Article Archive for Year 2011
Анасы – қазақ, әкесі – америкалық. Ларамидегі Уайоминг Университетінен қазақтарды іздегенде жұрттың бәрі Жаннаны ауызға алатын. Бірінші курсты енді бастап жатқан қызылордалық қыздың белсенділігі мен ақкөңілділігі шынымен де кампустағылардың бәрін баурап алған екен.
Жанна туралы жеке блогымдағы Шетелдік студенттерге тақиям жетпей қалдыЖаннамен сұхбат деген жазбамда жазған едім.
Бұл үнхабардан Жаннаның Америка мен Қазақстанда білім алуға қатысты ойларын тыңдай аласыз. Қазақ пен америкалық дәстүр-танымның арасында өскен адамның қандай болатынын шамамен енді болжауға болатын сияқты.
Podcast: Play in new window | Download (0.0KB)
Өткен аптада Нью Йоркқа жолым түскен. Уол Стриттегі мына бір көріністі көрдім. Нью Йорк жастары Санта Клаус, эльф болып киініп алып, елдің назарын өздеріне қаратып жүр екен. Содан түсірген видеоны ұсынып отырмын.
Америкада әрбір адам өзінің құқығын жақсы біледі. Әсіресе, әр адамның еркін пікір білдіруге хақысы бар деген заң өмірдің салтына дендеп енген. Read the full story »
Электронды поштама жолданған дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтайдың пікірлерін өзге басылымдар жариялар, жарияламасын білмедім. Сондықтан “Тәуелсіздік күндері жазылған күнделіктерім” деген атпен өрнектелген ойларын сол қалпында жариялап отырмын.
Мұртаза БҰЛҰТАЙ
ф.ғ.к., дінтанушы, мәдениеттанушы
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН КҮНДЕЛІКТЕРІМ
16-20 желтоқсан, 2011
(20 жылдығымызға қуанып жүргендегі көрген азабымыз туралы)
Қазақстанның азаттық мерекесі құтты болсын! Еліміз өркендей берсін, мемлекетіміз қуатты болсын, азаматтарымыз еркін ойлайтын, зайырлы, саналы, білімді тұлғалар болсын, ешбір елден дәрежеміз төмен түспесін, береке-бірлігіміз мығым болып, ешбір уайым болмасын! Read the full story »
Крисмас мейрамы қарсаңында америкалық келіншек Қазақстанның Солтүстігіндегі жетімдер үйіне сыйлықтарын алып бармақ. Төрт баласын Ақкөл қаласындағы жетімдер үйінен асырап алған Ненси Габбардқа қызының “қыста бәріміз тоңатынбыз” деген сөзі түрткі болған. Read the full story »
Жаңаөзендегі оқиға арнайы ұйымдастырылды дегенге сенімім көптеу еді. Әділ Нұрмақовтың “Жаңаөзен” оқиғасы жайлы ақпараттың қалай таралғанына жасаған сараптамасы біраз жайттың бетін ашты.
Әділ Нұрмақовтың Yvison.kz блогында орыс тілінде жариялаған жазбасындағы ойларды түйіндеп ұсынып отырмын:
Жаңаөзендегі оқиға алдын ала ұйымдастырылған: Read the full story »
Мына видеоны таяуда ғана Қазақстанда волонтер болған Алекс Уайт түсірді. Қазақстанның тәуелсіздік күнінде Колорадо штатындағы өз жиендерінің бастауыш мектептеріне барып, Қазақстан туралы арнайы баяндама жасап, дәстүрін таныстырған екен. Read the full story »
Тәуелсіздік күнімен достарымды құттықтайын деп, әлеуметтік желіні ашқаным сол еді, Жаңаөзен жайлы хабарлар көңілімді су сепкендей басты. Толық түсінікті болуы үшін әуелі ресми дереккөзден бастайын. Read the full story »
Ашхабадты көру көптен бергі арманым. Алматыда түркімен студенттермен таныстығым болып, олардың әңгімелерін естігендіктен болар немесе көршілес елдердің арасында тұйықталғандығынан ба, онысын білмедім. Әйтеуір Түркіменстан десе, құлағым елеңдейтін болыпты. Read the full story »
Қазақстанда ұлттық саясатқа жөнді көңіл бөлінбей отырғаны аян. Көбіне бұл тақырыпты қазақ журналистері қозғайды. Қазақ хандары мен батырларына арналған ескеркіштер де сын тезіне жиі ілінеді. Read the full story »
Тұрмыс-салты ортақ болған ұлыстардың тағамдарында да ұқсастықтар көп. Тұрсынжан әзірлеген ұйғырша наның дәмін татып көрсем де, қалай әзірленетінін білмеген екенмін. Бұл жолы Тұрсынжанның нанды қалай пісіргенін бірге көре аламыз.




соңғы пікірлер