Article Archive for Year 2010
Бізде бәрі қымбаттауда. Шындық. Бағаның түскенін көрген емеспін. Тек байланыс саласында ғана баға арзандағанын байқаймын. Неге? Неге қымбат? Өйткені біз ештеңе өндірмейміз. Бес жастағы бала да бұл шындықты біледі. Read the full story »
Интернет мәселесі, IP-мекен-жай және домен аттарын тіркеумен айналысатын, тегі АҚШ-тық халықаралық коммерциялық емес ICANN ұйымы жаңа бір бастаманы қолға алуда. Енді көп ұзамай кириллица, сондай-ақ қазақ әріптерімен ғаламтарда сайт тіркеу мүмкіндігі туады. Мысалы, “тимуррр.қаз” деген секілді. Read the full story »
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан ғалымдарына ғылыми жұмыстарын электронды нұсқада басып шығару талабы қойылған. Техника тіліне енді машықтанып жатқан ғалымдардың компьютерде терген талай диссертациялары күйіп кеткенінің куәсі болғанбыз. Ол кездері мәліметтің барлығы компьютердің жадысында сақталып, ол жанып кетсе, онымен бірге барлық файлдар жоғалатын. Қолмен тасып жүретін кішкентай дискеттерге сенім аз еді. Read the full story »
“Тілдірді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” үкіметке осыдан бір айдай уақыт бұрын таныстырылған еді. Ресми мәліметтер бойынша қазір бұл бағдарлама бұқара арасында талқылануда.
Есімде ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед:
“…теледидарға, әсіресе, қазақ тілін жақсы меңгерген адамдар шығу керек. Read the full story »
Қайырымдылық қорларына түсетін ақша көлемі артты. ДОМ қайырымдылық қорының соңғы есебі бойынша 2010 жылдың 8 мауысымында $1 млн. 219 мың сомасы көлемінде ақша жиналған.
Елімізде жыл өткен сайын зекет ұғымына мән беріп, оны берушілер де көбей түскен сыңайлы. Әсілі бұл қоғамда байлардың санының артқанын емес, мұсылмандық парызына берік жандар молайып келеді деген сөз. Read the full story »
TOL (Transition Online) Орталық Азия елдерінің блогшылары мен БАҚ қызметкерлеріне арнап «Беспристрастный взгляд: улучшение освещения проблем этнических и других меньшинств» (“Этникалық және өзге аз ұлттардың мәселелерін қоғамға шынайы жеткізуді жетілдіру)” тақырыбында қашықтықтан тегін журналистика курсын ұйымдастырмақ. Read the full story »
Ақпарат құралдары Қырғызстанның бұрынғы басшысы Асқар Ақаев Қытай мен Қазақстанға заңсыз жер үлестіргенін хабарлауда. Қырғызстанның уақытша үкіметі енді оның осындай қылмыстық істерін айыптауға көшті.
Көрші елде болған лаңның салдары енді осылайша бір шикілікті шығарып келе жатқаны алаңдатады. Осындай ақпараттар жиілейтін болса, екі елдің арасында тұрмақ түгілі тұтас аймақта береке болады дегенге илану қиын.
Біздің елде “Қазақстан өз шекарасын бейбіт жолмен ың-шыңсыз заңдастырды” дегенді естиміз. Бақсақ, бақа екен. Анығын енді білетін боламыз. Әйткенмен, бір елде жерді қайтарып алуға қатысты әрекет қолға алынса, өзгелері де қарап қалмасы аян.
Елімізде ислам қаржы құралдарын нарыққа ендіру жұмысы әлі де болса қарқын ала қойған жоқ. Әйткенмен бірнеше ойыншылар бар екен. Солардың бірі исламдық сақтандыру қызметін ұсынатын – Такафул компаниясы және Алматы өңірлік қаржы орталығы жанындағы Ислам Қаржы Құралдарын дамыту бөлімі.
Қыркүйек айының 6-11 аралығында “Ислам банкингінің негіздері” деген тақырыпта арнайы семинар өткізбекші. РФЦА-ның сайтында жарияланған ресми хабарламада семинар ислам банкингі мен қаржысы туралы тереңірек білгісі келетін барша жамағатқа арналғаны жазылған.
Семинар экономикалық арнайы білім жоқтар үшін де, әрі ислами қаржы туралы жақсы білетін жандарға да қызық болмақ.
24 академиялық сағатқа есептелген семинарда “Ислам қаржысына кіріспе”, “Ислам банкингі”, “Сукук - ислами құнды қағаздар”, “Такафул – ислами сақтандыру” тақырыптары қамтылмақ. Толығырақ мәліметті РФЦА сайтынан табуға болады.
Рамазан айын себеп қылып, қазақ блогтарындағы ислам діні тақырыбында жазылған кейбір жазбаларды шолып шыққанды құп көріп отырмын. Өткен жылдары қазақ тілінде ислами блогтарға саяхат жасағаным бар еді. Қазақ блогтарының көпшілігінде авторлар өздерінің дінге қатысын яки көзқарасын жиі білдіріп отырады. Бұл жайт өмірімізде діннің әсері күн санап артып келе жатқанын, қоғамда исламды түсіну процесі жүріп жатқанын айғақтайды.
“Бір құдіретті күштің барына сенемін”. Салтанаттың блогындағы Мультик: “Мұхаммед – соңғы Пайғамбар” жазбасы осылай басталады. Асылында, обал-сауап ұғымына жақын дүниені осы Balgyrgan блогынан жиі ұшырастарамын. Аты аталған мультфильмнен кейін ол мынадай ойымен бөлісіпті:
“Діни кітаптарда жазылғандарды айнытпай орындау үшін сол дінді қабылдау керек пе??? Сол принциптерді өз Құдайынан қорыққаннан емес, “о дүниеде отта жанып, қиналамын” деп емес, неге ертеңіңді ойлай отырып, қазіргі күйің үшін істемеске…” Read the full story »
“Медиа Мектеп” журналистика мектебі тәрізді орталықтар Қазақстанда саусақпен санарлық. Әсіресе қазақ тілінде жоқтың қасы десе де болады. Бұл мектептің ерекшелігі бес айлық курсты журналист болып нақты жұмыс істеп жүрген кәсіби мамандар жүргізеді. Сондықтан журналистиканың қыр-сырына бойлаймын деген жастарға аталған мектептің Журналистика курсына жазылуға кеңес беремін.
Медиа Мектеп журналистика мектебі MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығының жобасы. Мектеп өз жұмысын Алматы қаласында 2005 жылдың 16 ақпанында бастады.
Read the full story »



соңғы пікірлер