Article Archive for Year 2008
Мақаланы жолдаған Жанара Омароваға рахмет.
Кеше Павлодарда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрметіне С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті алдынан салтанатты түрде мүсіндік композиция ашылған болатын. Ал университет ішінде «Дос-Мұқасан» ансамблінің шығармашылық мұражайы орналасты. «Бізге 40 жыл» атты мерекелік концерт өткізілді.
…Мұражай ашып салдық, қош күте алсаң,
Болмайды ескерткіштің еш құты арзан.
Битлз-ды төбемізге көтергенде,
Төріңде неге тұрмайды Дос-Мұқасан?!
Жеткізген барша жұртқа сыңғыр үнін,
Біздерге Дос-Мұқасан – бұл бір ұғым.
40 жыл сахнада серілік қып,
40 жыл бұзбай келген құндылығын.
Шетінен ғажап әнші, ғажап ақын,
Осындай біздің елдің азаматы. Read the full story »
Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатын зерттеп жүрген американдықтар көп. Солардың бірі - Майкл Ханкок қазір Индиана университетінде қазақ тілін үйреніп жүргендердің бірі. Өткен жолғы жазбада Рамазан айында ауыз бекітіп жүрген американдықтар туралы айтып едік. Интернетте қазақ тілінде ағылшын тілді аудиториға хабар таратып жүрген Майкл да Америкада жүріп ауыз бекітіпті. Майклмен арада болған Интернет-сұхбатымыз ораза тақырыбынан басталды.
Жаңаеуразия:
Майкл: Жақсы сұрақ екен. Ораза ұстағаныма менің ағзам таң қалып жатқан болар. Десе де Қазақстанда жүргенде ауыз бекіту жеңілдеу болды. Америкада қасымда ешкім де ораза тұтпағандықтан сәл қиындау болып жүр. Оңтүстік Қазақстанда 2005-2007 жылдар аралығында тұрдым. Бейбітшілік корпусының оқутышысы болып, сайрамдық бүлдіршіндерге ағылшын тілінен дәріс бердім.
Жаңаеуразия: Сен мұсылман болғандықтан ораза ұстап жүрмісің? Әлде жай өзіңді сынап көру үшін бе? Read the full story »
Кезекті Үнхабарда төмендегідей тақырыптар қамтылады:
- Кәсіптік өнеріміздің қайнар көзі қайда?
- Монитордың арғы бетіндегі өмір
- Зайырлылық шарттарын жергілікті шарттарға қалай икемдейміз? (Түркия үлгісі)
- Қазақ әуелі өзін-өзі сыйлауы керек
Үнхабарды әзірлеп, жолдаған Бейсенова Балғынға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Podcast: Play in new window | Download (9.9MB)
Алматының қоғамдық көлік жүргізушілері наразылық акциясын жариялап жатыр деген күмәнім бар. Бүгін көп автобустар жүрмей қойды. Әлгінде жұмысқа келе жатып байқадық, аялдамада қара күтушілердің саны көп. Біз тіпті көлікке жолай үш адамды отырғызып алдық.
Өткен аптада Астанада жолақы 60 теңге болған. Жаз айында Алматыда жолақы көтеріліп, студенттердің жеңілдіктері алынып тасталғанда:
«Қыркүйекте валидаторлар қосылады. Тәртіп пен т азалық орнайды»
деп сендірген. Сол кезде біз қоғамдық көліктің негізгі құны 90 теңге екенін де естігенбіз. Халықтың үйрейін тудырмас үшін бұл ақшаның жартысына жетер-жетпесін жергілікті бюджет (жанар-жағар май түрінде) көтереді екен.
Қазір күн суыды. Көшедегі көлік кептелісі мәселесі әлі оң шешімін тапқан жоқ. Арты не болар екен?
Жаңа ғана ҚазТаг былай деп хабарлап жатыр:
Водители по крайней мере двух автобусных парков Алматы: №4 и №5 не вышли в понедельник на маршруты. Пассажиры утором так и не дождались автобусов на маршрутах №112, №118, №29 и многих других.
Точная причина невыхода автобусов на маршруты пока неизвестна. По словам сотрудников автопарков №4 и №5, маршруты не обслуживаются из-за отсутствия денег на покупку дизельного топлива.
Қазақстан Бүгін агенттігі кештеу болса да, мәселенің мәнісін былай жеткізіпті:
“Бүгін сегіз ірі автопарк жұмыссыз тұр, өйткені, бізге дизельдік отын жеткізуден бас тартылды. Бізде бағытқа автобус шығаратын мүмкіндік жоқ. Біздің берешегіміз көп және бізге жанар-жағармай бермей отыр”
- деді тасымалдаушы өкілі.
Компьютер көпшілікке ортақ болса, кім қолданбайды? Әсіресе, журналистікі болса. Ескі-құсқа құжаттарды ақтарып отырып, бұрын жарияланбаған бір мәтінді тауып алдым. Менің алдымда болған біреу жазыпты. Соны жариялағанды жөн көріп отырмын. Іште пікір өлгенше, сыртқа шыққаны жақсы ғой. Сонымен…
Шынын айту парыз, бізде соңғы кезде мемлекет деңгейіндегі мерейтойлар мен мерекелерді науқаншылықпен атап өту дағдыға айналып барады. Алысқа бармай-ақ, осы өткен жылға оймен көз жіберсеңіз, қазақтың Сейітжан Омаров, Дихан Әбілев, Ғали Орманов секілді ардақты ұлдарының мерейтойлары республика көлемінде тойлануы тиіс болатын. Әрине, тойлануы тиіс болған соң, жоғарыда аталған ақын-жазушылардың мерейтойлары Астана мен Алматы қалаларында және өздерінің туған жерінде белгілі бір деңгейде аталып өтті де. Бірақ, бір қызығы, өтті ме десе өтпеді деуге болмайтын, өтті деп ауыз толтырып айтуға тағы ауыз бармайтын осы бір мерейтойлар не үшін керек деген ойға қаласың кейде. Read the full story »
Алтыншы рет өткізіліп отырған AWARD-2008 байқауына қатысуға ниет білдіргендер саны күрт өсіп отыр. Ұйымдастырушылар алқасына 1007 өтініштің келіп түсуі «AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлде (www.award.kz)» байқауының еліміздегі Интернет саласындағы маңызды шаралардың біріне айналғанын айғақтайды.
Әдеттегідей байқаудың бірінші кезеңі, 1 маусым мен 15 қыркүйек аралығында өткізілді. Өткен жылы бұл уақыт аралығында 637 өтініш келіп түссе, биылғы жылы қатысушылар саны екі есеге дейін өсіп отыр. Read the full story »
Алматыда салынған айналма жолдар өте әдемі. Алайда бұл жолдар бірінші кезекте көлік кептелісін оңтайлы шешуге бағытталған еді.
Суретте Фурманов пен әл-Фараби көшелеренің қиылысындағы айналма жолдан түсірген суретті көріп тұрсыздар.
Бірақ бұл құрылыстың есебінен жаяу жүргіншіге жолды кесіп өту қиын. Бағдаршамдар тек көлікке бағыттап орнатылған, жаяу жүргіншілерге арналған жол тек оң жақ қанатта. Осыған қарап, бұл маңайдың адамдары жаяу жүрмейтін болар деген ойға қалдым.
Ұлттық интернет-жүлдесі үшін ұйымдастырылып отырған байқауға қазақ тіліндегі сайт иелерінен өтініштер көптеп келіп түсуде. Солардың бірі аудармашы Нұрғиса Асылбековпен чат арқылы әңгімеге шығып, «AWARD.kz»-ке байланысты пікірін білген едім.
Жаңаеуразия: Бұл байқауға қатысуға не түрткі болды?
Нұрғиса: Алдымен, AWARD.KZ ғаламтор мүшәйрасының қазығы қағылғалы биыл ат төбеліндей алты жыл болғанын қадай айтайын. Бұл ненің белгісі? Менің топшылауымда бұл – жобаның өміршеңдікке деген «сәлемі». «Message» деуші ме еді? Яғни, жоба бір-екі жыл жылтың ете қалып, жұлдыздай ағып өте салған жоқ, әлемтор жамағаты тарапынан сұранысқа ие платформа екенін анық аңғартуда. Қазнет кеңістігінде ынталандырушы, шабытты оятушы инструментарийдің бірі, әрі бірегейі деп білемін. Блогымды байқау шеңберінде «ысылтып» алуды көздегім келді. Осы айтылғанды топтастыра келе, өз өтінішімді тапсыруды ұйғардым. Бұл қадамым қате емес екенін білемін.
Жаңаеуразия: Өткен жылы AWARD.kz айналасында үлкен шу болып, “әділқазылар әділ емес, қазақ тілін білмейді” деген сөз шыққан. Осыған орай не ойлайсың? Read the full story »
Шығармашылық өнер иелерінің аламан бәйгеге қосқан дүлдүл-сайттарының сыналатын шағы таяп келеді. Осымен алтыншы рет өткізіліп отырған байқауға биылғы жылы – 1007 өтініш келіп түсті. Қатысушылар саны жылдан жылға өсіп келеді. Бұл – қазақ интернет нарқының қарқын алып келе жатқанының айғағы.
Енді Іріктеу комиссиясы 16-30 қыркүйек аралығында әрбір тақырыптық аталым бойынша ең үздік 10 сайтты (егер аталымдағы үміткерлер саны 100 ден көп болса, 10 %-ын) анықтайды. Сонымен қатар үміткерлердің толық тізіміне Іріктеу комиссиясы таңдамаса да, SMS бойынша көп дауыс жинағандар да кіреді. Іріктеу комиссиясының әрбір мүшесі өзіне ұнаған 10 сайтты атайды.
Сіз не істей аласыз? Read the full story »
“Қазақ” радиосында “Рухани Руханият (түзеткен Балғынға рахмет) бағдарламасы” деген бағдарлама бар екен.
(Күлген себебім, бағдарлама сөзі еріксіз екі рет жазылып кетті).
Өткенде редакцияға Балғын деген қыз бала хабарласып: “Газеттеріңнен шолу жолдап тұрсаңдар болады” деген соң, “Жас қазақта” шыққан кейбір мақалаларды түртіп, жазып жіберіп едім. Радиодан берілген хабарды тыңдай алмаған соң, Балғынға mp3 [емпыүш] нұсқасын жолдауын өтіндім. Соны жариялап отырмын.
Бұл шолуда қазақ тілінде шығатын бірнеше басылымдағы мақалаларға тоқталады. Ешқандай сын жоқ. Қазақ баспасөзінің әр аптада рухани, мәдени салада қандай тақырыпқа тоқталғанын білуге болады. Ашығын айту керек қазақ газеттері бұл тақырыптан жұтап отырған жоқ.
Балғын апта сайын осылай жолдап тұратын болса, Жаңаеуразияға жариялап тұрамын.
Бұл үнхабар шетелдегі қандастарымыз бен қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдіктер үшін де аса пайдалы болар деген ойдамын.
Айтпақшы, осы көптен бері сұрағым келіп жүр еді, Сен қазақ тілінде қандай газеттерді алып оқисың? Неге?
Podcast: Play in new window | Download (13.1MB)






соңғы пікірлер