Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Year

Article Archive for Year 2009

WordPress блогтары кей уақытта ашылмайды…
Written by , Tuesday, 27 Oct, 2009 – 5:29 | 5 Comments

Қазақ тіліндегі блогшылардың дені шоғырланған wordpress блогтары Алматы қаласындағы кейбір мекемелерде ашылмайды. Бұл жайтқа назар аударған бірді-екілі блогшы өзге доменге көшіп те үлгерді. Алғашқыда бұл мәселе санаулы блогшылардың кеңселеріндегі ішкі ережелерге сай орын алған жағдай болар деп топшылағанмын. Бақсам, блогтарымыздың ашылмау себебі провайдерлерде емес екен.

Read the full story »

Яндекстің Қазақстандағы қадамдары
Written by , Monday, 26 Oct, 2009 – 5:47 | 3 Comments

«Салам» деген қазақи емес сәлемдесудің бір түрі бар билбордтар Алматы қаласында күздің ортасына қарай пайда болды. Бірақ бұл ұялы байланыстың жарнамасы емес-тін. Әлемнің ірі іздеу жүйесі «Яндекс» осылайша еліміздің Әлемтор пайдаланушыларымен амандасып, қазан айының ортасында қазақстандық интернет желісінің Контент дамыту және Ақпараттандыру мен Байланыс бойынша агентікпен бірлескен жұмысы арқасында Қазнетке келді.

«Я.Субботник» атты шара Алматы қаласында үш күнге созылды және осы уақыт аралығында компания Қазнет пайдаланушыларды өз жоспарларымен таныстырды. Яндекстің Қазақстан нарығына келу себебі интернет-жарнама мен қазақстандық аудиторияда Яндекстің танымалдылығымен тікелей байланысты екен.

«Яндекс» порталының қазақша нұсқасының тұсау кесерінде yandex.kz адресі бойынша қазақстандық пайдаланушылар үшін интерфейс тілі – қазақ тілі етіп таңдауға болатынын және сұрау салу жүйесі қазақ тілінің морфологиясына сай жасалғандығы жайында айтылды. Егер де сіз Яндекстің іздеу жүйесіне «конституция» деген сөзді енгізсеңіз, ол міндетті түрде Қазақстан Республикасының конституциясына сілтеме береді. Read the full story »

Үндістің тауығы қазақтың табағына түсті
Written by , Saturday, 24 Oct, 2009 – 4:41 | 3 Comments

Қазақтарға үндістердің тағамы ұнай бастады. Үндістандық басылым Алматы қаласындағы үндістандықтардың ұлттық тағамын ұсынатын ресторанға жергілікті тұрғындар да көптеп келе бастағанын хабарлаған.

Press Trust of India басылымы осылайша өздерінің дәстүрлі “Тикка тауықтары” (Chicken Tikka Masala) енді қазақтың табағына түсті деп сүйіншілейді.

Chicken Tikka Masala
Chicken Tikka Masala


Read the full story »

Уранның «ұраны» билікке жетті
Written by , Friday, 23 Oct, 2009 – 4:35 | No Comment

Қазақстандағы уран кеніштерін игеруші шетелдіктерге америкалықтар күмән білдіруде. «Қазір Қазақстан бірнеше елдермен келісім-шарт жасасып жатыр. Бірақ күні ертең солардың бірі бомба жасауы да мүмкін ғой» деген күмәндары бар екен. Әлемдік деңгейдегі қазақ имджіне нұқсан келтіруі мүмкін мақалаға қарсы қазақ билігі де өз жауабын берді.

АҚШ-тан шығатын The Christian Science Monitor басылымы алдыңғы бір сандарында Қазақстандағы Уран кеніштерін игеруге қатысты келісім шарттарға арналған арнайы мақала жариялаған еді. Read the full story »

Үнхабар: Қытай. Бір қазақтың көзімен
Written by , Thursday, 22 Oct, 2009 – 4:14 | One Comment

Кезекті үнхабарымның қонағы болашақ қытайтанушы Дінмұхаммед Зиядин (суретте).

Димаштың суреті
Қытайлар қазақтардың кім екенін білмейді


Димаш екеуміз:

  1. Қытайға баратын адамға арналған жадынама хақында
  2. Қытайда қазақ студенттерін неге түнгі клубқа кіргізбейтінін
  3. Қытайлардың мінезі
  4. Үрімжідегі жағдай
  5. Қытайда Димашқа ұнамаған нәрселер туралы

сөйлесеміз. Әңгімеге араласа отыр! :)

Қолданылған әуен: Кени Н. Гайал “Should I go or should I stay” (СС)

Play
Аялдамада халал шоколадтар жарнамалануда
Written by , Wednesday, 21 Oct, 2009 – 9:00 | 3 Comments

Алматы қаласындағы аялдамаларда дәл осындай жарнамалар пайда болды.


Суретте шоколад жарнамаланған. Бір қызығы, шетіне ірі әріптермен екі тілде “Шошқа майы қосылмаған” деген жазуды көруге болады. Қазақшасында “халал” деп жазғанымен,  орыс тіліндегі нұсқада бұл жазу жоқ.

Орталық Азиядағы журналистика болашағы тұманды…
Written by , Saturday, 17 Oct, 2009 – 11:32 | One Comment

Орталық Азия журналистері авторитарлық режимнің қолшоқпарына айналып барады. Журналистика өзінің негізгі бағытынан ауытқып кетті. Дәл осындай ойлар Бішкек қаласында өткен Орталық Азиядағы журналистиканың оқыту мәселелері атты дөңгелек үстелде айтылды.

Отырысқа қатысқандар әрине әркім өз шындығын айтумен әлек болды. Университет ұстаздары академиялық білім қажет десе, журналистік тренингтермен айналысатындар: “Сіздерде бүгінгі нарыққа қажетті мамандарды дайындап жатқан жоқсыздар” деп өз уәждерін келтірді.

Көптің сөзін тыңдап отырып, өзім үшін мынадай бір түйіндер жасап алдым:

  •  Кеңес Одағынан бері алғаш рет Орталық Азияның журналистері бір үстел басында жиналды.
  •  Қазіргі Орталық Азиядағы журналистиканың келбеті алдағы болар плюрализмнің бастауы. Read the full story »
Кәрістерге Өскемен ұнап тұр
Written by , Thursday, 15 Oct, 2009 – 8:23 | No Comment

“Оңтүстік Кореялық Болат өндіруші POSCO компаниясы Өскемендегі Титан және Магний Комбинатымен бірлесіп үлестері теңбе тең болатын бірлескен кәсіпорын құратынын хабарлады” дейді Ирландиядан industrialinfo ақпарат сайты.

POSCO мен Өскемен Титан және Магний комбинаты жаңа зауытты құру үшін орта есеппен 25 миллион АҚШ долларын жұмсады. Өндіріс 2010 жылы іске қосылмақ.

Қызылордада жаңа газ өңдеу зауыты ашылмақ
Written by , Wednesday, 14 Oct, 2009 – 8:23 | No Comment

Қызылорда өңіріндегі Құмкөл өнідірісіндегі күндіз түні алаулап жанған газды тиімді пайдалану қарастырылды дейді Neurope басылымы.

Осыған дейін ысырап болып келген газды қайта өңдеп, кәдеге жарату ісі қарастырылған. Қазақстан газды жағушы әлемдегі он елдің қатарына кіреді. Read the full story »

Үнхабар: Бішкектен…Хиджапқа дейін
Written by , Tuesday, 13 Oct, 2009 – 5:32 | 6 Comments
Уәде берген Бішкек Баркэмпі жайлы үнхабарды ұсынып отырмын. Кезекті бесінші үнхабарда төмендегідей тақырыптар қамтылады.

  1. Бішкекте өзі не болып еді. Қысқаша шолу
  2. Қырғызстандық Шыңғыс қырғыз жастарының өмірі хақында 


  3. Баркэмпке келгендердің ең сүйікті әлеуметтік желісі қайсы?
  4. Министрлердің қылықтары neweurasia оқырмандары арасында қызу пікірталасқа ұласты
  5. Америка қонағы қазақ блогшыларымен кездеспек.
Play