Білім
Жобалап алғанда осындай сұраққа жауап таптым. Әлгінде қазақстандықтардың интернетті қолдануына орай жүргізілген зерттеудің нәтижесін көрдім. Бәрінен де төмендегі кестедегі мәліметтер қызық көрінді (үстінен шертсеңіз көлемі ұлғаяды) Read the full story »
Редактордан: Ғалия Серікқызы қазір Түркияда білім алып жүр. Түркия елінің “Türk dünyası ve akraba topluluklar” білім гранты бойынша оқуға қатысты сауалдарымызға жауап беріп, суреттерімен бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз. Егер шетелде “Болашақтан” өзге жолмен білім алып жүргендерді білсеңіз немесе өзіңіз де оқып жүрсеңіз төмендегі сауалдарға жауап берсеңіз, жариялауға әзірміз. Read the full story »
Әр дүйсенбі сайын білім гранттары есебінен шетелдік студенттердің тәжірибесін таныстыруды жалғастырамыз. Өткен аптаа Жапонияның MEXT, Американың MUSKIE гранттарын таныстырсақ бұл жолы “Мені қызықтырған Үндістан” блогының иесі Үндістанның ICCR грантымен оқып жүрген Гүлшат Черниязова өзінің жауаптарын ұсынады. Қосымша сауалдарыңызды пікір ретінде жазбаның астына қалдырсаңыз болады. Read the full story »
Редактордан: Әр дүйсенбі сайын шетелде білім алудың қыр-сырына қатысты жазбаларды ұсынуды жалғастырамыз. Бұл жолы Америкада білім алуға мүмкіндік беріп отырған MUSKIE стипендиясымен таныстырмақпын. Себебі бұл шәкіртақымен келесі жылы оқығысы келетіндер болса, құжаттарын 1-қарашаға дейін тапсырып үлгеруі тиіс. Менін Америкадағы қызықтарымды жеке блогымдағы жазбаларымнан оқи аласыз, алайда стипендияға қатысты сауалдарды пікір ретінде осы жазбаның астына қалдыруларыңызды өтінемін. Read the full story »
Қазақ блогстанында саясат аз талқыланады. Есесіне отбасылы болу, сүйіктіңді табу т.с.с. тақырыптар үнемі қайталанса да қызығушылығын жоғалтқан емес. Осы аптада «Болашақ» бағдарламасы арқылы Австралияның Гриффит университетінде оқып жүрген Сағынай Батырханованың азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапқаны хабарланды. Аталған хабар шетелде жүрген қазақ қыздарының өзге ұлттың өкілімен отасуының дұрыс еместігін меңзейтін жазбалардың пайда болуына түрткі болды. Read the full story »
Редактордан: Алдағы жазбамызда уәеде бергенімде “Болашақтан” өзге жолмен шетелді білум алуға қатысты қосымша ақпараттармен таныстырмақпын. Жапонияда MEXT грантымен білім алып жүрген Жанна біздің сауалдарға жауап берді. Жапониядағы қазақ студентінің күндері қалай өткіп жатқанымен танысамын десеңіз Жаннаның блогын қарап шықсаңыздар болады.
Read the full story »
Қазақстанның көпвекторлы саясаты шетелде білім алуға мол мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің барлық елдерінің жастарында мұндай мүмкіндік жоқ екенін ескерсек, еліміздегі қазіргі тұрақтылық пен 20 жыл ішіндегі саясаттың беріп отырған осынау мүмкіндігін пайдаланып жатқандар жетерлік. Read the full story »
2008 жылы қазақтың бүлдіршіндері батыстағы құрдастарынан ақылды екенін хабарлаған едік. Ол кездері оқушылардың математикалық бейімі талданған болатын. 2009 жылы Еуропаның экономика және даму ұйымының Оқушыларды халықаралық бағалау бағдарламасы (OECD Programme for International Student Assessment (PISA) күніне қолына кітап, газет немесе журнал алып оқитын жасөспірімдер арасында зерттеу жүргізді. The Telegraph басылымының хабарлауынша 65 елдің ішіндегі зерттеуге қазақтың жасөспірімдері де қатысқан. Әрі қызық қылғанда еуропадағы құрдастарына қарағанда “оқымысты” болып шықты. Read the full story »
Қазақ ұлтының саны өскен сайын ақпарат құралдары Қазақстанда аса нәзік саналатын ұлттық реңкі басым тақырыптарды қаузауды әдетке айналдыратын сөзсіз. Қазақ қоғамында болып жатқан құбылыстарды шетелдің ақпарат құралдарына насихаттаушылар әдетте мемлекет арасында дұрыс түсініктің қалыптасуына түрткі болуы маңызды. Алайда кейбір ақпарат құралдары керісінше бүйректен сирақ шығарып, мәселені өздері қалаған бейнеде көрсетуге тырысатындары ойландырады.
Read the full story »
Қазақстанда қазір ислам діні мен қазақтың дәстүрі тақырыбындағы пікірталастар өршіп тұр. Әсіресе, еліміздің батыс өңірінен келіп жатқан суыт хабарлар шынымен де денеңді түршітеді. Ақтөбеде тұрып жатқан америкалық танысым: “Батыс баспасөзі қит етсе, барлығын террорға телуге дайын тұрады” деп налығаны бар еді.
Мәселен, Ақтөбеде жарылыс болып, оның қандай да бір діни астары бар-жоғы белгісіз болып тұрғанның өзінде батыс баспасөзі Ақтөбеден 600 шақырымда орналасқан Астана мешітінің суретін көрсеткені несі деп, аң-таң болады.
Қазақстанда жалпы бұқара арасында әлі де болса, ислам дінін түсінудің көпшілік мойындай қойған үлгісі берік орын алмай отыр. Десе де жаңадан құрылып жатқан Дін істері жөніндегі комитет бұл істе үлкен тер төгетін тәрізді.
Төмендегі видео батыс әлемінде TED деген жобамен танылған, адамдардың еркін ой-пікір, ғылыми жаңалықтары мен тұжырымдарын бөлісуге арналған алаңнан алынды. Бұған дейін TED видеоларының қазақша аударылғанын байқамаппын. Бұл видеода ислам дініндегі дәстүр мен оның қазіргі замандағы көрінісі сөз болады.
TED



соңғы пікірлер