Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Year

Article Archive for Year 2009

“Үй шаруасындағы әйел” деген мамандықты заңдастырсақ
Written by , Thursday, 10 Dec, 2009 – 11:51 | One Comment

Отбасының ұйытқысы болып отырған әйелдер әлеуметтік жағынан қорғалмаған. Депутат «үй шаруасындағы әйел» деген мамандықты ресмилендіруді ұсынып, оған еңбек өтілімі де жазылуы керек дейді.
Мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова елімізде «үй шаруасындағы әйел» деген мамандықты заңдастыруды ұсынуда. Әрі әйелдерге тұрақты жалақы төлеп, кейін зейнеткерлікке де шығармақ.

“Қазір елімізде “Зейнетақы қорларын кепілдендірудің жаңа тұжырымдамасы” қарастырылуда. Сондықтан осының тұсында еңбек өтілімі мен оларға зейнетақыларын ақша аудару мәселесі ескерілсе дейміз. Әйтпесе, елімізде үй шаруасындағы әйелдер жоқ тәрізді олардың мәселесіне көз жұма қарауға болмайды”

, дейді Бақыт Сыздықова.
Read the full story »

Әлеммен танысу жеңілдей түсті
Written by , Wednesday, 9 Dec, 2009 – 5:16 | One Comment

“EduCamp Almaty 2009 – New Media Weekend” семинарына қатысушы Кенжебек Тыныбаевтың ойы:

Сіз Twitter-ге жазасыз ба, facebook-те парағыңыз бар ма? Кейбіреулер үшін әңгіме не жайында айтылып тұрғаны түсініксіздеу болса, бәзбіреулер үшін бұл айтылғандар күнделікті өмірде пайдаланатын дағдылы нәрсеге айналған.

ХХІ ғасырда жаңа технологиялардың көз ілеспес жылдамдықпен дамуының арқасында адамдардың бір-бірімен, барша әлеммен танысу барынша жеңілдей түсті. Күнделікті қолданып жүрген зат-құралдардың мүмкіндіктері барған сайын кеңеюде.

Мысалы, кәдуілгі мобильді телефонды алып қарайық. Осыдан небары 15-20 жыл бұрын тек шетелдіктердің қолындағы қымбат зат саналған қалта телефонын қазірде тек тілдесетін ғана емес, сонымен бірге жұмыс бабында сұхбат берушінің сөзін жазып алатын диктофон ретінде, оқиға, көріністі суретке, видеоға түсіретін құрылғы, сондай-ақ дүниенің басқа бұрышында жүрген адамға хат жолдайтын байланыс құралы ретінде пайдалану үйреншікті іске айналды. Read the full story »

EduCamp Almaty 2009
Written by , Monday, 7 Dec, 2009 – 5:16 | 2 Comments

“EduCamp Almaty 2009 – New Media Weekend” семинарына қатысушы Салтанат Нағыманованың ойы:

Өкініп қалдым:

- бірнеше, мен үшін сөзі қомақты адамдардың сөзі 5 тиынға түсіп қалды;

- күн тіпті суық болды, суық тиді ме, көз тиді ме, 2 күнде сауыға алмай, қазір жұмыста ауырыңқырап отырмын;

- сағат 10-да(!) басталады делінген, 11/30-де басталды; Әрине, студенттерге бағытталған семинар, студенттер сенбі күні ТАҢҒЫ онда әзер тұрады, анау да мынау, түсінуге болар еді, алайда…

- бір ғана презентацияға қатысып, қалғандарына “қоя ғой” дедім;

- маған емес, болашақ журиктерге қажет кітаптарды арқалап үйге апардым, менің сөремде емес басқа бір студенттің сөресінде пайдалырақ болатын кітаптар. Салып жіберейін “Тәжірибелік журналистика” және “Практическая журналистика” кітаптары кімге керек?

Өкінбеймін:

- Мотороллердің әншісін көрдім;

- “Анатомия души” деген кітап алғаныма;

- кешкі 5-ке таман “гражданская журналистика” жайында презентацияға бармағаныма;

- Елдармен кәдімгідей қол алысып, танысқаныма*.

Азаттықтың презентациясында болдым. Сайтты қалай қолдану керек, сайтта не бар, не жоқ, журналисттерге қойылатын талаптары, принциптері, сайттың оң жағында не, сол жағында не, тігінен, көлденеңінен тақырыптар, т.т айтылды(бұл ақпаратты сайттан да таба аласыздар). Сайтты жарнамалау, бір сөзбен айтқанда :(

Меніңше, журфактарға барып, болашақ журналисттердің бәрін жинап оқылатын заттар, бес-алты студент-қыздарға айтылғаннан қандай нәтиже күтуге болады?!

Көкпекті ауданы әкімінің құлы мен күңіміз…
Written by , Sunday, 6 Dec, 2009 – 7:46 | No Comment

Шығыс Қазақстан облысында Көкпекті деген ауыл бар. Өзгелерге қарағанда бұл ауыл біраз электронданған. Үкіметтік емес ұйымдардың еңбегінің жұмысының нәтижесі. Әлгінде сол аудан әкімінің сайтына кіріп едім, мынадай бір қызықты мәліметті көрдім:  

Көкпекті ауданының әкімі Дүйсенғазы Мусин мырзаға! Сізге хат жолдап отырған бір топ қарттар үйінің жұмысшылары, Самар ауылынан. Бұрынғы әкім Қожамбетовтың кезінде де бірнеше хат жазылған болатын, бірақ оған ешқандай шара қолданылған жоқ еді. Себебі, ол кісінің әйелі осында бірінші бастық болып жұмыс істейді, ішіп-жегендері бірге. Осы қарттар үйі құрылғаннан бастап Дюсюпов Салават директор болып істеп келеді, осы қарттар үйі сол кісінің меншігіне айналып кеткен, олай дейтініміз Дюсюповтың бар той-томалағын (туған күн, үйлену тойы, қонақ күту т.б.) қарттар үйінің ұжымы аяғымыздан тік тұрып атқарамыз. Біз ол кісінің құлы мен күңіміз. Read the full story »

Шеттен келген ағайынға араша керек
Written by , Sunday, 6 Dec, 2009 – 7:28 | No Comment

Мен – Өр Алтайдан өткен ғасырда «елім-айлап», Гималайдың адам аяғы баспас мұздағымен, Кәшмирдің ми қайнатар аптабымен, Үндістан мен Пәкістан, Ирак, Ауған асып 1955 жылы Түркияға, одан Алманиядан нәсіп бұйырған қандастардың ұрпағы боламын. 1946 жылы Пәкістанда туылдым. Сол көшпен жеткен жас бала болсам да «қазақ» деген затымызды, тегімізді жүрегімізден өшірмей, жасымыз егде тартқан шаққа дейін ата жұртқа елеңдеп, оралар күнді күттік. Аллаға шүкір, сол күнді көруге жазды. Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін-ақ түбінде елге оралуға ниет еттік. Мен де Алманияда 30 жылға жуық адал еңбек етіп, жиған –тергеніме онсыз да бұғанасы қатпаған ел үкіметіне, ондағы ағайындардың несібесіне ортақтаспайық, салмағымызды салмайық деп, үй-жай сатып алуды ұйғардым. Зейнеткерлікке шыққанымда ата жұртқа оралармын деп үміт еттім. Read the full story »

Қытайлар мыс кенішін сатып алмақ
Written by , Thursday, 3 Dec, 2009 – 5:16 | 2 Comments

Қытайдың Yunnan Copper компаниясы Қазақстанның мысына қызығушылық танытып отыр. Бұл құпиямен China Daily бөлісті.

Yunnan Copper – Қытайда мыс өндіретін ірі үш компанияның бірі. Компания басшысы Яң Чао келесі жылы Қазақстанның мыс кенішін алатынын айтқан. Елімізде әзірге бұл қай кеніш болатыны анық емес. Қазір Қазақстанда мыс өндірумен «Қазақмыс» корпорациясы айналысады. Оның кеніштері еліміздің Шығысында, Орталық өңірінде шоғырланған. Read the full story »

Мемлекет халыққа жалға пәтер бермек
Written by , Tuesday, 1 Dec, 2009 – 5:51 | No Comment

Бірақ бұл баспанаға деген зәрулікті жоя ала ма деген сұраққа жауап табылмай тұр. Жобада жалға берілетін пәтердің бір шаршы метрі алматылықтар үшін айына бір мың мен екі мың теңге арасында болады делінуде.

Алматы қаласының тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға пәтер берудің құны шаршы метріне бір мың мен екі мың теңге болмақ. Егер бір бөлмелі пәтер қырық шаршы метр болса, ол үшін шамамен ай сайын қырық пен сексен мың теңгенің арасында пәтерақы төлеу керек. Жобаға енгізіліп жатқан ережелерде жалға алынатын пәтерді кейін сатып алу жағы да қарастырылуда. Read the full story »

Үнхабар: Германиядан жеткен қуаныш
Written by , Thursday, 26 Nov, 2009 – 19:41 | 3 Comments


Жексенбі күні Германиядан қуанышты хабар келді. Блогымыз Сағынның «Біздің ауыл» байқауының жүлдегерлер тізіміне ілігіпті. Еңбегімізді елеп жатқан ағайынға үлкен алғысымызды білдіріп, кезекті үнхабарды ұсынамын.

  1. Кезекті үнхабарда «Сауалнама» жайлы ән салып, блогосфераның тынысын бағалауға арналған сауалнама жайлы айтамын.
  2. Сондай-ақ, блогосфераның қара дауылына төтеп берген «Біздің ауыл» блогының авторының дауысын тыңдай аласыздар. Германия оқып жүрген Сағын эксклюзивті сұхбат берді. Ансар бұл байқауды не себепті ұйымдастырғанын, қазақ блогсферасына қатысты ойларын, неміс тіліндегі блогтар туралы пікірін ортаға салады. Бірақ жүлдегерлерге қандай сыйлық беретінін айтпады
  3. Жақсы блогшы болу үшін не істеу керек? Литваның бұрынғы шенеунігі өз еліндегі блогосферадағы жағдайға тоқталып, блог арқылы ақшта табудың литвалық құпиясымен бөліседі.

Үнхабарды әзірлеуде CC негізінде авторлық рұқсаты бар әуендер қолданды:
Budz Should I go or should I stay
M2mfull Motivation move
Alycia Lang These words

Play
Кішкентай қаланың тұмауы
Written by , Monday, 23 Nov, 2009 – 7:54 | 2 Comments

Сәтбаевта үйде жүрмін. Көшеде көпшілігі маска киіп алған. Үйде жеңгемде де маска. Ағада да біреуі бар. Қарап отырсам, тек менде ғана жоқ екен. Кішкентай қалада адамдарға мәлімет тез таралады ғой. Содан тұмаудан сақтанамыз деп бәрі маска алыпты. Енді дәріханада маска жетіспейді. Маска түгілі тұмауға қарсы дәрілерге де сұраныс күшті. Қарап отырсам, бұл дәрілер Ресейден алынады екен. Әйтеуір үйге қонақтап келгендердің айтатын әңгімесі де сол. Қызық. Read the full story »

Елбасыға 34 мың сауал түсті
Written by , Saturday, 14 Nov, 2009 – 20:33 | No Comment

Жұма күні Елбасы Назарбаевпен тікелей желі бойынша жасалған байланысқа 34000 сауал түсті. Бұл 2007 жылғы мемлекет басшысының интернет-конференциясы кезінде қойған сауалдардан алты-жеті есе артық (2007 жылы 7 маусымда интернет-конференция арқылы 4,7 мың сұрақ түсті).

Интернет арқылы түскен сұрақтардың көбісі әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй, заңдылық пен тәртіп сақтау жөнінде жолданған. Тікелей желінің порталынан алынған тағы бір сұрақ тексерулерге мораторий жариялау, салық салмағын жеңілдету, рәсімдеу мен есеп беруді оңайлату мәсе­лелеріне арналды. Президент «Жол картасы», зейнетақы, балабақша, ЕҚЫҰ-ға төрағалық, Мәдени мұра, ұлттық идеяға байланысты сұрақтарға жауап берді. Read the full story »