Article Archive for Year 2009
Орыстілді ресурстар “Қазақстан елінің атауы өзгеруі мүмкін” деген ақпарат таратуда. Әзірге бұл мәліметтің анығын тексере алмай отырмын. Бұл жайлы мәліметті Мақпал да өз блогында түртіп өтіпті.
Жоғары жақта қазір Қазақстан Республикасының атауын өзгерту туралы мәселе көтерілуде деп жазады ii-news.kz сайты. Мемлекетіміздің атауын өзгертуге ұсынылып отырған атаулардың бірі – “Қазақия”. Мемлекет атауын өзгретудегі себептердің бірі ретінде ондағылар шетелдіктердің Қазақстан атауын “стан” жұрнағы бар Ауғанстан, Пәкістан сияқты елдермен шатыстыруын алға тартады
дейді Мақпал. Аталған сайт өз кезегінде ресейдік Rambler.ru ресурсына сілтеме көрсеткен. Жеке өз басым, ресми мәлімет жарық көрмейінше, бұл әлдебір орыстілді ресурс тарапынан болып жатқан қитұрқы ойын деп ойлаймын. Себебі, мемлекеттің атауын ауыстыру бір күннің, әрі бір қауымның жұмысы емес қой. Референдум болмастан бұрын халықтың пікірі қалыптасуы керек.
Айтпақшы, бір жерлерде елдің атын “Дешті Қыпшаққа” ауыстырғысы келетіндер бар дегенді де естігенмін.
Осы сенбіде (14-15 қараша 2009) ҚМЭБИ-де (KIMEP) сағат 10.30-17.30 аралығында блогшылар мен журналистерге арналған “EduCamp Almaty 2009 – New Media Weekend” атты арнайы тренинг ұйымдастырылады. Жаңа медияға қызыққан адамның барлығы шақырылады.
Жаңа медия саласының басы қасында жүрген мамандар орыс және ағылшын тілінде (қазақ тілділер көп болса, қазақша да
) жаңа медияның соңғы жетістіктері, әлеуметтік желілер мен микроблогтар, Қазақстандағы жобаларға қатысты ойларымен бөліседі.
Журналист болмасаң да, аталған сала қызықты болса, міндетті түрде келіп, қатыссаң болады.
Ал алдын ала yelena@neweurasia.net поштасына хат жазып, Read the full story »
Қытайлық ата-ана қазақ балабақшасының бағыты жақсы деп, Қазақстандағы балалардың не себепті ақылды болатынына үңілуде.
Шанхайдың «Shanghai Daily» басылымы қазақ балабақшаларының жұмысына оң баға беріп, қытай балабақшалары баланың санасына кері әсер етеді дейді. Біраз өмірін Қазақстанда өткізген қытайлық журналист Қазақстандағы және Шанхайдағы балабақшаны салыстырып, баласының бойындағы өзгерістерді баяндайды.
«Shanghai Daily» басылымы Қазақстанда біршама уақытын өткізген қытайлықтың пікірін жариялапты. Зоң Лей есімді журналист Қазақстандағы балабақша жүйесі мен Шанхайдағы балабақша жүйесін салыстырған. «Мен өзімнің баламды әуелі Қазастандағы балабақшаға бердім. Кейін жаз айында үш ай бойы Шанхайдағы балабақшаға барып жүрді. Бұл орайда Қытай мен Қазақстандағы бастауыш сынып алдындағы білім беруді салыстыруға болады» дейді журналист. Read the full story »
«Гуглдың» айтуынша, жаңа сервис Google Wave технологияларға бұрын ешкім естімеген жаңалық әкелуі тиіс. Бүгінде Гуглдың «Толқыны» өткен айдың ең көп талқыланған тақырыбы болып саналады. «Твиттер» мен блогтарда Google Wave-ке кіру үшін шақыруларды беру-алу рәсімдері жиі болып жатты және әлі де болып жатыр. Сонымен, Google Wave деген не және оны онлайндық байланысудың революциясы деп неге атайды?
Google Wave — кеңейтілген мүмкіндіктері бар ұжымдық чат. Бүгінде пайдаланушыларға ұсынылып отырған жобаны (әзірге бета-нұсқа) революциялық немесе электронды почтаны өзгерте алатын сервис түрінде қарастырады. Read the full story »
Әлемторда қазақ тілінде мәліметтердің қашан, қалай пайда болғанын анықтау емес, мендік мақсат – қазіргі біздің алдымызда тұрған негізгі мәселелер мен қазіргі жағдайымыз. Интернетте қазақ тілінде сайттар мен блогтар, күн санап болмаса да бірте-бірте көбейіп келеді.
Соңғы бір екі жылдың ішінде интернетте қазақ тілінде мәліметтер толысып, көбейіп келеді. Бұл жайтты бірінші кезекте, қазақтілділер үшін интернетке шығу мүмкіндігі кеңейгендімен байланыстырамын. Мәселен, осы уақытқа дейін интернетте көбіне қаланың орыстілді жастары белсенді болып келсе, соңғы жылдар ішінде форумдардан түкпірдегі ауылдың оқушылары да өз үндерін білдіре бастады. Интернеттің бағасы қымбат болған тұста, әлемтор көбіне жұмыс мақсатында пайдаланып келді. Қазақтілді редакциялардың көпшілігінде әр журналистке интернетке шығу үшін шектеу қойылатын. Read the full story »
Еуропа өзіне тықыр таянғанын сезе бастады. Каспий қайраңындағы мұнай мен газдан дәмелі кәрі құрлық энерго саясатына өзгерістер енгізбесе, Қытай мен Үндістан негізгі тұтынушыларға айналмақ. Осы аптадағы Еуропалық басылым, Каспий теңізінің маңындағы елдер қазба байлықтарын Батысқа емес, Шығысқа экспорттауды ойластырып жатыр деп дабыл қағуда.
«Қазақстан мен Әзірбайжан – Азия энергия нарығының шамшырағы» атты мақалада “Neurope” басылымының тілшісі Баку енді Қазақстан арқылы Қытайға газ тасымалдайтыны жазылған.
«Қазақстандағы мұнай мен газ тақырыбындағы қызу талқыланып жатқан тақырыптың бастысы Әзірбайжан өз бағытын 180 градусқа өзгертіп, Батысқа емес, Қытайға бет бұрып жатыр. Осынау күтпеген ұсыныс Қазақстаннан бастау алды»
деп жазады шетелдік басылым. «ҚазМұнайГаз компаниясының басшысы Қайыргелді Қабылдин Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясына газды Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтуді ұсынды». Қазіргі кезде Каспийдің ұстанымы Батысқа бағытталған. Алайда, «Шығыстан Батысқа жөнелтілетін қазба байлықтарын Батыстан Шығысқа неге жөнелтпеске?» дейді аталған жобаны қолға алып жатқан тараптар. Read the full story »
22 жастағы Әйгерім бес жетім баланы асырап отыр дегенді естіген боларсыңдар. Бұл меніңше, бір Әйгерім емес, бірнеше әйгерімдердің басында бар жағдай. Тек айтылмайды. Жұртқа жария етілмейді. Меніңше, үкімет халықтың санын өсіремін десе, осындай жағдайға тап болған оқиғаларға қатысты арнайы қаулы, яки бағдарлама қабылдауы керек. Түптеп келген, үкімет әлі күнге дейін ауылдағылардың тұрмысын дұрыс зерделеп, үкіметтің тұжырымдамаларына дұрыстап енгізе алмай отырған тәрізді. Асырап отырған бес жетім бала үшін Әйгерім мемлекеттен бар болғаны 21 мың теңге ғана жәрдемақы алады екен. Ақтөбелік таныстарым бұл жайтты назардан тыс қалдырмай, Әйгеріммен хабарласар деген үміттемін.
Әкімдердің қалтафоны қандай екен? Сөзсіз соңғы үлгідегісі болуы керек. Әйтпесе, жұртшылықтан sms арқылы сауал алмас еді. Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласының әкімі, енді онлайн байланысқа емес, sms байланысқа шықпақшы. Апырым-ай, әкімдіктегі қарапайым телефон істемей қалды ма, әлде есіктің аузына күзетші қойып қойды ма деп таңдандым. Жұртқа «sms жібер!» дейтіндей не күн туды?
Сәтбаев тұрғындарына 919 қысқа нөміріне қаланың тіршілігіне және жергілікті билік органдарының жұмысына қатысты сауалдар, шағым-арыздар мен ұсыныстар жазып, SMS-хаттар жөнелту туралы ұсыныс жасалып отыр. Бұл акция 1 айға созылады.
делінген қаланың ресми сайтында. Қала әкімдігіне бұл шараны жүзеге асыруға «КаР-Тел» ЖШС-нің (ТМ Beeline) Қарағанды филиалы жәрдемдесіп жатыр. Read the full story »
Қазақтан биылғы жылы 22.7 млн. тонна астық жинады дейді agrimarket.info. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34% ға көп. Десе де қазіргі кезде үкіметтегілер осы астықты енді қайда, қалай сататын білмей дағдаруда.
Қазіргі ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев үшін сиыр жылының күйлі болғанын осыдан аңғаруға болады. Кәрім Мәсімов астықты сыртқа сату жайын айтып қалған. Ол шығыстағы көршілерімізге иек артып отыр. Қытайға барып келген премьер министр:
«Бидайды көршіге сату керек. Олар қанша көлемде болса да алуға әзір отыр»
дейді.Былтыр көктемде астықтың бір тоннасы 350 АҚШ доллары болса, қазір жүз долларға жетер жетпес сома. Read the full story »
Жапонияның өндірісшілері қазақ уранына үміт артып отыр. Осы аптада қаржы әлемінің тынысын бақылап отырған The Financial Times басылымы Toshiba компаниясы сирек кездесетін металдарды алу үшін Қазатомпром компаниясымен жылдың соңына дейін келісім шарт жасасуды көздеп отырғанын жазуда.
Жапонияның қазақтың қойнауына қызығуының басты себебі технология жасауда пайдаланатын элементтерді экспорттауға Қытай тыйым салуы мүмкін деген қауіптен туындауда. Бұған дейін жапондар әлемге әйгілі өнімдеріне Қытай шикізатын пайдаланатын. Read the full story »







соңғы пікірлер