға тіркелу үшін жұмысың мөп-мөлдір, тұп-тұнық болмағы керек. Біз болсақ, Нью-Йорк сұраған мөлдірлікке жетпедік немесе Нью-Йорк бізден мүмкін емес нәрсені сұрап отыр. Read the full story »
Қазақ тілінде “блог” жазуға ықылас білдіргенімде ойымда бірнеше тақырып болды. Соның бірі білім және білімдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болса, екіншісі дүние жүзіндегі танымал, тіпті танымал болмаса да қызықты “әдеби сыйлықтар” тақырыбына шолу жасап, қазақ тілді оқырмандарды әлем әдебиетінде болып жатқан жаңалықтармен таныстыру еді. Осы мақсатта әлемторғы сұраныс бергенімде, бірінші болып көзіме “Блукер сыйлығын пулеметші алды”(http://webplanet.ru) деген хабар ілікті. Сөйтсек жыл сайын блог негізінде жазылған кітап үшін берілетін Lulu Blooker Prize (http://www.lulublookerprize.com/ )биыл американдық Колби Баззелге Ирактағы соғыстың бейресми тарихын баяндағаны үшін берілген. Әскеридің кітабы, оның блогы сияқты “Менің соғысым: Иракта зая кеткен уақытым” (My War: Killing Time in Iraq) деп аталады. Мүмкіншілік болса кейінірек бұл туралы толығырақ жазармын
Шексіз ақпараттың ішінен ең алдымен Қазақстанмен байланыстысын іздейтінім рас. Сондықтан “әдеби сыйлықтарды” іздегенде де өз елімізбен байланыстысы бар ма дегенді де естен шығармадым. Бұл ізденісім мені ТМД елдерінің жазушыларына арналған ресейлік сыйлық “Русская премия” конкурсы туралы мәліметтерге жолықтырды. Осы конкурстың 2006 жылғы проза номинициясындағы бірінші жүлдесі өзбекістандық жазушы және ақын Сұбхат Афлатунидің “Ташкент романына” беріліпті. Екінші және үшінші орындарды қазақстандық Иван Глаголев (“Алматылық хикаялар”) пен Николай Веревочкин (“Есімі жоқ адам”) бөліскен. Ынталандыру сыйлығын Татьяна Мартиросян (Армения) “Маятник заңы” романы үшін, Валерий Квилория (Беларусь) “Құпия жазбалар” әңгімелер жинағы үшін және Бақыт Даулбаев (Қазақстан) “Бәрі тұлпардан басталады” әңгімелер жинағы үшін алған. Бұл конкурстың ең басты мақсаты – ТМД кеңістігінде орыс тілін мәдени құбылыс ретінде сақтауға және халықтардың гуманитарлық бірлігін қалпына келтіруге септігін тигізу деп айтылған. Енді осы әдеби шығармалармен таныс болуға тырысқанымда әлемтордан ешқандай қосымша мәлімет таба алмадым. Өкінішті-ақ. Read the full story »



соңғы пікірлер