Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Year

Article Archive for Year 2010

Google Translate қазақ тілін қосу үшін не істеу керек?
Written by , Tuesday, 28 Dec, 2010 – 21:09 | No Comment

Бүгін Google компаниясында қызмет ететін жалғыз қазақстандық – Рүстем Арзымбетовпен кездестім. Сөзінің басын “Wikipedia қазақшасын дамытсаңдар ғой, жақсы болар еді” деп бастады. Менің ойым таяуда ғана translate.google.com-ға қосылған әзірбайжан тілін байқап, қазақ тілін де қосу мүмкіндігінің мән-жайына қанығу болатын.

Сөйтсем, Рүстемнің айтқанынан түсінгенім, Google Translate-те қазақ тілі болуы үшін қазақ тілінің өзге тілден аударылған корпусы болуы керек екен. Ал ондай тілдік корпус жасауға wikipedia тәрізді бірнеше тілдерден мақалалар аударылатын жобалардың берері мол (келесі бір жолы ол үкіметтің өзі қос тілді корпусты Google-ға ұсынуы, яки wikipedia сияқты өзге бір тәсілдер).

Яғни, егер wikipedia-да ағылшын тілінен аударылған жазбалар немесе қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылған жазбалар көп болса, Google сол аудармалар негізінде аударма бағдарламасын түзеді-мыс. Read the full story »

Қазақ елінің ұлттық қауіпсіздігі деген осы ма?
Written by , Sunday, 26 Dec, 2010 – 20:52 | 7 Comments

Қазақстандағы оралмандардың жағдайы шетелдегі қазақтарға қалай әсер ететіндігі жайлы өз блогымда ойларыммен бөліскен едім. Енді осы тақырыпқа орай моңғолияда тұратын ағамыз Жанарбек Ақыбиұлының да пікірін назарларыңызға ұсынғым келеді.

Шеттегі қазақ ағайындар үшін тағдыр тауқыметімен басқаның жерінде отырса да қазақ тілін, салт-дәстүрін, тіпті ұлттық көзқарас пен ұлттық болмысты күні бүгінге дейін сақтау тым оңайға түскен жоқ. Сондықтан да, қазақ елім, жерім деп келген олар Қазақстандағы күнделікті күйбең тіршілік, күйкі өмірдің ортасында қалыптасқан жергілікті қазақтардың көзқарастарын жан дүниесіне сыйдыра алмай жатады. Read the full story »

Душанбе жайлы ойлар
Written by , Wednesday, 22 Dec, 2010 – 9:50 | 6 Comments

Шетелдің жастары басқа елге барса, бірінші кезекте түнгі клубына барып, билегісі келтіндері болады екен. Қала жастарының деңгейі содан білінеді-мыс. Душанбеге барғанда өзім үшін сондай жаңалық аштым. Амал жоқ, көпшілікпен бірге баруға тура келді. Негізі үнемі солай. Шетелге шыққанда жұртты мұражайға барайық деп ертіп кету қиындау. Олардың дискотекасына барып, сырттан бақылап отыру да қызық екен.

Қала орталығындағы бір дискотекаға бардық. Опера ғой деймін аты. Фейсконтроль дегенің денеңді тінтіп шығатын күзетші жігіттер екен. Алдыңғы күні бір қыз бала ұзын етекті көйлек кигені үшін кіргізбей қойыпты дегенді естіп қалдым. Бәріміздің бұтымызда – шалбар болғандықтан кіргізген болар деп топшыладым. Read the full story »

БЕЙНЕБАЯН: 17-желтоқсан, 2010 жыл: алаңдағы әңгімелер
Written by , Friday, 17 Dec, 2010 – 16:13 | No Comment

Авторы: Болат Нәукенұлы, “Қазақ елі” Халықтық бейнелі энциклопедиясы

Блогосфера шариғаттың шәлісін талқылауда
Written by , Monday, 13 Dec, 2010 – 8:44 | 2 Comments

Қазақстанда дінді халыққа түсіндіру мен оқып-үйретудің арнайы бағдарламасы болмағандықтан қоғамдағы дінге қатысты түсініктің ала-құла болуы заңдылыққа айналды. Жиырма жыл бұрын қолға алынбаған іске қазір де жете назар аударылмауда. Соның айқын дәлелі – дәстүр мен діннің текетіресі қазақ блогтарында қызу талқыланып жатыр. Read the full story »

Бірінің аузына бірі түкіріп қойған ба?
Written by , Tuesday, 7 Dec, 2010 – 8:16 | No Comment

swissinfo.ch  басылымы Астанадағы Саммиттен кейін оған қатысып келген Кристин Егерсзегиден (Christine Egerszegi) сұхбат алыпты. Ол ОБСЕ-дегі Швейцария парламенті делегациясы президентінің орынбасары.

Бір жылдың ішінде ұйым қандай жетістікке қол жеткізіп, не нәрсеге қол жеткізбегенін сұраған тілші сөз арасында:

“Диктатураға жақын тұрған Қазақстан тәрізді елде конференция өткізу арқылы Еуропа қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы өзінің ұстанған бағыттарынан тайқып кетіп отырған жоқ па?” деп сұрайды.

Саясаткер бұл сұраққа былай деп жауап берген [ағыл]:

Қазақстан демократиясы бізден өзгеше Орталық Азиядағы республика. Оның бірнеше түрі бар. Жартылай автономиясы бар бұрынғы Советтік республикалар сәтті дамыды. Қазақстанның аймақтағы ықпалы үлкен. Ол Азия мен Еуропаның түйіскен тұсында орналасқан. Аймақта түйіні шешілмеген мәселелер де бар. Ауғанстан, Қырғызстан және Түркменстан солардың кейбірі ғана. Сондықтан да Қазақстан тәрізді тұрақты мемлекеттер маңызды.

Шетелдік сарапшының аузынан осы сөздерді естігенде: “Япыр-ау, осы бір сөздерді бұрын қайдан естідім?” деген ойлар келеді екен :)

Раджан Зет Астана Саммитінің ұсынысын қолдады
Written by , Monday, 6 Dec, 2010 – 12:33 | One Comment

Астанада өткен ОБСЕ саммитіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жатқанымен, үндістер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын қуана қолдап жатыр. Read the full story »

«ҚазНеттің» жаназасы
Written by , Saturday, 27 Nov, 2010 – 9:26 | No Comment

Бұл менің «Новые гвозди для гроба Казнета» дегенді аударған түрім. Бүгін zakon.kz сайты ҚР Байланыс және Ақпарат министрінің осы жылдың 7-қыркүйек күні жариялаған № 220 «Интернеттің Қазақстандық сегментіндегі домендік кеңістікті тіркеу және пайдалану туралы Ережесіне» сілтеме жасай отырып, осылай хабарлады.

Read the full story »

Қазақ министрлері онлайнда өмір сүре ме?
Written by , Thursday, 25 Nov, 2010 – 17:25 | 4 Comments

Техно-билік күн сайын кәріне міне түскен ғаламтор ғасырында халықпен қоян-қолтық жұмыс істеудің қолайы да өз икемімізге бейімделе түскені анық. Дей тұрсақ та, осы мүмкіндікті жете пайдалана алып жатырмыз ба? Төменде біз қазақ үкіметі мен министрлерінің блогтарына шолу жасап көрсек.

ҚР Премьер-Министрiнің блогы:

ҚР Премьер-Министрiнің блогына ең алғашқы жазба 2008 жылы 30 қарашада қосылған. Блог жүргізіле бастағаннан 26 қазанға дейін 56 жазба жарық көріп, 2010 жылы 24 қыркүйекке дейінгі жолданған сауалдарға жауап қайтарылған. К.Мәсімовтың блогындағы сұрақтар мен жауаптар 100% орыс тілінде. Read the full story »

Душанбе бишісі
Written by , Tuesday, 23 Nov, 2010 – 21:59 | No Comment