Article Archive for Year 2009
Осыдан бір айдай уақыт бұрын neweurasia Орталық Азияның ең үздік аспазшысына байқау жариялаған. Байқауға қазақ блогшысы Эльвирамен қатар бірнеше шетел блогшылары да қатысып, өз елдерінің тағамын әзірлеген еді.
Алайда, Эльвира:
Арнайы www.neweurasia.net үшін, байтақ жерімізді мекендеген ұлттардың бір-бір тағамын жасап көрмекшімін.
дей келе бірнеше тағам пісіріп, сол жазбаларымен қазылар алқасын тәнті етті. Тіпті, қазылар алқасы:
“Эльвира осының бәрін пісіріп қана қоймай, суретке түсіріп, оны жазып үлгеріп жүр”
деп таңқалғаны да рас.
Осы аптада байқаудың жеңімпазы анықталды. Қазақ блогшысы – Эльвира “Орталық Азияның ең үздік аспазшысы” атанды. Эльвираны осы жеңісімен құттықтап, жеңіс шыңдарынан көріне бер демекпіз. Жарайсың, Эльвира!
Ақша тапқың келе ме? Өте оңай. Оқушыларға арналған нұсқа.
- Сенбі күні таңертең ерте тұрып, көшеден ұзын бір сым (тікені болса, тіптен жақсы) тауып аласың.
- Қасыңа ең сенімді серігіңді ертіп, жергілікті АХАЖ (ор. ЗАГС) алдына барып, жас жұбайлардың “гулянкада” жүрген машинасын күтесің.
- Бірнеше адам бірігіп, қатар шығып, бірнеше жерден «тұзақ» құрсаңдар тіпті жақсы.
- Сосын жас жұбайлардың машинасының алдында соны керіп, оларды өткізбей ұстап тұрасың. 200, 500 теңге берсе ғана өткізесің.
- Жас жұбайларға арнап, шашу шашыңыз деп айтуды ұмытпайсың.
- Жақсы жұмыс істеп, көліктерден қорықпай табанды түрде тұрып алсаң, кешке дейін 5000 теңге табасың.
Пы.Сы. Кейбір «гулянкада» жүргендер ақша бермей, қорқытуы мүмкін. Сен оларды тыңдамай, тұрып ал. Үстіңе бір жақсы киіміңді киіп, жас шаңырақ иелеріне арналған бір бата жаттап алсаң, тіпті жақсы.
Қазақтың төл зияткерлік ойыны тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
2009 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зиткерлік ойын тіркеліп, www.iggamecenter.com – сайтында тоғызқұмалақтың онлайн жүйеде ойнайтын бағдарламасы жасалынды.
Алдағы уақытта төрткүл дүниенің мықты ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы электрондық бағдарламада тоғызқұмалақ ойнауға, ойын шеберлерінің партияларын талдауға, сақтауға болады. Read the full story »
Қарағандыда бір кафеде кезекте тұрған едім. Меннен кейінгі қыз баладан сатушы куәлік сұрап жатқанын байқадым. «Жасыңыз он сегізге толды ма?» деп сұрап жатыр екен.
Осы аптада Қазақ үкіметі қоғамдық орындарда тиым салатын арнайы заң қабылдады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің сөзіне сенсек, жыл сайын 30 мың адамның өліміне темекі себепші.
Аталған заң сонымен қатар ішімдікті енді 18 жастан асқандарға да сатуға тиым салады. Бұрындары он сегіз жасқа дейінгілерге харам сусын сатылмайтын болса, енді 21 жасқа толмағандарға сауда орындарында заң жүзінде арақ сатылмайды.
Бұл тектес заңдар Еуропа елдерінде бұрыннан бар.
Қазақстан халқының 11%-дан астамы 40 жасқа жетпейтінін ескерсек, әрі 40 жасқа жетпей көз жұматын адамдар саны 11,2 пайызды құрайтын болса, бұндай заңдардың қажеттілігін өмірдің өзі айқындады деген сөз.
Айтпақшы, ақпарат құралдарының мәліметінше заңның мәтіні баспасөзде ертең жарияланып, күшіне енбек.
Екі министрдің блогын қарап отырмын. Бірі Білім және Ғылым Жансейіт Түймебаевтікі де екіншісі Әділет министрі Рашит Түсіпбековтікі.
Өткен апталарда Әділет Министрінің блогына келіп түскен сауал [орыс.т]қыз балалардың шариғат шәлісін жамылуына қатысты болатын. Бір оқырман сауал қойып, қанағаттанарлық жауап алған. Діни ұстанымы үшін әлдебір адамның кемсітушілікке ұшырауы заңға қайшы екендігі айтылған. Бұл туралы Жандос та өз блогында жазды. Оған пікір қалдырған бір оқырман:
… Ислам туралы жұрттың пікірі қандай тар еді. Исламды тек баспасөзде жазылған ақпараттар арқылы тануда. Енді олар біздерге, мұсылман қыздарға қандай да бір қысым жасауға болмайтынын түсінген шығар. Әлһамдулиллаһ!
деген екен.
Алайда көп кешікпей, ҚР Білім және Ғылым минстрі Жансейіт Түймебаевтың блогынан бір оқырман ислам дінін қабылдған оқушы қыз балаға хиджап киіп, сабаққа келуіне тосқауыл болмайтындай қандай құжат бар екенін сұрайды. Өз сөзінде Жансейіт Түймебаев мектеп формасын негізге ала отырып, жауап берді. Read the full story »
Осыдан бес жыл бұрын дүниеге келген www.xat.kz жобасы, әу баста ресейлік пошта қызметтерінен еш ерекшеленбейтін. Тіпті сыртқы нобайына дейін көрші елдің көшірмесі еді. Мұндай арзанқол дүние бес жыл бұрын мамандардың жоқтығынан пайда болды десек, қазіргі кезде жас програмистер өсіп шықты.
Бүгінгі жаңаланған xat.kz жобасын қолға алып, оны алдағы уақытта коммерциялық жобаға айналдыруды көздеп жүрген жастардың бірі – Дастан Мырзабаев, «Хаt.kz» жобасының менеджері ретінде қызмет етуде. Дастанмен Бішкектегі Баркэмпте танысқан едік. Бұл жобаның қазіргі жұмысы туралы арнайы мақала minber.kz сайтында жарық көрген еді.
«Әрине, біздер бірінші кезекте әлем пошталарымен тең дәрежеде болатын іргелі пошта қызметін жасауды ойладық. Сол үшін танымал пошта қызметтерін зерттеп, біздің қолданушыға қызық болатын функцияны енгізуді алдымызға мақсат етіп қойдық. Біз қазір бес жыл бұрынғы бағдарламаны тұтастай өзгертіп, қайтадан программалық код жазу үстіндеміз»
дейді.
Xat.kz ұлттық пошта қызметін қазір 6 мың адам қолдануда. Read the full story »
Жұртшылықтың қалтафонды жиі тұтынуы пойыздағы жолсеріктерге қосымша табыс түсіруде. Әсіресе, 2-3 күн бойы пойызбен саяхаттайтындар пойыз ішіндегі телефон қуаттағышқа зәру.
Ұзақ сапарға шыққан жолаушы үшін қалтафон тек қана байланыс құралы емес, сонымен қатар уақытты көңілді, пайдалы, тиімді өткізудің жалғыз мүмкіндігі.
Сонымен Қазақстандағы мен байқаған көптеген пойыздарда қалтафонды жолсеріктер өз купесінен 50-200 теңгеге қуаттап береді. Бұл туралы жазбаны Нұрғиса да өз блогында айтып еді.
- Не ғой, әлгі… Қалтафонымды қуаттап алайын деп едім…
Жолсерік көмекшісіне: – Сәке, бар, клиент келді…
Көмекшісі: – Екі жүз теңгені без «здач» берші…
Ойша есептеп көрейік. Бір вагонда 50-ге жуық жолаушы бар. Read the full story »
Соңғы жеткен мәліметтер бойынша Қазақстанда үш банк жабылу қаупі бар аймақта тұр.
Таратылған ақпарат бойынша “Данабанк”, “Казинкомбанк” және “Метрокомбанк” шетелдік инвесторлар іздестіруде. Read the full story »
Кезекті үнхабар Қарағанды қаласында әзірленді. Әлия Сембаймен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамын. Әлиямен Қарағандыдағы қазақтар туралы сөйлесеміз деп едік. Бірақ тақырыптар төмендегідей болып кетті.
- Қарағандыда не себепті қазақтілді блогшылар аз?
- Интернетте «өз-өзіне қол жұмсау» тақырыбына қызығушылар көп.
- Қазақтілді блогшы мен орыстілді блогшының айырмасы мен ұқсастығы (Ақзере, Айко, Салтанат, Айконаға үлкен сәлем!)
- Қазақ тіліндегі әдепсіз блогтар туралы
- Қарағандыға қыдырып бара қалсаңыз…
Podcast: Play in new window | Download (5.8MB)
Оксфорд университетінің зерттеушілері өткен апталарда алманың туған жерін таптық деп жар салды. Оксфорд биологы Барри Джунипердің мәліметінше Адам ата мен Хауа анамыздың хикаясына арқау болған жемістің тарихи отаны Қазақстандағы Тянь Шань тауларының жабайы бақтарында екен.
Ғалымдар осылайша осыдан екі жыл бұрын ағылшын тілінде жарық көрген Кристофер Роббинстің «Қазақстанды тану» атты кітабындағы «Қазақстан алмалар мен қызғалдақтар отаны» деген дерегінің ақиқатын растады.
Алмалардың генетикалық тегіне үңілген оксфордтық зерттеушілерді осылайша алманың түп-тамыры қазіргі Алматы облысындағы екі жүз метр биіктіктегі тауларға алып келді. Read the full story »


.jpg)




соңғы пікірлер