Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Year

Article Archive for Year 2008

Әр қазаққа бір ноутбук!
Written by , Thursday, 25 Dec, 2008 – 4:26 | 4 Comments

«Сарапшылар бір жылдың ішінде ноутбук бар отбасылар саны 42 пайызға артты. 2009 жылдың соңына қарай Қазақстандағы интернет қолданушылардың саны 2,3 млн. адамға жетеді»,

дейді ICT-Marketing сарапшылары.

2008 жылдың соңына қарай Қазақстандағы интернет-тұтынушылардың саны 2,3 млн. адамға немесе тұрғындардың 14,8 пайызын құрамақ. Телекоммуникация мен ақпараттық технологияларды зерттеуге маманданған маркейтингтік компанияның болжамы осындай. Read the full story »

Кәрім Мәсімов – блоггер
Written by , Monday, 22 Dec, 2008 – 19:47 | 7 Comments

Мәскеуде іссапармен болып қайтқан Кәрім Мәсімов «Мәскеу жаңғырығына» берген сұхбатында өзінің блогшы екенін мәлімдеді. Ресейлік радиоарнаға қазақстандық интернет қолданушылардан көптеген сұрақтар келіп түскен. Солардың дені танымал «Livejournal» блогтұғырының құрсаулануына қатысты еді.

Осыдан бірнеше ай бұрын қазақстандық блогшылар арасында кеңінен  танымал livejournal.com (ағыл. тіріжурнал) кенеттен құрсауланған. Қалың жұртшылық ЖЖ(живой журнал)-ны көрсетпеуге тиым салудың астарында Рахат Әлиевтің осы блогтұғырдан интернет-күнделік бастауында деп санады. Осылайша қазақстандықтар көп тұтынатын танымал livejournal блогтұғыры «Қазақтелекомның» megaline өнімін тұтынушылар үшін жұмыс істемей қалды. Бұл жайлы шетелдің жүздеген ақпарат көзі бір сәтте хабарлады. Қазір де хабарлау үстінде. Шетелдің ақпарат құралдары «Рахат Әлиев маусым айынан бері ресейлік SUP компаниясының Livejournal.com сайтында блогын тіркеді» деп пайымдайды. Өз блогында ол қазақ билігін аяусыз сынап, өзінің көкейге түйгендерін жаһанға жар салыпты-мыс. Міне, дәл осы мәселе осы айдың басында Ресейдің «Эхо Москвы» студиясында жалғасты. Жүргізуші Алексей Венедиктов пен ҚР премьер-министрі арасында болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамын: Read the full story »

«Қазақмыс» құпиясын интернет-ойынға айналдырды
Written by , Monday, 22 Dec, 2008 – 19:41 | No Comment

Желтоқсан айының басында Қазақстанда алғаш рет іске қосылған «Ұлытау сырлары» атты интернет-ойынның қорытындысы шығарылды. «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен өткізілген ойынның жүлдесі – ноутбукты Құсайынов Ерік иеленді.


Қазнетте жекелеген компаниялардың интернет-ойын жобасын іске қосу әзірге кездеспеген. Есімі шахталардағы кісі өлімімен, соңғы дағдарысқа орай өндірістің қуатын азайтумен шыққан «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы беделін арттыру үшін осылай жаңа қадамдарға барды деп болжауға болады. Қазақстан тарихы бойынша әзірленген «Ұлытау сырлары»  ойынына қатысушы Қазақстан картасында орналасқан 30 сұраққа жауап беруі керек-ті. Әрбір сұраққа жауаптың 5 нұсқасы берілген. Олардың біреуі логикалық қақпан болып табылады. Логикалық қақпан дегеніміз – көрсетілген нұсқасында дұрыс жауабы жоқ немесе нұсқалардағы барлық жауаптардың дұрыстығын білдіреді. Логикалық қақпан дұрыс жауап болуы да мүмкін. Read the full story »

Мәскеуде қазақ студенті айуандылықпен өлтірілді
Written by , Wednesday, 17 Dec, 2008 – 13:51 | One Comment
http://www.facebook.com/group.php?gid=44777656261
Ерланның Отанға деген сүйіспеншілігі


18 жастағы қазақ студентінің есімі - Ерлан Айтымов. Ол Мәскеу қаласындағы Губкина атындағы мұнай газ университетіне биыл оқуға түсіпті. Астана мектебінің түлегі.

Биылғы Ұлттық Бірыңғай тестілеуде ең жоғарғы 119 ұпай жинап, “Лукойл” компаниясының арнайы шәкіртақысына ие болған. Осынау дарынды баланың тағдыры қыршыннан Отаннан жырақта, кісі қолынан үзіледі деп кім ойлаған.

http://www.facebook.com/group.php?gid=44777656261
Фейсбукта Ерланның суреттері жарияланыпты…


Ресейдің ақпарат құралдары оқиға 14 желтоқсан күні Мәскеудің оңтүстік-батыс округіндегі Бутлеров көшесінде болған дейді. Дәрігерлер келіп жеткенше Ерлан бауырына сұғылған пышақтан көп қан жоғалтып, көз жұмған.    

Ресейдің ірі қаласында кісі қолынан қаза тауып жатқан бұл бірінші оқиға емес. Бұған дейін де осындай оқиғалар орын алған. Мәскеу журналистері бұл ұлтшылдық сипаттағы оқиға емес деген пікір таратуда.

Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, Ерлан!

Әке-шешеңе сабыр берсін. Күдіксіз Аллаһ бәрін білуші!

P.S. Facebook-та Ерланның атынан әлдекім еске алу тобын ашыпты. Ерланның бірнеше суреттері жарияланыпты.

Қазақтың бүлдіршіндері батыстағы құрдастарынан ақылды
Written by , Wednesday, 17 Dec, 2008 – 12:42 | 4 Comments

Американдықтың қазақ оқушыларының алғырлығына қызығып, өз елінің білімді адамдарын: «Біз Бораттың елінен қалып барамыз» деп оятуда.

Бұл жайтқа «The New York Times» басылымында жарық көрген мақала себеп болыпты. Ол жерде соңғы бес жылдың ішінде математика мен ғылым саласындағы оқушылардың жарысында Азия елдерінің оқушылары үздік деп танылып жатқаны жазылған. Мәселен, алдыңғы орында Гонконг, Сингапур, Тайван Жапония, Қазақстан тұр.  Әлгі американдық:

«Бұл елдер өздерінің білім жүйесіне америкадан гөрі әлдеқайда аз ақша жұмсайды. Десе де көрсетіп жатқан нәтижелері кісі қызағарлықтай. Бізге де өз білім реформамызды қайта қарастыру керекпіз»,

депті. «Жапонияның біздің алдымызда орап кетуі ғажап емес. Бірақ Қазақстан? Борат фильмімен әжуаланған ел біздің алдымызға түсіп кетті? Қайткен күнде де біз бұл елдерді озу керекпіз» депті. Read the full story »

Медведевтің қазақ тәуелсіздігіне жасаған «сыйлығы»
Written by , Wednesday, 17 Dec, 2008 – 12:31 | 4 Comments

Assosiated Press агенттігі 18 жастағы қазақ студентінің Мәскеуде скинхэдтердің қолынан қаза тапқанын хабарлауда. Шетелдің ақпарат құралдары Ресейде соңғы жылдардың ішінде ксенофобия дертінің қатты ушығып тұр дейді.

«Жексенбі күні он сегіз жастағы қазақ студентінің Мәскеудегі жатақхана маңынан мәйіті табылды. Осыдан бір ай бұрын он сегіз жастағы афро-америкалық студент Волгоград қаласында соққыға жығылып, өлімші халінде табылған. Осы аптада Мәскеудің солтүстігінде екі тәжікке шабуыл жасалып, бірінің басы кесілген. Ресей ақпарат құралдары оның басы денісінен 10 шақырымдай жерден табылғанын жазды».

Read the full story »

OSCE алдындағы Құрбан айт
Written by , Friday, 12 Dec, 2008 – 11:44 | No Comment

Осы аптада Қазақстанда тұратын бірнеше американдықтың блогында Құрбан айтқа қатысты жазбалар жарық көрді.

Reuters ақпарат агенттігі осы аптада Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мүмкіндігіне күмән білдіріпті. «Қазақстан ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемелерін орындауда сүрініп қалды» атты мақалада Қазақстанда демократияның әлі де болса, жеткілікті деңгейде еместігі айтылады.

Бір түсініксізі, Еуропаға қарай қол созған Қазақстанның әрбір қадамын аңдып отырған шетелдік журналистер ақпаратты бергенде бірінші кезекте қазақ даласындағы дін бостандығын назарға алады. Read the full story »

Қазақстанда ойынханалар қайта “гүлденбек”
Written by , Friday, 12 Dec, 2008 – 11:38 | 2 Comments

Шетелдің он шақты ақпарат агенттіктері осы аптада «Қазақстандағы ойынханалар» жайын сөз етті. Астарында қазақ туризмінің не себепті дағдарып тұрғаны, уәделі «Қазақ Лас-вегастар» неліктен салынбай қалғаны сөз болады.

«Тәуелсіздік алған соң Қазақстанға жаңа бір леп келді. Мұнай ақшаларымен бірге әртүрлі ойынханалар бұрыш-бұрышта жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптап кетті. Бір ғана Алматыда 18-ден аса ойынханалар бар. Көпшілігі түріктердікі»

, – дейді шетелдік сайт. Осындай сарындағы мәліметтердің дені таңқалумен, Орталық Азиядағы елде ойынхана бизнесінің гүлдеп келе жатқанын тамсанумен жазады. Батыс әлемі белгісіз болып келген құлан иек түз халықтарында ақша жоқ деп ойлап келген болса керек. Әйтпесе сол ойынханаларға баратын кейбір шенеуніктер тұтас облыстың бюджетін қызды-қыздымен ұтысқа салып жіберетінін білмейді-ау… Read the full story »

Тәжік ғалымы халықтар арасына сына қақпақшы
Written by , Thursday, 4 Dec, 2008 – 5:50 | 3 Comments

«Қазақстан қаржы дағдарысын шовинизмімен шешпекші» атты мақала өткен аптада The Huliq.com сайтында жарияланған. Мақала авторы Душанбедегі (Тәжікстан) «Индем» сараптама қорының директоры Саймуддин Дустов. Қазақстанның жеткен жетістіктеріне деген қып-қызыл қызғаныштан туындаған мақалада шетелдік автор дүниені бар жаласын қазақтардың басына үйіп-төгіпті.

Тіпті «қазақ» деген атау XVIII ғасырда белгілі болды, ал тәжік ұлтының мыңжылдық тарихы бар. «Тәжіктерден Рудаки, Хаям, Хафиз, Фирдауиси, Саади, Бедил және жүздеге есімі әлемге мәшһүр тұлғалар шықты. «Ал қазақтардан кім бар?»

деп риторикалық сұрақ қояды.

Read the full story »

Қазақшаны мансұқтағандарға билік үшбу хат жолдамақ
Written by , Thursday, 4 Dec, 2008 – 5:39 | No Comment

Американы қазақ еліндегі ұлтаралық мәселе бұрыннан толғандыратынын бұрын да жазған едік. Reuters ақпарат агенттігінің тілшісі Мария Головина «Қазақстанда бизнес жүргізгіңіз келсе, қазақша тіл сындыруға тура келеді» деген мақала жариялаған. Бұл ақпаратты кейін Ұлыбританияның The Guardian басылымы көшіріп басқан. Бір қарағанда, «бұнда тұрған не бар?» деген ой келуі мүмкін.

«Қазақстандағы шетелдік инвесторларды ұлттық мүддемізге идіріп отырсақ, қуанбаймыз ба?» дейтін шығарсыз. Шындығында, шетелдіктер қазақ тілінің болашағына күмәнмен қарайтыны, қазақ тілін тек заң аясында ғана сыйлайтыны, олар үшін бірінші кезекте қазақ мұнайы мен газының есебінен пайдаға қарқ болып, табанын жалтырату тұрғаны анық.

«Егер сіз бұрынғы Кеңес Одағының бірі болған Қазақстанда бизнес жасауды көздеген болсаңыз, қазақ тілі сабақтарына қатысуыңызға тура келетін шығар. Қазақстандағы ірі мұнай кеніштерін дамытып жатқан АҚШ-тың Шеврон мұнай компаниясына қазақ билік өкілдерінен шағым хат келіп түсті. Ол жерде компания қазақ тілін іскерлік байланыс саласында қолданбайтыны жазылған. Қазақ тілі – бұл елде Мәскеу басқаруынан құтылудың белгісі ретінде көрінетін тәуелсіздіктің белгісі». Шеврон компаниясы бұл шағыммен келіспейтінін білдірген. «Біз қазақ тілі жоспарын бірнеше жылдан бері дамытып келеміз және біздің бизнесіміздің барысында үш тіл (ағылшын, орыс және қазақ) қатар қолданылатынын мақтанышпен айта аламыз», – депті.

Шеврон компаниясы – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылы келген алғашқы инвесторлардың бірі. Read the full story »