Article Archive for Year 2009
Өткен аптада Қазақстанда Біріккен Араб Әмірлігінің әл-Хилал банкінің бөлімшесі ашылатыны хабарланды.
Халықтың дені ислам дінін ұстанатындықтан шариғат жолымен есеп-қисап жүргізетін ислами қаржы құрылымдарының қажеттілігі осыдан төрт-бес жыл бұрын еміс-еміс айтылатын. Көпшілік бұндай сұраныстың туындауын мұсылманшылыққа берік қалталы азаматтардың шоғыры қалыптасуы түрткі болуымен түсіндіруде. Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде атеистік түсініктен ада, мұсылманшылықты ұлттық болмыстың бір көрінісі деп қабылдайтын іскер жастар буыны өсіп шықты.
Еліміздегі екінші деңгейлі банктер қаржы дағдарысына дейін ислам банкингі бойынша қызмет көрсететінін де жар салған. Мәселен, БТА банкі ислам банкингін жерсіңдіру үшін Таяу Шығыс пен Араб елдерінде зерттеулер жүргізіп, біздің елге қолайлы үлгісін парықтаған. Альянс Банк басшылығы да егер тұтынушылар тарапынан сұраныс туындап жатса, арнайы бір қызмет түрлерін ұсынуымыз мүмкін деген.
Алайда отандық банк мамандары заңнамаларда ислам мен қаржыға қатысты арнайы түсініктің болмауы жұмысты бастауға қолбайлау болып отыр дегенді бірнеше рет айтып, шариғат жолымен есеп айырыса алмайтынын мәлімдеген. Десе де сол кездің өзінде Қазақстандағы кейбір екінші деңгейлі банктер мұсылман елдерінен шариғат рұқсат еткен жолмен, яғни пайызсыз несие алып, оны тұтынушыларға пайызбен үлестірді деп айыптаушылар табылды. Read the full story »
Қазақстандағы белгілі заңгер, Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымының белсенді мүшесі Евгений Жовтистің үстінен қозғалған қылмыстық іс әлемдік ақпарат құралдарының назарында. [ағыл.т]
Қазақстан соты жеке көлігімен кісіні қағып кетіп, жазым еткен Евгений Жовтисті төрт жыл бас бостандығынан айыруын шетелдік сарапшылар саяси мүддеден туындаған шешім деп бағалауда. Read the full story »
Орталық Азия елдері блогшылары, журналистері, жаңа медия технология өкілдері осы аптаның соңында Бішкек қаласында бас қосты. [орыс.т.] Үш күнге созылған шараға қатысушылар өздерінің тың жобаларымен бөлісіп [ағыл.], интернеттің жаңа белестерін бағындыру жолында өзара пікір алмасты.
Баркэмп ұғымы [ағыл.] интернетті дамыту жолында қызмет етіп жүрген жандардың өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған бейресми шара. Read the full story »
Алматының Орталық Азиядағы негізігі қаржы орталығына айналдырамыз деп арнайы KASE, қазақ биржасын құрғанымыз күні кеше еді. Қазақ экономикасы дағдарыс шекпеніне қымтанған тұста, биржа біраз пайдаға кенелгенін бірі білсе, бірі білмес. Әйткенмен, шетелдік инвесторлардың қазіргі таңда қазақ биржасынының бүлкіліне көңілдері көншімей отыр.
Еуропа әлеміне бизнестен хабар тарататын businessneweurope.eu сайты осы аптада қазақ биржасының қазіргі ахуалын суреттейтін арнайы мақала жариялады. Мақала авторы Клэр Нуттал қазақ биржасында тіркелген шетелдік компаниялар көбіне жеке секторда ойнауға тырысты. Осыған орай кейбір компаниялар кризис тұсында көп ақша жоғалта қойған жоқ. Read the full story »
Кеңес Одағы тұсында қазақ даласында сыналған ядролық қарудың залалы әлі де толастар емес. Азалған мекенді иісі қазақ Абайдың жері деп әспеттейтін болса, батыс әлемі Совет одағы өзінің ядролық сынақтарын жүргізген жер ретінде зерттеуде. Осы аптада Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ жарылыстарының болғанына алпыс жыл толды. Шетелдің көптеген ақпарат құралдары осыған орай арнайы репортаждар мен мақалалар әзірледі.
Al-Jazeera телеарнасы Семей өңірінен жүргізген өзінің хабарында қазіргі таңда полигон салдарынан кемтар болып туып жатқан жандарға арнаған хабарын көрсетті [ағылш.]. Журналист Робин Фостер төрт минуттық қысқа сюжетінде атом қарулары сыналған жерге барып, оның салдары әлі де бар екеніне көзін жеткізіп қайтты.
«Бұл аймақта қатерлі ісік ауруына шалдығу өзге аймаққа қарағанда 1,5 есе жоғары және өлкеде нәрестенің ерте шетіну оқиғалары анағұрлым көп. Дәрігерлер қырық жылдық атом сынақтары келешек ұрпаққа қалай әсер ететінен білу үшін көптеген зерттеулер жүргізу қажет»,
- дейді шетелдік арна тілшісі арнайы веб-сайттарында.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Корей сериалдарын көріп отырып, тәбетім оянып кетеді. Кино кейіпкерлерінің сылпылдатып ішіп отырған тамағының дәмін татқым келетінін де жасырмаймын. Бұл не?! Ұлттық тағам түрлерін дәріптеуде корей «телекөбіктерінің» жеңісі мен жемісі ме екен?!
Корей мелодрамаларының ерекшеліктері
Киносыншылардың пайымынша, корей сериалдарында актерлік техника ақсаңдап тұр. Іс-қимылдары жасанды. Атыс-шабыс, үлкен ұрыс-керіс жоқ. Тіпті корей сериалдарының басым бөлігінде кейіпкерлері тып-тыныш. Дауыс көтеріп сөйлемейді де.
Тамақтануына қарап мінезін таны Read the full story »
neweurasia үшін соңғы рецепт – қазақтың ұлттық тағамы – майсөк! Ұлттық болғанымен ол Қазақстанның барлық жерінде біліне бермейтінін 2006 жылы айтып кеткен болатынмын. Ол кезден бері аса ешнәрсе өзгере қоймады. Неге екені өзіме де беймәлім; майсөк – өте тойымды, өте дәмді тағам. Біздің үйде майсөк әсіресе Рамазан айында оразаның ауызашар мен сәресіне жасалынатын сүйікті тағам.
Маған негізі мамамның майсөк рецепті қатты ұнайды. Соны жасамақшы едім басында, бірақ мамамның “неге Зеріп тәтеңнің майсөгін жасап көрмейсің” дегеніне көніп, нағашымызға телефон соғып мамамның үнемі мақтап айтатын рецептін жазып алдық. Төмендегі рецепт нағашы Зеріп тәтеме тиесілі.
Майсөк үшін керек заттар аз ғана: үлкен шәй кесе піскен (акталған) тары, қант, тұз, қайнаған су мен сары май (қолдың майы болса тіптен жақсы). Read the full story »
KazSat ғарыштық жобасының сәтсіз ғұмыры мен қазақ үкіметінің қателіктері жайлы шетелдің ақпарат құралдары әлі күнге дейін жазуда.
- 2006 жылы құны 100 млн. АҚШ доллары болған жер серігі ғарыш кеңістігіне шығарылған еді.
- 2008 жылы техникалық тұрғыдан дұрыс жасақталмаған құрылғының ақаулары шығып, қызмет көрсете алмайтыны анықталды.
- 2008 жылы ҚазСат жер бетінен басқаруға келмей, кеңістікте жоғалып кетті. Жоғалған қазақтың тұңғыш жер серігі сол жылдың қазан айында табылды,
- 2009 жылдың тамызында оны ғарыш қоқысына апару жөнінде шешім шығарылды.
- 2009 жыл KazSat-1 қоқысқа кетті.
Ресейліктердің Круничев ғарыш орталығы жасап берген Жер серігінің ғұмыры осынша қысқа болғанын осы аптада Satnews атты шетелдік басылым хабарлады. Қазақ үкіметі ендігі кезекте Қазсат – 2 жобасын қолға алды.
Соңғы жылдардың санақ мәліметтері бойынша Қазақстанда татарлардың әдеуір тобы (229 мыңға жуық адам) тұрады. Сонау 19 ғасырдың басынан көшіп келген татарлар қазақ ас үйіне ықпал епеуі мүмкін еместі. Бәліштің небір түрлері мен тәтті тоқаштары қазақтың асқазанына сай түрленіп көп ұзамай қазақ ұлттық тағамдар қатарына қосылып та үлгерді. Шәк-шәк солардың ішінде ең танымалы. Бұрындары (совет кездері) дүкендерден көптеген нәрсе табылмай жүргенде, шәк-шәк қолмен жасылынып той-томалақтардың негізгі десерті болатын.
Жеңгемнің шәк-шәк рецепті дәстүрлі бал-мейіз қосылған шәк-шәктан ерекше. Соны жасап бөліскім келіп тұр. Барлық тәттіқұмарларға арналады! Read the full story »
Оразаларыңыз қабыл болсын! Бұл жолғы үнхабар төрт бөлімнен тұрады. Микрофоным дұрыс істемей, сейсенбі күні жариялай алмадым. Бұл жолғы үнхабардың шығуына атсалысқан барлық жанға алғысымды білдіремін. Өздеріңізден әдеттегідей пікірлер күтемін.
- Қытай саясаты Балқаш апатын тудыруы мүмкін бе?
- Қазақстан мен Малайзия: қазақ студентінің көзімен
- Шетелдіктер “Қазақстан” деген сөзді немен байланыстырады
- “Оразаңыз қабыл болсын!” – Мақпалдың тілегі
Орындалған әуендер: Кени Н. Гайал “Should I go or should I stay” және М.Бесбаев “Алланың бары ақиқат”
Podcast: Play in new window | Download (7.3MB)








соңғы пікірлер