Article Archive for Year 2009
Қазақ блогтарында соңғы кездері керемет жазбалар жарық көріп жатыр. Мазмұнды дүниелер көбейіп, интернет қоғам үшін қызмет ете бастағаны қуантады.
Мақпалдың “Алаш зиялыларының Алаш баласына үндеуі” атты дүниесі ерекше әсер етті. Әттең, дереккөзі әзірге белгісіз.
Қалмайық десек, қарап жатпалық. Көп ісіне, көп болып жабылайық…Қолымнан не келеді деп қорынбайық. Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылады. Көп жұмыстың ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлінен келер жұмысын алсын. Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болмақшы. Сәл демеу зорға сүйеу болады. Ұлы іс ұсақтан ұлғаяды….
Керемет ойлар! Қазір қазақ блогшылары арасында “Жыл қорытындысы” деген эстафета қызу жүріп жатыр. Әзірге кезек маған келмеді. Десе де жылдың үздік дәйексөзі дегенге осыны жатқызар едім. Read the full story »
Google компаниясының өкілі Алматыға келді. Дәлірек айтқанда Google-дың google map жобасы бар. Бұл жоба Google жүйесіндегі елді-мекендерді анықтауға арналған. Бүгін өткен Google Map Almaty шарасы Алматы қаласының көрікті де, маңызды жерлерін интернетте белгілеп, көрсетуге арналған.
Аталған шараға қазірдің өзінде жетпістен аса адам қатысты. Арасында Google корпарациясында 2007 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан қазақстандық Рүстем Арзымбетов те бар.
Рүстемнің айтуынша Қазақстандағы күллі интернет іздеу жүйесінің 60 пайызы қазір Google-дың үлесінде. Одан кейінгі орында Ресейдің Яndex және mail.ru иеленген.
Рүстем қазір Google-дың штаб пәтері орналасқан Сан Франциско қаласындағы Mountainew қаласында тұрады. Әлемдік технология саласындағы олимпиадалардың жүлдегері атанған Рүстемді Google компаниясы жұмысқа шақырған екен. Телефон арқылы болған сұхбатта: “Қазақстанның нарығы осы аймақта өте тез дамып келеді. Сондықтан да Гугул қазақ нарқындағы өзінің үлесін қалай да кеңейтуді қалайды” дейді.
Қазақстан жастарының кәсіпкерлері орталығы осы шараны алғаш рет қолға алып отыр. Орталықтың мүшесі Гүлжан Ақтілеу:
“Интернетте Алматы қаласындағы маңызды ғимараттар мен мекендер нақты көрсетілмеген” дейді.
Әу баста, елімізде ислам қаржы жүйесі тез арада дамиды деген үміт болған. Алайда соңғы сараптамалар ислам қаржы жүйесінің Қазақстанда дамуы сәл кешеуілдейді деген болжамдар бар. Дағдарысқа дейін Ислам банкингін жеделдетіп енгізу үшін барлық шара қарастырылған еді. Тіпті, едел-жедел арнайы заң да қабылданды. Бірақ сарапшылар ел ішінде біріншіден, орта қалыптасуы керек деген пікірде.
Келер жылдан бастап, кедендік одақ құрылатын болды. Іштей мұндай қадамға барғанымызға қарсы болғаныммен, экономикағы серпін беру үшін осындай тәуекелге бару керек шығар деп те ойлаймын. Әйтпесе, жиырма жыл болды, әлі мұнайға байланып келеміз. Read the full story »
1 млн. еуро жұмсалып түсірілген «Келін фильміне қатысты ел ішінде әлі де пікірталас толастамай тұр. Белгілі қайраткер, парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухат «Келін» тәрізді фильмдер Қазақ ұлтын мансұқтайды деген болатын.
Бірқатар жастар ұйымдарының өкілдері де аталған фильмнің «Оскар» сыйлығына ұсынылуына қарсылық танытқан. Десе де Мәдениет және ақпарат министрі Read the full story »
Қазақстан мен Қытайдың арасында қатынайтын алғашқы электрлі пойыз сапарға аттанды. Қытайдың China Daily басылымының хабарлауынша теміржолдың ұзындығы 286 шақырым. Шыңжаң өлкесіндегі Джинхэ ауылынан басталатын теміржол Қорғас қаласына келіп тоқтайды.
Темір жол Қытай мен Қазақстанның арасын жалғап жатыр. Екі елдің арасын жалғап жатқан жолды салуға 6 млрд юан немесе 900 млн.ға жуық АҚШ доллары жұмсалған. Жол бойында барлығы жиырма бір станция бар. Read the full story »
Түнде Төле бидің бойымен кетіп бара жатқанда ескі алаңда дайындықтар жүргізіліп жатқанын көргенмін. Әдеттегідей сахна мен жағалай жәрмеңкеге арналған сауда орындары әзірленіп жатқан еді. Көз алдыма күні ертең теледидардан көретін репортаждардың сюжеті елестеп кетті.
Дүниежүзілік Банктің ретингісі бойынша Қазақстанның әлемнің дамыған 50 мемлекетінің қатарына кіруінің мүмкіндігі жоқ. Себебі ол әдістеменің нюансы бар – деді USAID Американың ұйымының сарапшысы. Сауданы либералдандыру мен кедендік реформа жөніндегі АҚШ агенттігінің сарапшысы Мәлика Қоянбаева: «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша Қазақстан ең соңындағы Ауғанстаннан сәл озып, екінші орында тұр. Бұл Қазақстан үшін аса қолдануға жарамайды деп есептейміз. Себебі ол әдістеме теңізге шығатын жолы жоқ елдер үшін жарамайды” дейді. Read the full story »
«Астанада өткен келіссөздер барысында Қытай тарапы ауылшаруашылығы мақсатында Қазақ жерін жалға алу мәселесін сөз қылған жоқ» дейді Интерфакс-Қазақстан агенттігі. Бұл сөзді Қазақстан мен қытай басшыларының кездесуіне соң ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев айтты. Қытай Халық Республикасының басшысы Қазақстанға іссапармен сенбі күні келді.
Естеріңізде болса, 4 желтоқсан күні шетел инвесторлары кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытайлық инвесторлар ауылшаруашылығы мақсатында Қазақстаннан жалға 1 млн гектар жер сұрап отыр деген еді. Read the full story »
Kazakhstan’s entry for Asiavision, Asia’s pop music contest.



соңғы пікірлер