Article Archive for Year 2008
Авторы: Біріккен Ұлттар Ұйымының “Мыңжылдық” форумының Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша үйлестірушісі, Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясының президенті академик Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ
Жаһандану заманының біз үшін ең қауіпті сұрапылы қытай мен үнді халықтарының экономикалық және миграциялық экспансиясы болып табылады. Бұл экспансия әсіресе Қырғызстан мен Қазақстанда орын алып, қазіргі кезде оның екінші этапы жүріп жатыр. Бірінші этапта нарығымызды олардың тауарлары қаптап, кейбір ірі өндіріс орындарымызды иеленген болса, енді кіші-гірім кәсіпорындарды да иемденуге көшіп, өздері жергілікті қыздармен некеге тұра бастады. Мұндай неке оңтүстіктің өзінде кездейсоқ оқиға болудан қалды. Бұл процесс осылай жалғаса берсе қытайлықтармен бәсекелесуге шамасы жоқ өндіргіш күштеріміз де, ат төбеліндей халқымыз да бірте-бірте қытайланып кетуі әбден мүмкін. Бұл індеттің асқынуына да, оған тосқауыл болуда да қазақ елінің рөлі өте зор.
Өйткені қазақ елін игерген келімсектер Орталық Азия мен Ресейге жеңіл тарау позициясына ие болып, ертесіне Азербайжаннан бірақ шығады. Одан әрі Түркия мен Еуропаға да бірақ қадам. Сөйтіп жаһандану тасқыны бірнеше ондаған жылдардың өзінде ЕурАзия кеңістігінің этникалық, соңынан саяси келбетін түпкілікті өзгертіп жіберуі ғажап емес.
Мұның адамзат өркениеті үшін қандай жөнсіз өзгерістер әкелетінін болжау қиын емес.
Read the full story »
“Жау жағадан алғанда, бөрі етектен”деген дана халқымыз. Мына қаржы дағдарысынан кейін студенттер әбден әуреге түсіп келеді.
“Нан қымбаттағаннан бері студентер тек мойонез жейтін болды деп”, – әзілдеп еді бір КВН-да Марат деген жігіт. “Әр қалжыңда бір шындық жатады” демей ме?
Енді тағы бір проблема басталғалы тұр. Жолақымыз 50 теңге болады. Қандай жол табар екенбіз? Мақсаттарын айтып жатыр ғой, бірақ сол нәтижелі болады деп айта алмас едім. Студенттің 25 теңгесінен үнемдеуден басқа жол жоқ па? Одан да дөкей ағаларымыздың шет елдердегі банкілерінен осыншама пайыз ақша бөлсін деген заң шығармай ма? (Ол бәрібір халықтың ақшасы ғой…?) 25 теңгесін үнемдеп жүретін студенттер де бар еді, енді жаппай жаяу жүретін шығар. Екі еселеу деген аз емес. Оның үстіне ” пересадкамен” жүретіндерге бұл 4 есе. Мүмкін біреулер үшін ол мәселе емес, бірақ олар кімдер екені белгілі… Ата-анасының бір ғана табысына қарап отырған достарыма қиын болатын болды. Сайып келгенде, шәкіртақымыздың тең жарымын қайтаратын болдық қой. Енді, сол шәкіртақамыз өсетін шығар деп ойлап жатырмыз. Бірақ бюджетті үнемдеу болса, ол үміттен қайыр жоқ. Дегенмен “Үмітсіз шайтан…” дейді, бір жөні болар. Әзірге студенттер дағдарысытың дәмін дұрыстап тататын болды…
Әйтпесе көп жастарды елдегі саяси, қоғамдық, әлеуметтік оқиғалар қызықтырудан қалып барады. Тіпті өз құқықтарың да білмейтін жастар бар.
Қазақстандағы жастар саясатымен айналысатын ұйымдар белгілі бір топтардың мүддесіне ғана жұмыс жасайды. Жастар ұйымдары өздерінің жобаларымен емес, бастамасы, қорытындысы дайындалып қойған жұмыстарды жүзеге асырады. Сонымен жастар саясатымен айналысушы белсенді топ болып шыға келеді. Әрине олардың бітіріп жатқан игі істері де жоқ емес. Алайда, менің ойымша, біріншіден, жастардың белсенділігін арттыру, екіншіден, жастардың саяси сауатын ашу олардың басты мақсаттары болу керек . Read the full story »
Алдағы жылы ЖІӨ өсу қарқыны 3 пайызға азаймақ. Әлемдік дағдарысқа орай шикізатқа деген сұраныстың төмендеуінен туындаған өзгерістен үркудің қажеті жоқ, – дейді осыған орай нарық сарапшысы Елена Дудко.
ЖІӨ-ның өсуі 3 пайыз болады деп, Еуропадағы даму және қайтақұру банкінің сарапшылары мәлімдеді. Дағдарыс жағдайындағы ТМД және Батыс Еуропа елдерінің макроэкономикалық көрсеткіштеріне жасаған арнайы есептері осы аптада жарияланды. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламентінің пленарлы мәжілісінде 2009-2013 жылдар аралығында экономиканың өсуі қарқыны 2,7-4,1 пайыз аралығында болады деді.
Халықаралық Валюта Қорының өкілдері болса:
«Қазақ экономикасы дұрыс соқпақпен келе жатыр» деп хабарлады. Халықаралық Валюта Қорының аға қызметкері «ғаламдық несие дағдарысының алғашқы құрбандарының бірі болған Қазақстан қазіргідей қаржы дағдарысы жағдайында өзін дұрыс ұстап отыр. Естеріңізде болса, көл-көсір мұнайы бар қазақтар халықаралық экономикалық кризистің әсер-ықпалы аз болып, банк пен қаржы саясаты қалыпты жұмыс ырғағынан жаңылыспас үшін ұлттық қорларынан ақша бөлдірген»
Американың СBS арнасынан берілетін «Қызықты жарыс» атты реалити шоудың жалғасы Алматы қаласында түсірілді. Ойынның шарты бойынша әрбір команда 23 күнде 30 мың миль жүріп, Бразилия, Боливия, Ресей, Үндістан және Қазақстанды кесіп өтуі керек.
«Алғаш рет біздің бағдарлама мұхитпен шектеспейтін, Саша Коэннің атымен танылған елде түсірілмекші. Біз оларға бұл Борат сияқты фильм болмайды деп айттық. Бірақ біздің жасап отырғанымыз өте қызық болады деп түсіндірдік. Телевизия индустриясы дамымаған елде түсірілім жұмыстарын жүргізу оңай бола қоймас»
, – депті бағдарламаны ұйымдастырушылар.
Өзінің шетелдік басылымға берген сұхбатында аталған бағдарламаны дүниеге әкелуші продюсерлердің бірі Бэтрам Ван Манстер: «The Amazing Race» арқылы американдықтардың рухани мүгедектігі айдай әлемге паш етіледі», – депті.
Қазақтың ғарышта жоғалтқан 65 млн. доллары қайта табылды.
Шалажансар темір қазақ даласынан қанаттанып ұшқанымен, ғарыштағы кеңістікке бейімделе алмаған. «ҚазСат» жердегі басқару орталығынан жіберілген белгілерге жауап бермей, өз бетінше қалықтап ұшып жүр. Қазақтың 65 млн. АҚШ доллары желге ұшты деп өкінген едік…
«Басты қателік – сынақтық-тәжірибелік платформаның таңдалуы. Ресейліктердің де еш кінәсі жоқ, біз қандай жер серігіне тапсырыс берсек, олар соны ғана жасап берді. Сенімді әрі тиімді платформаны емес, арзан тәжірибелік нұсқаны таңдаған өзіміз», -
деген еді сол кезде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Мейірбек Молдабеков. Талғат Мұсабаев болса: «Ғарыш агенттігі спутник ұшырылған соң құрылды. Менің ойымша негізінен әу баста Ресейліктермен келісім-шарт дұрыс жасалмаған», – деп өзіне төнген қауіптен басын ала қашқан. Read the full story »
«Барак Обама бұл сайлауда сөзсіз жеңеді. Коллегиядағы 538 дауыстың 310-315-не, сайлаушылардың 60 пайыздық даусына ие болады», дейді Томас Манн, американ сайлау жүйесінің білгірі. АҚШ президенті атану үшін кандидат 538 дауыстың кем дегенде, 270-не ие болуы керек.
Жеңіп қана қоймай, оның президенттік мерзімі кезінде, Конгрессте де Обаманың партияластары: демократтар басым орын алады. «Франклин Делано Рузвельттен бері ондай мүмкіндікке ешбір демократ- президент ие бола қойған жоқ еді» дейді Манн.
Манның болжамы бойынша, Сенаттан демократтар 17 орынды артығымен алса, ал өкілдер палатасында 20 демократ көбірек болмақ.
АҚШ бүгінде, идеологиялық түрде екіге жарылып отыр, дейді профессор Джозеф Уайт. «Әрине, коммунизмнің капитализмге деген қарсылығы сияқты емес, дегенмен, демократтар мен республикалықтар арасы қатты ажырап кетті» дейді ол.
Екі партия сайлаушылардың 45-45 % пайызынан дауысқа ие болса, қалған 10 пайызы кімге дауыс берерін білмей абдырап қалады екен. Сайлаудың басталуына бірнеше сағаттар қалғанымен, зерттеулерге қарағанда, әр штатта 4-5 пайыз кімге дауыс беретінін әлі шеше қоймаған. Мәселен, Огайо штатында, респонденттердің 49 % Обамаға дауыс береміз десе, 46% МакКейнге дауыс береміз деген. Ал сайлаушылардың 3 % әлі кімге дауыс берерін білмейді.
Діни фактор бұл сайлауда біраз жаңғырыққа ие болды. Алдымен, Обаманың бұрынғы пасторы Джереми Райттың «God damn America» (Американы қарғыс атсын) деген сөзі америкалықтар арасында кеңінен тарады. «Ақ Үйге барғысы келетін адам қалайша мұндай сөз айтқан адаммен рухани қатынаста бола алады» деп, осы сөзді МакКейннің сайлау кампаниясы сайлаушыларды Обамадан бездіру үшін пайдаланды. Әдетте, америкалықтар «God bless America» (Американы Құдай жарылқасын) дейді.
«Америка қара нәсілді азаматты президент етіп сайлауға дайын» дейді, Вашингтондағы Pew Research Center әлеуметтік зерттеулер институтының директоры Скот Китер. Оның айтуына қарағанда, бүгінгі АҚШ бұдан 20 жыл бұрынғыдай емес, әжептеуір әлеуметтік либералды бағытта. «Жастар үшін кісінің түсі аса маңызды емес» дейді ол.





соңғы пікірлер