Home » Авторлар

Авторлар

Асхат ЕРКІМБАЙ, қазақ блогшысы. Орта Азия елдеріне арналған “Neweurasia.net” блогындағы қазақ тіліндегі хабарлардың үйлестіруші-редакторы. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің түлегі (2005 жыл). Республикалық бірнеше басылымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Интернеттегі қазақ блогшыларының ішкі хат алмасу торабының үйлестірушісі. Біріккен Ұлттар Ұйымының жас журналистерге арналған шәкіртақысын жеңіп алып, Нью-Йоркта екі айлық тәжірибеден өткен (2006 жыл). Прагада өткен “New Essential Media” семинарының қатысушысы (2007 жыл) . Алматыдағы қазақ блогшыларының кездесулерінің ұйымдастырушысы. Асхат туралы толығырақ білгіңіз келсе, жеке поштасына хат жазыңыз: urimtal [at] гмейл [dot] cом және блогын тамашалаңыз: http://urimtal.wordpress.com

Бақытгүл САЛЫХОВА – Абай атындағы ҚҰУ мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетін бітірген.Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Орта Азиялық және халықаралық білім саласындағы салыстырмалы жобаларға қатысады. Азия Даму Банкі қаржыландырған CAECN (Central Asia Education Cooperation Network ) жобасында кеңесші (2004-2006) болып істеді.Оқушылардың математика мен жаратылыстанудан білімдерін тексеретін TIMSS-2007 зерттеуінің халықаралық бақылаушысы болды.

Бос уақытында блогтарға білім, мәдениет, әдебиет тақырыптарына жазып тұрады.

Блогтары: http://adebiet.wordpress.com/ http://qazaqblogshilar.wordpress.com/

Поштасы: baqytgul@gmail.com

Әлия Сембай – қазақ блогшысы. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі (2008 жыл). Журналистика және блогингке байланысты блогтың авторы http://arsenal777.wordpress.com

«Мінбер.кз» Ұлттық Интернет газетіндегі журналистерге арналған «Журналист болам десеңіз» атты айдарының авторы. Сонымен қатар, микроблогингке байланысты жазбаларды жариялап тұрады.

Айнұр Маемирова – блогшы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті “Баспа ісі және БАҚ дизайны” кафедрасының  4-курс студенті. Әдебиет, мәдениет, оқу-білім тақырыбындағы мақалалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрады. chandni.yvision.kz блогының авторы.

 

Серік ЕРҒАЛИ, 46 жаста, математик, журналист. Саясаттану мен мәдениеттану саласындағы мақалалары бар. Көшегентану саласында еңбектеніп жүр.Қазақ тілі бойынша ғылыми ізденуші. Журналистиканың теле-радио және басылым салаларын меңгерген. Қазақстандағы ең тұңғыш жеке РИКА телеарнасында дикторлық пен редакторлықты игерді. ПРООН-ның журналистерге арналған сыйлығының иегері.

Қуаныш МАҒЗУОВ, Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің инженер-программист мамандығы бойынша тәмамдады. Интернетте қазақ тілінің деңгейі көтерілсе деген мақсатпен блог жүргізушілердің бірі.
Қуанышқа сұрақтарыңыз болса, жеке поштасына хат жолдай аласыздар: huanysh@gmail.com

ЖарқынҚОҢЫРБАЙҚЫЗЫ,Мәскеудегі «Қазақ тілі»қоғамының төрағаорынбасары. Мәскеуқазақтарыөміріненөлеңдер менмақалалар жазады. Мақалалары,өлеңдеріреспубликалықгазеттер («Егеменді Қазақстан», «Түркістан», «Жас алаш» , «Ақ жол» (Жамбыл обл. газ.), «Арай», «Нұр бақыт» (Ақтөбеобл. газ.), «Түркістан» (Түркістан қаласы), «Ана тілі» т.б.) менжурналдарда(«Жұлдыз», «Парасат», «Аружан»,т.б.) жарияланып келеді. Республикалық«Ана тілі» газетініңРесейдегі меншікті тілшісі.

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, ф. ғ. кандидаты,  Қазақ тіліндегі тұңғыш интернет газет “Tarlan.kz” жауапты редакторы болды. Сондай ақ Polisy.kz интернет сайтының қазақ бөлімін жүргізді. 2004-2006 жылдары ВВС радиосының қазақ бөлімінде қызмет атқарды. 2000 жылдан бері Түркістан газетінде қызмет етеді. “Түркістан” газетінде тілшілер тобының жетекшісі.

Автор болғыңыз келе ме? Хабарласыңыз: askhat[at]neweurasia[dot]net