Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Year

Article Archive for Year 2007

Қарағанды суреттері
Written by , Monday, 5 Nov, 2007 – 5:08 | 3 Comments

Университет

Е.Бөкетов ескерткіші

“Электронды ресурстар” залының сол жағы

“Электронды ресурстар” залының оң жағы

Қала бағындағы көл

Қала бағындағы көл

 

 

 

 

Негізі сурет түсірген күні ауа-райы жақсы және күн ашық еді. Бірақ түс кезі болса да көлді тұман басып тұрғандай болады екен.

Байқауға қатыс, қазақ блогшысы!
Written by , Sunday, 4 Nov, 2007 – 18:27 | 3 Comments

Бұл ru.kazakhstan.neweurasia.net-те жарияланған Irene мақаласының аудармасы.

Қарағанды қаласындағы Центр правовой помощи СМИ (БАҚ-қа құқықтық жәрдем беру орталығы), «Гражданская журналистика» (Азаматтық журналистика) және Голландиялық «Hivos» дамушы елдермен әріптестікті дамыту агенттігі  «Қазақстандағы азаматтық журналистиканы дамыту және сөз бостандығын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері» атты жоба аясында саясат, экономика, мәдениет және әлеуметтік мәселелерде азаматтық көзқарастарын белсенді білдіріп жүргендерді марапаттау мақсатында «Интернет қолданушылар арасындағы ең үздік Қазақстан блогы» атты байқау жариялайды.
Байқауға қатысу үшін өтінішті «Азаматтық журналистика» блогының үйлестірушілеріне 2007 жылдың 6 қарашасына дейін  «Публицистика без границ» деген тақырыппен ira@medialaw.kz, көшірмесін admin@medialaw.kz э-пошталарына жөнелткен жөн.
Өтініш
Байқауға қатысу жөніндегі өтініште төмендегі мәліметтерді көрсетуіңізді сұраймыз:

Read the full story »

Үнхабар: Семинардың бірінші күні қалай өтті?
Written by , Friday, 2 Nov, 2007 – 7:30 | 3 Comments

Кезекті үнхабарымызда Бішкектегі семинардың бірінші күнінен алған әсеріміз сөз болады. Сонымен қатар жаңа қазақ блогшысы Әлиямен таныстырамыз. “Орта Азия елдері үшін блог неліктен маңызды?” деген сауалға жауапты да осы үнхабардан табасыз.


Play
Сөздердің түсіндірмесі
Written by , Thursday, 1 Nov, 2007 – 15:37 | One Comment

Сөздердің түсіндірмесін жазуға енді қолым тиіп отыр. Сонымен ең оңайынан бастайын.

Nano – метрдің миллиардтан бір бөлігі.

Plasma – телевизо экранының бір түрі

Megahertz – процессордың жиілігі туралы, 1 мегагерц – секундтағы миллион тактқа сәйкес.

Cell – ұялы телефон атауындағы тіркес.

Kernel – Windows немесе Linus жүйесінің ядросы

Flash – флэш-жад (энергия көзінен тәуелсіз жад).

Cookie- куки – қолданушының компьютерінде веб-сервер сақтайтын қызметтік ақпарат

De-duplication – қатқыл дискіден қайталанатын ақпаратты жою процесі.

Blu-Ray – «көк» лазерді қолданып жаңа буын DVD-іне жазу форматы.

Сонымен ең қиыны iPod болып отыр. Бұл сөздің пайда болуының бірнеше варианттары ұсынылады. Соның бірі Wired журналының ұсынған түсіндірмесі. Жалпы «pod» сөзінің мағынасын ағылшын сөздігінен қарасаңыздар болады :) . Ал бұл жердегі «pod» «2001. Космостық Одиссея» филміндегі құтқарушы модульді білдіреді дейді білетіндер.
Оған iMac – қа ұқсатып алдына «i» қосып қойған, сөйтіп «iPod» атауы пайда болған.

Дегенмен «iPod»-тың не екені түсініксіз болып қалды :)

Қарағандыға сапарым
Written by , Thursday, 1 Nov, 2007 – 8:58 | 3 Comments

Қазанның 29-31 аралығында Қарағанды қаласына іс сапармен барып қайттым. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде “Орта білім сапасы: жағдайы, бағалау, басқару” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Халықаралық деңгейге кішкене жетпей қалған сияқты, өйткені шақырылған қонақтар және сөз сөйлеушілер (Ресейден) бір себептермен қатыса алмады, тек қана Самара қаласындағы “Тәуелсіз білім беру сапасын бағалау және білім беру аудиті орталығының” директоры Чупин мырза ғана келді. 

 Негізгі ұйымдастырушылар ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы болды. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек семинарда жасалған презентациялар жақын арада  Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығының сайтында   жарияланатын болады және қызығушылық танытқандар сол жерде семинарға қатысты ақпаратты таба алады деп сенемін :)

Бұл семинарда бұрын түрлі конференцияларда кездесіп жүрген Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды қалаларының мамандарымен тағы да жүздестік, әсіресе атыраулық Гүлнәр Шамратқызымен кездесуіміз, ол да, мен де бұл жерде бір-бірімізді көреміз деп ойламаппыз.

Қарағанды өзіме жайлы ауа-райымен қарсы алып, шығарып салды.

Үнхабар: Бішкек сапары
Written by , Thursday, 1 Nov, 2007 – 8:34 | 10 Comments

Бішкекте болып жатқан Орта Азия елдерінің блогшыларына арналған семинар жайлы үнхабарымызды осы жерден және Блог туралы блогтан тыңдай аласыз.

Суретте: Қазақстаннан келгендер: Қуаныш, Әлия, Нұргелді.

Үнхабарда аты аталған жандар осылар


Read the full story »

Play
Нью-Йорк қазақтары Республика күнін атап өтті
Written by , Tuesday, 30 Oct, 2007 – 9:48 | 7 Comments

Әлия Алханның Америкада тұрып жатқанына 15 жылдан асты. Осы уақыт ішінде ол ұдайы Америкадағы қазақтардың бауырласуына үлес қосып келеді.

жақыннан көру үшін суретті шертіңіз


Ол тек қана американдықтар асырап алған қазақ балаларына қазақ тілін үйретіп қана қоймай, сонымен қатар атаулы күндері америка қазақтарының (оқып жақтан қазақ студенттері де бар) басын қосып, бір іс-шара ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Бүгін маған Республика күнінен бір суретін жолдапты.

Құран оқуды үйретуші ұстаз болғым келетін…
Written by , Monday, 29 Oct, 2007 – 12:53 | 3 Comments

Сахнадағы әп-әдемі қазақ келіншегінің бет-аузын құбылта түсініксіз дыбыстар шығарып, ән салғанын көргенде: «Бұның несі өнер?» деп әрі-сәрі күйде қалғаным бар. Ән салды деген аты ғана. Әйтеуір қазақтың ескі өмірін жадыңа оралтатын бір сиқырлы әуезі ғана бойыңды шымырлатып, өне бойыңды тітіркендіреді. Шетелден келген қазақ қызы Сағадат Түркөздің осы өнерін күллі Еуропа тікесінен тік тұрып тамашалайды. «Сонда біз неге түсінбейміз?» деген сан сауалдардың жауабын таппақ үшін, әншінің өзін іздеген едім.

– Сіздің шетелде музкант болып қалыптасуыңызға не әсер етті?

– Бұл сұраққа жауап берместен бұрын, әуелі, мені өсірген ортаға назар аудару керек шығар. Мен Мәрмәра теңізінің жанында тудым. Әке-шешем қытай үкіметінің Шығыс Түркістан қазақтарына көрсеткен қысастығына шыдамай Түркияға көшуге мәжбүр болған. 1939 жылы Қытайдың саясатына қарсы болған бірнеше адам айлар бойы түйемен, атпен Гималай тауларынан асып, Үндістанда тұрақтады. Одан соң Пәкістанда он үш жыл тұрды. 1953 жылы Түркияға келді. Сөйтіп мен 1969 жылы Түркияда дүниеге келдім. Олар бізге Орта Азия шыңдарының ауыз әдебиеті мен музыкалық дәстүрін мұраға қалдырды. Олардың алыс елдері туралы аңыздары мен Түркияға жету жолындағы қиындықтары, қазақ қоғамы күні бүгінге дейін менің музыкант ретінде қалыптасуыма тікелей әсер етіп келеді.
Read the full story »

Қазақ сарбазы Отан қорғап жүр ме?
Written by , Friday, 26 Oct, 2007 – 13:48 | 3 Comments

Қорғаныс Министрлігінің басшылар штабы комитетінің әлеуметтік және психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Амангелді Ыбыраев: … Мысалы, Приозерскідегі 06708 әскери бөлімінде 22 жастағы жауынгерді өз-өзіне қол жұмсайтын жағдайға дейін жеткізген. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң әскер қатарына шақырылған сарбаз казарманың үшінші қабатынан секіріп кеткен. Артында «өліміме ешкімді кінәламаңдар» деген тілімдей хат қалдырған екен. Алайда, тексеру нәтижесі сарбазға әлімжеттік жасалғанын анықтады.

 Әскерден інім келді. Бір жыл ішіндегі әскери орта мінез-құлқын өзгертіпті. Еліміздегі әскери салада атқарылып жатқан реформалар әлі де болса өз жемісін бермегенін інімнің аузына қыстырған темекісінен аңғардым.
- Мен Сайрандамын. Қасымда Ақтөбенің екі жігіті бар. Күтіп ал.

Сурет aibyn.kz сайтынан алынды

Таңғы сағат 5.30 дағы зілді, қарлыққан дауыс жып-жылы төсегімнен тұрғызды. Күні кеше «ағалап» жүрген інімнің бұйырып сөйлеуі құлағыма тосын естілді. Жүрегімнің әлдебір түкпірінен ініме деген сағынышты іздедім. Таппадым. Жасыл әскери киімді суқаным сүймеуші еді. Содан ба? Әлде оның аузынана шыққан күлімсі иісі жүрегімді айнытты ма? Жан-жағына алақ-жұлақ қараған суық жанары көңілімді мұздатып жіберді…
Read the full story »

Мағынасын білесіз бе?
Written by , Wednesday, 24 Oct, 2007 – 5:54 | 7 Comments

The Global Language Monitor компаниясы ақпарат құралдары жоғары технологиялар туралы жазғанда көп қолданатын, бірақ мамандар да мағынасын түсіндіруге қиналатын, он сөздің тізімін жариялады. Олардың қатарына мына сөздер кіреді:

1. iPod

2. Flash

3. Cookie

4. Nano

5. Kernel

6. Megahertz

7. Cell

8. Plasma

9. De-duplication

10. Blu-Ray

Сауалнамаға MIT, Caltech және Stanford университеттерінің студенттері қатысқан.

Ал сіз бұл сөздерді түсіндіре аласыз ба?

Келесі жолы мағыналарын жазамын