Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Year

Article Archive for Year 2009

Қазақша сөйлейтін робот-қыз
Written by , Tuesday, 24 Feb, 2009 – 9:05 | 2 Comments

Кешелі бері ебіл-дебіл банктен банкке шапқылап жүрмін. Бірден айтайын, екі күннен бергі доллардың ең жақсы курсы Халық Банкі болып тұр. Бір доллар үшін 150.40 теңге сұрайды. Бірақ доллар алатын болсаңыз, сағат 11.00-ден кейін барыңыз. Әйтпесе, бітіп қалады. Немесе ескі долларды береді.

Біраз айырбас пункттерінде болдым. Бұрын олардың бағамдары банктен төмен болатын. Бұл жолы тек “Халық” озып тұр. Марченконың арнайы тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатыр деп ойлап отырмын. Банкке коммуналдық төлем төлеуге барғанмын. Алсеконың түбіртегін қабылдамайды екен (Алматы қаласында электр энергия, жылу, су төлемдеріне жауапты мекеме).  Басқа банктерде коммисиондық төлем үшін 80 теңгеден жоғары алады.

Read the full story »

Өсек өлімге сүйрейді
Written by , Monday, 23 Feb, 2009 – 10:58 | 5 Comments

Біреу құл сатып аларда: «Мұның не айыбы бар?» – деп сұрапты сатып алушы. «Сәл өсек айтатын өнері бар» дейді сатушы. «Айыбы ауыр емес екен» деп қабылдайды. Келген соң құл қожасының әйеліне: «Қожайынның саған деген махаббаты кем екен және бір сұлуды алғысы келетінін байқадым. Күйеуің ұйықтап жатқанда сақалының астынан ақырын ұстарамен қыл кесіп алып берсең, мен жады дуасын оқып, саған ғашық етіп қояр едім» дейді. Әйелдің күйеуіне барады да: «Қатыныңыз бір кісіге ғашық болыпты. Сізді өлтірмекші ниетте, сөзіме күмәндансаңыз, ұйықтаған адам сияқты жатыңыз, өзіңіз байқайсыз» депті.
Қожайын жалған ұйықтаған кісі болып жатады. Сөйтсе, әйелі ұстара алып келіп, күйеуінің сақалынан ұстай береді.

Осы кезде «мені өлтірмекші екен» деп ойлаған күйеуі орнынан секіріп тұрып, әйелін табанда мерт етеді.

Ал өсекші әйелдің ағаларына қарындасыңды жазықсыз қара ниет байы өлтірді, сендер де жігер бар ма, оны неге өлтірмейсіңдер деп хабар беріп, қожайынды да өлтіреді. Сөйтіп бір өсекшінің жала сөзінен қанша жазықсық жандар қаза табады.

Сурет flickr.com сурет тарату торабынан алынды.

KZ тобы кез келген сұраққа жауап беруге дайын!
Written by , Thursday, 19 Feb, 2009 – 17:41 | 24 Comments

Жаным,
Жаным…
Жаным?!
Осы бір сөзді жиі қолданады. Мен емес. Әзірге. Олар ғой. Дәлірек айтқанда сондай әндері бар. SMS туралы. Сол топ «Жаңаеуразия» оқырмандарына сұхбат беруге келісті.

11 наурыз күні Алматы қаласындағы Орталық Концерт залында 18.30-да «Жаным.kz» атты концерттері болады. Ең қызықты сұрақтың иесінің сауалы сол концертте жігіттердің өздеріне тікелей қойлмақ. KZ тобына қатысты көкейде жүрген сауалың болса, жаудыр! Кез келген тақырыпта. 

KZ және Нұрғиса
Белгілі әнші мен белгілі блогшы

Сонымен «Жаңаеуразиядағы» осы жазбаның астына пікір жазатын жерге сауалдарыңды қалдырып кетсең болады. Сұрақтардың жауабы көп кешікпей осы блогта жарияланады, ИншАллаһ!

Сурет Нүрғисаның жазбасынан алынды. Сіздердің де KZ тобымен түскен суреттеріңіз болса, жолдауларыңызды өтінемін.

Шетелдіктер дін даурықпасын өршітіп отыр
Written by , Thursday, 19 Feb, 2009 – 7:54 | No Comment

Шетелдіктер Қазақстанды діни алауыздықтың ошағы деп тануда. Өткен аптада шетелдің бірқатар басылымдарында «Қазақстанда діни наным-сенімге құрмет жоқ» деген сарында бірнеше мақалалар жарық көрді.

Конституциялық кеңес депутаттардың ұсынған «Діни наным сенім мен діни бірлестіктер туралы» заң жобасын халықаралық нормаға сай емес деген желеумен қайтарып берген. Сол кезде батыстың діни қайраткерлері: «Қазақстан ерлік танытты. Билік заңды қабылдамады» деп бөріктерін аспанға ата қуанғаны есімізді. Апта өтпей жатып, олар райларынан қайтып: «Қазақстан діни сенімі үшін адамдарды қамауға алуда» деп Қазақстанның жағымсыз бейнесін сомдауға кірісті. «Қарағанды соты Саентология діни ұйымы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, өткен жылы 200 мың АҚШ долларына тең пайда тауыпты».

Read the full story »

«Мәдени мұра» жастардың көзімен
Written by , Tuesday, 17 Feb, 2009 – 9:40 | No Comment

«Мәдени мұра» жастардың көзімен»
Шығармалар байқауына қатысыңыздар!
Республикалық «Әдемі-ай» журналы ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет комитеті, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық Партиясының қолдауымен «Мәдени мұра» жастардың көзімен» атты шығармалар байқауын өткізеді.
Байқауға 7-10 сынып аралығындағы түлектер қатыса алады.

Read the full story »

Ректордың жәшігі
Written by , Monday, 16 Feb, 2009 – 9:45 | No Comment

Бұл мақаланы газетке дайындап жатқам. Біраз мәлімет жинауым керек болды. Интернеттен іздеп едім, таппай койдым. Неге бұл туралы интернетте жоқ деп ойлап, сосын мен мұны сайтқа жариялайын дедім. Өйткені бұл ертең біреуге қажет болуы да мүмкін. Жағымпаздығым емес , бар нәрсені бар деп жазғым келді.
     Қазіргі таңда еліміздегі  ЖОО-да ректор мен студенттердің тікелей байланысын орнату үшін ректордың жәшігі, поштасы жұмыс істеп, кездесулер ұйымдастырылып жүр.  Студенттердің көтеретін негізгі мәселелері: әлеуметтік жағдайлары, ғылыми жұмыстарға қолдау , басы артық пәндерді алып тастау, әр түрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру, белсенді студенттерді қолдау  т.б. Студенттер өздері мұндай игі істер туралы түрлі пікір айтады.
Айнұр Қожахметова, ҚазҰУ-дың студенті:
Мұндай акцияларды қолдаймын. Бұл кездесулерде мен үшін бастысы  ректордың студенттерді сыйлап келіп, әр түрлі мәселелерді тыңдап ақылдасуы және олардың алдында есеп беруі. Кейбір университеттерде бұл кездесулер ұйымдастырылмайды. Менің түсінбейтінім:  сонда ол ректорларға студенттерінің мәселесі қызық болмағаны ма? Read the full story »

Қазақстан қарыз батпағынан шыға ма, шықпай ма?
Written by , Friday, 13 Feb, 2009 – 8:09 | No Comment

Brown Brothers Harriman & Co. компаниясының экономисті Уин Тин: «Қай қырынан алып қарасақ та, Қазақстан Ресейдің кішкентай моделі тәрізді. Дүлей үкімет ұлттық экономиканы басқаруда, экономикасы шетелдік экспортқа байлаулы және шетелдік қорлар күрт төмендеп бара жатыр» депті.

Бұл дағдарыс Ресейге деген экономикалық бодандық қамытын қазақ нарқының мойнына ілмесе игі еді…
«Не себепті Ұлттық Банк девальвацияны бір күннің ішінде жасады?» деген сауалға жауап іздедім. Шетелдік сарапшылар әртүрлі жауап берген. The Financial Times газетіндегі мақалада Commerzbank ұйымының сарапшысы Урих Леучтман:

“Қазақстан девальвация жасауда Ресейге қарама-қарсы бағыт ұстанды. «Олар теңгені бір ғана үлкен адыммен құнсыздандыруды қалады. Бұл жайт өз кезегінде ұлттық валютаға деген сыртқы қысымды азайтады әрі табиға қорлардың бағасының арзандамауына алып келеді. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, бұл оң шешім болған»

дейді.
Әлемге ақшаның көзімен қарап үйренген батыс әлемінің осындай мақалаларды жариялағанда қарапайым қарашаның күйі қандай екенін, несиеге белшесінен батқан қазақтардың ендігі күйі қандай болатынын айтпағаны ойлантады. Read the full story »

Теңгенің құнсызданаты бұған дейін белгілі еді
Written by , Thursday, 12 Feb, 2009 – 10:55 | One Comment

«The Financial Times» басылымының журналисі Изабель Горст:

«Мұнай бағасының соңғы кездері құнсыздануы салдарынан Қазақстанның Ресейдіге тауарлары да өзінің құнын жоғалта бастады. Осы жайттар девальвацияны тезірек жүзеге асыруға итермеледі»

деп мәселенің себебін түсіндіреді. Шетелдік басылымдарға пікір білдірген сарапшылардың барлығы дерлік:

«Қазақстандықтар теңгенің құнсызданатынын ертерек білуі тиіс болатын. Себебі Ресей мен Украина нарқындағы өзгерістер қалай да осы елге келетіні сөзсіз еді»,

– дейді. Read the full story »

Доллар дүмпуі шетелдіктердің көзімен
Written by , Thursday, 12 Feb, 2009 – 5:53 | No Comment

Өткен аптадағы доллар дүмпуінен соң, шетелдік басылымдар қазақ экономикасындағы ауыр ахуалға қатысты өздерінің болжамдарын жариялай бастады. Бәрі бірдей дұрыс мәлімет берді дей алмаймын. Бірі теңгенің құнсыздануы 18 пайыз десе, енді бірі 20 пайыз деді. Отандық сарапшылар өз кезегінде қазақстандықтар бір түннің ішінде 30 пайызға кедейленді деген болатын. Шетелдік сарапшылар келтірген сандардағы мұндай алшақтықты есептеу әдісінің әртүрлілігінен деп түсіңуге болатын шығар. «Теңге қай елдің ақшасы?» деп аталатын bloggingstocks.com сайтындағы мақалада:

«Ресей және Қазақстан бірнеше жылдан бері мұнайдан түскен табыстарын қорғауға көшті»

дейді. Ресейде девальвация бірте-бірте жүзеге асса, Қазақстан күтпеген жерден теңгесін терең орға қарай құлатты. Сонымен қатар бұның ар жағында келесі бір мәселенің ұшы қылтияды. Қазақ банктерінің сыртқы қарызы 11 млрд. АҚШ доллары. Оны төлеу мерзімі де осы жылы аяқталуы тиіс» делінген.

Олар өнерді сүйеді…
Written by , Wednesday, 11 Feb, 2009 – 15:35 | 3 Comments


Студентік кез әрбір жас үшін маңызды. Осы тұрғыдан келгенде « Бақыт » би ансамбл мүшелері өздерінің студенттік шақтарын одан да маңызды өткізіп жүр. Өйткені олар Мұқағали атамыз айтқандай « Шекпен киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп халықтың өнерін өзіне әрін ашып қайтарып келеді.

Бұл ансамбль 2003 жылы  «Махаббат» би тобы болып  құрылған. Кейін « Бақытқа» ауысқан олар бүгінге дейін талай жетістіктерге жеткен. Атап айтсақ, 2004 жылы республикалық « Жас толқын » фестивалінен I орын алып, еліміздің түрлі қалаларында, көршілес Мәскеу қаласында да өз өнерлерін көрсеткен. Қазақстанның белгілі өнер жұлдыздарымен де тығыз байланыста жұмыс жасайды. Желтоқсанда бес жылдықтарын тойлаған кештерінде әріптестері ансамбль қуанышын бірге бөлісті. Олардың ішінде әншілер И. Расылхан, С. Стамғазиева, Жазира мен Жанболат, жас күйші М. Сауранбаев болды. Read the full story »